Басты бет

Іздеу

 

Сенім телефондары

150

сенім телефоны арқылы өмірдің қиын жағдайына тап болған балаларға құқықтық, психологиялық және консультативтік қызметі көрсетіледі.

 

11616

Зорлық-зомбылық және қатыгез фактілері (тұрмыстық зорлық-зомбылық, еңбектік және сексуальды қанау) анықталған жағдайларда қалалық және ұялы телефондардан «11616» республикалық сенім телефона хабарласуға болады.

 

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін619
mod_vvisit_counterКеше5194
mod_vvisit_counterОсы аптада19903
mod_vvisit_counterОсы айда107835
mod_vvisit_counterБарлық уақытта7653757

We have: guests online
Сіздің IP: 44.192.132.66
Бүгін: 29 March 2024
PDF Print Email
Written by   
Thursday, 14 October 2021 15:51

Техник-технолог - бұл аспаздық және кондитерлік өнімдерді әзірлеу, өндіру, сату және сапасын бақылау, тұтынушыларға қызмет көрсету және тамақтандыру кәсіпорындарында технолог ретінде қызмет көрсету бойынша маман.

Технологтың қызметі тамақтану саласындағы жұмыс болып табылады және қажетті құжаттаманы ресімдеу мен материалдық құндылықтарды, жабдықтарды, шикізатты, дайын өнімді есепке алу, сондай-ақ жаңа тағамдар рецепттері мен технологиялық карталарды жасау саласындағы міндеттер шеңберін қамтиды.

Технолог өнімнің сапасын анықтайды, дайын тағамдарды алу үшін олардың санын есептейді. Мәзір жасайды. Аспаздар арасында міндеттерді бөледі және олардың жұмысын бақылайды. Жабдықтың жарамдылығы мен дайын тағамдардың сапасына жауап береді. Өнім өндірудің прогрессивті технологиялық процестерін енгізуге және халыққа қызмет көрсетуді ұйымдастыруды жетілдіруге жәрдемдеседі. Тамақтану қызметтерінің сапасын арттыруды қамтамасыз ету бойынша бағдарламалар әзірлейді. Тиісті нормативтік құжаттарды ресімдей отырып, тағамдарға, кондитерлік және аспаздық өнімдерге жаңа рецептураларды әзірлеуді және бекітуді жүзеге асырады. Шикізаттың жаңа түрлерін енгізу және ассортиментін кеңейту бойынша ұсыныстар дайындайды. Тамақ дайындау технологиясының сапасы мен сақталуына жедел бақылауды жүзеге асырады. Нарықтық экономика талаптарын ескере отырып, өндірістік кадрларды даярлауға, қайта даярлауға және біліктілігін арттыруға қатысады. Тамақтану технологының жұмысы тамақ дайындау процесінде бірінші болып табылады және тамақтанудағы тағамның сапасын, оның қауіпсіздігі мен дәмін анықтайды. Технолог тамақ өнімдерін өндіру технологиясын, тағамдардың рецептурасын, азық-түліктерді салуды, тамақ дайындаудың қауіпсіздік техникасын біле отырып, шикізаттың жоғары сапалы өнімге айналуына ықпал етеді. Оның бастапқы өнімдердің сапасын анықтаудағы адалдығына, оларды салудың толық нормаларын сақтауына дайындалған тағамның сапасы және тиісінше, мейрамхананың немесе асхананың беделі байланысты.

Last Updated on Friday, 03 February 2023 14:11
 
© 2008 Павлодарский технологический колледж