Басты бет

"ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК-2021" ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫ PDF Print Email


2021 жылғы 30 наурызда "Өрлеу БАҰО" АҚ филиалының Павлодар облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында "Педагогикалық шеберлік-2021"облыстық конкурсының жобаларын онлайн (ZOOM платформасы арқылы) қорғау өтті. Конкурс шығармашылық бастаманы дамытуға, білім беру ұйымдарында педагогтардың жұмыс тәжірибесін таратуға, инновациялық әзірлемелер мен жобаларды қолдауға, конкурсқа қатысушылардың Павлодар облысының білім беру жүйесін дамытуға қосқан үлесін көпшілік алдында тануға бағытталған. Байқау қорытындысы бойынша колледж оқытушылары жүлделі орындарға ие болды. "Авторлық әзірлеме" номинациясы бойынша: 1 орын - Р.А. Хисматулин, 3 орын - Т.С. Ахметова, "Инновациялық жоба" номинациясы бойынша: 3 орын - М.А. Махаев. Біздің жүлдегерлерді құттықтаймыз!

 

.png

WhatsApp_Image_2021-04-01_at_09.35.20.jpeg

 
© 2008 Павлодарский технологический колледж