Басты бет

№35 ЖОБМ базасында «Мамандығым – болашақ» Ашық есік күні PDF Print Email

2022 жылдың 2 наурызында Павлодар қаласының №35 ЖОБМ базасында «Мамандығым – болашақ» Ашық есік күні апталығының 3 күні өтті.
Павлодар технологиялық колледжінің түлегі Бекболат Айдаров пен 3-курс студенті Сұңғат Жарқынбекұлы мектеп түлектерінің алдында колледж туралы ақпарат ұсынды.
Өз сөзінде олар колледж оқытатын мамандықтар туралы; еңбек нарығындағы сұраныс және біздің түлектеріміздің жұмысқа орналасуы туралы; колледж ынтымақтастық орнатқан әлеуметтік серіктестер, кәсіпорындар туралы (тәжірибеден өту, табыс табу, сондай-ақ әрі қарай қаланың жетекші кәсіпорындарында жұмысқа орналасу мүмкіндігі туралы); білім алушыларды әлеуметтік қолдау (шәкіртақы, тегін жол жүру ақысы туралы, ыстық тамақпен қамтамасыз ету және жатақхана) туралы; шеберханалардың материалдық жабдықталуы, білікті педагогикалық кадрлар мен талапкерлерді оқуға қабылдау ережелері туралы айтты.464укауууачааап.jpg

 
© 2008 Павлодарский технологический колледж