Басты бет

WorldSkills стандарттары бойынша көрсетілімдік емтихан PDF Print Email

24 ақпанда Технологиялық колледжде «Тамақтандыру кәсіпорындары өнімдерін технологиясы және оны ұйымдастыру» мамандығы бойынша қорытынды мемлекеттік аттестаттау аясында WorldSkills стандарттары бойынша көрсетілімдік емтиханы өтіп жатыр. WorldSkills стандарттары бойынша көрсетілімдік емтихан бітірушілердің белгілі бір салада кәсіптік қызметті жүргізуге және нақты кәсіптер бойынша жұмысты орындауға мүмкіндік беретін білім, икемділік, тәжірибелік дағдылардың деңгейін анықтау мақсатында жүргізілуде.

84316183_201277770964567_2746341867052605141_n.jpg

 

WorldSkills стандарттары бойынша көрсетілімдік емтихан бітірушілердің кәсіби икемділіктері мен дағдыларын көрсету үшін нақты өндірістік жағдайларды моделдеуді, көрсетілімдік емтихан тапсырмаларын орындаудың тәуелсіз бағасын, соның ішінде кәсіпорын өкілдерінен тұратын сарапшылармен бағалануын, сонымен қатар халықаралық талаптарға сәйкес бітірушілердің білім, икемділік және дағдыларының деңгейін анықтауды қарастырады.

Емтиханға «Зимняя вишня» кафесінің директоры – Н.С. Шарипова, «Дастархан» мейрамханасының өндіріс меңгерушісі -  Ж.Ж. Кадырова, «Вкусные истории» кафесінің әкімшісі – М.К. Мухантаева қатысты. Жұмыс берушілер қорытынды аттестаттау үлгісі ретінде WorldSkills стандарттары бойынша көрсетілімдік емтиханын енгізу бүгінгі күні қажет және өзекті екендігін атап өтті.

 
© 2008 Павлодарский технологический колледж