Экструдерді баптау |
![]() |
![]() |
![]() |
Жұмыс сипаттамасы: Біліктілігі анағұрлым жоғары экструдер жүргізушісінің басшылығымен ППО-10, ППО-11, ППО-16, ППО-27 типті күрделілігі орташа профильдерді немесе пленкалы құбырларды, полихлорвинилді, полистиролды, полиэтиленді және басқа қоспалардан жасалған жасанды жіптер мен қыл жасау технологиялық процесін жүргізу. Экструдерді баптау. Композицияны дайындау. Экструзия процесінің технологиялық параметрлерін реттеу. Сода немесе тальк дайындау және экструзия процесінде пленканы опалау. Сода немесе талькті дайындау жабдығына қызмет көрсету. Орау барабандарын, штангаларды ауыстыру. Бұйымдардың жекелеген геометриялық өлшемдерін бақылау. Дайындалған бұйымдарды белгіленген орынға тасымалдау. Өлшеу. Этикеткаларды безендіру. Экструдер механизмдерін тазалау және майлау. Технологиялық журналға жазбалар жүргізу.
Білуге тиіс: экструзия процесінің технологиясы және оны реттеу ережесін; жабдықтың құрылысы және жұмыс істеу принципін; бақылау-өлшеу аспаптарын, өлшеу құралдарын пайдалану ережесін; опалау ережесін; күрделілігі орташа бейіндердің сапасына қойылатын талаптарды білу.
|