Басты бет

«WorldSkills Russia қозғалысы чемпионаты негізінде кадрларды даярлау жүйесінің мазмұнды өзгерісі» атты дискуссиялық алаң жұмысына қатысу PDF Print Email

27 қарашада Павлодар технологиялық колледжінің оқытушылары Ж.Ж. Рысбаева мен М.К. Матанова Омбы аймақтық көпсалалы колледжіне барды, онда Омбы облысының «Жас мамандары» IV Ашық аймақтық чемпионатының (Worldskills) Іскерлік бағдарламасы шеңберінде «WorldSkills Russia қозғалысы чемпионаты негізінде кадрларды даярлау жүйесінің мазмұнды өзгерісі» атты дискуссиялық алаң жұмысына қатысты.

Оқытушылар «Павлодар технологиялық колледжі тәжірибесі негізінде Worldskills чемпионаты шеңберінде мамандарды даярлау» тақырыбында баяндамамен сөз сөйледі.

Сапар барысында Омбы қаласының сауда-экономикалық колледжіне барды, онда «Кәсіпкерлік», «1С-Кәсіпкерлік-В платформасындағы ІТ-шешімдер» құзыреттері бойынша Worldskills чемпионаты өтіп жатты.  

Іс-шара соңында Павлодар технологиялық колледжі және Омбы аймақтық көпсалалы колледж арасындағы ынтымақтастық туралы келісім жасалды.

 

74670595_943121176062968_8473149035777094768_n.jpg

 
© 2008 Павлодарский технологический колледж