Басты бет

«Жас маман» Құзыреттілік орталығына «Talap» КЕАҚ Жобалар және әлеуметтік серіктестік басқармасының бастығы Н.Д. Жанайдаров келді PDF Print Email

2021 жылғы 13 қазанда «Жас маман» жобасын іске асыру аясында «Павлодар технологиялық колледжі» ШЖҚ КМК базасында құрылған Құзыреттілік орталығына «Talap» КЕАҚ Жобалар және әлеуметтік серіктестік басқармасының бастығы Н.Д. Жанайдаров келді.

photo_2021-10-13_14-38-10.jpg

Сапар барысында Н.Д. Жанайдаров Құзыреттілік орталығының жұмысымен, атап айтқанда «Жас маман» жобасы аясында сатып алынған жабдықтарды тиімді пайдалану; оқу орнын стратегиялық дамыту жоспарын белсендендіру; халықаралық талаптарды ескере отырып әзірленген «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығы бойынша білім беру бағарламаларын енгізу; «Жас маман» жобасы аясында педагогтар мен басшылардың біліктілікті арттыру курстарынан өтуімен танысты.

photo_2021-10-13_14-38-13.jpg

Құзыреттілік орталығы базасында жаттығу лагері ашылған, оның негізгі міндеті «Аспаз ісі», «Наубайхана шеберлігі», «Мейрамханалық сервис» құзыреттіліктері бойынша Worldskills чемпионаттарына қатысушыларды дайындау болып табылады. Құзыреттілік орталығының жұмысы Worldskills талаптары бойынша демонстрациялық емтихан регламентін әзірлеуге және оны өткізуге, арнайы пәндер оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлері үшін шеберлік-класстарын өткізуге, бизнес өкілдері үшін заманауи жабдықтарда шеберлік-класстарды өткізуге бағытталған.

photo_2021-10-13_14-38-19.jpg

 

Құзыреттілік орталығына сапар кезінде колледждің әлеуметтік серіктестері – «Крендель» ЖШС тамақтану желісінің директоры М.В. Амельченко, «Зимняя вишня» кафесінің директоры Н.С. Шарипова қатысты, олар кәсіби құзыреттіліктің кең спектріне ие жоғары білікті мамандарды даярлау үшін осындай алаңдардың маңыздылығы мен қажеттілігі туралы өз пікірлерін білдірді.

Құзыреттілік орталығының зертханасында П-021 тобының студенттері түрлі тағамдарды, нан-тоқаш өнімдерін дайындауда, жұмсақ ірімшіктер мен балмұздақ өндіруде жабдықтарды қолданудың тәжірибелік дағдыларын көрсетті.

Сапар қорытындысы бойынша «Жас Маман» құзыреттілік орталығын одан әрі дамыту үшін мақсаттар мен міндеттер қойылды.

 

 

Бейневидеоларға сілтеме:

 

https://www.instagram.com/tv/CU9gKW1lqPM/?utm_source=ig_web_copy_link

 

https://www.instagram.com/tv/CU9gz7llgW2/?utm_source=ig_web_copy_link

 

https://www.instagram.com/tv/CU9hYPrlF22/?utm_source=ig_web_copy_link

 

https://www.instagram.com/tv/CU9h0qnFxst/?utm_source=ig_web_copy_link

 

https://www.instagram.com/tv/CU9iI2TleT7/?utm_source=ig_web_copy_link

 

https://www.instagram.com/tv/CU9iqtSFiH9/?utm_source=ig_web_copy_link

 

 
© 2008 Павлодарский технологический колледж