Басты бет

Повар PDF Print Email

Аспаз мамандығы өздігінше ерекше мамандық. Дегенмен, кейбір адамдар оны аспаздық өнерде күрделі ештеңе жоқ: жай ғана ингредиенттерді қосып, ал пештің өзі тағамды кемеліне әкеледі деп санайды. Сондай-ақ қазіргі уақытта кім тағам әзірлеуді білмейді? Кез-келген адам аспаз болып жұмыс істей алады! Алайда, олай емес. Бұл істе бастысы - дарын, дәм сезімі, қиял.

Бір жағынан, бұл мамандық асқан дәлдікті, екінші жағынан - өзгеше рецепт немесе тағамның керемет безендірілуі үшін шығармашылық қабілеттің болуын талап етеді. Иіс сезімі мен нәзік дәм түйсігі аспазға мансабында биіктерге жетуге көмектеседі. Сондай-ақ, жақсы аспаз мұқият, ұқыпты, ұйымшыл, есте сақтау қабілеті жақсы болуы керек.

 
© 2008 Павлодарский технологический колледж