Басты бет

«Үш тұғырлы тіл –жарқын болашақтың кепілі» атты әдеби кеш PDF Print Email

2021 жылғы наурыздың 9 күні Павлодар технологиялық колледжінде «Үш тұғырлы тіл –жарқын болашақтың кепілі» атты әдеби кеш өткізілді.
Іс - шара барысында қазақ тілі оқытушысы Сейткалиева М.С.колледж ұжымын апталық жоспарымен таныстырып, апталық барысында белсенділік танытуға шақырды.

89ккаа.jpg


Бұл іс –шараның мақсаты: Оқушыларды өз ана тiлін қастерлеуге, өзге тiлді білуге, үйренуге деген қызығушылығын арттыру. Оқушылардың қазақ, ағылшын және орыс тілінде сөйлеу дағдысы мен ойлау қабілетін дамыту. Өз тілін құрметтеп, өзге тілді білетін еліміздің бiлімді де, жан-жақты патриот азаматын тәрбиелеу.
Әдеби кешке І курс оқушылары ат салысты. Кеште М.Шахановтың «Төрт Ана», М.Әлімбаевтың «Ана тілі», С.Торайғыровтың «Ана тілі», М.Жұмабаев «Қазақ тілі» атты өлеңдерін жатқа оқыды.
Келесі бөлім «Тапқыр достар» деп аталады. Бұл бөлімде орыс және ағылшын тілінде сұрақтар қойылды. Сұраққа ұтқырлылық танытып жауап берілді.
Келесі бөлімде қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде мақал-мәтелдер беріліп, мақалдың жалғасын тауып, үш тілде айтылды. «ҚАЗАҚСТАН» сөзі берілді. Осы сөзден 1 минут ішінде бірнеше сөз құрау керек болды.
Әдеби сазды кешке ұйымдастырылған викториналық сұрақтар мен тапсырмаларды орындап, оқушылардың жауаптары бағаланып, мемлекеттік тілге, көп тілді қабілеттілікке деген құлшыныстары мен қызығушылықтарын арттыру мақсатында марапаттау мен ынталадыру ұсынылды.

 
© 2008 Павлодарский технологический колледж