Басты бет

Технологиялық колледжге Норвегиялық делегацияның келуі PDF Print Email

 

Технологиялық колледжге Норвегиялық делегацияның келуі

Павлодар облысы мен Рогланд(Норвегия) округінің курстық және кәсіптік дайындық орталығымен ынтымақтастық жөнінде 2009ж. 7 наурыздағы меморандумға сәйкес 2010 жылы колледж базасында халықаралық ынтымақтастық құрылды.

Орталықтың құрылу мақсаты техникалық және кәсіптік  білім  беру оқу орындарында мамандарды даярлау процесін жетілдіру. 14.04.2010жылдан бастап 17.04.2010 жылға дейін Павлодар облысына Норвегия делегациясы келді. Делегация құрамында жобаның директоры – Хелль Ховард Сэварайд және аудармашы – Алиева гүлжан. Келу мақсаты жоспарлау процесіне көмек көрсету және Павлодар облысында аймақтық білімберуді дамыту, техникалық және кәсіптік білім берудің оқу орындарының базасында мамандарды даярлаудың Норвегиялық білім беруді енгізудің экспериментальдық алаңын  дайындау. 14не 15 сәуірге дейін технологиялық колледжде Қазақстандық Норыегиялық жобалауды іске асыру  бойынша семинар өтті. Семинарға келесі оқу орындары қатысты:

1. Павлодар технологиялық колледжі

2. Павлодар политехникалық колледжі

3. Павлодар көлік және коммуникациялар көлледжі

4. Бизнес колледжі

5. Ж.Мұса атындағы Ақсу колледжі

6. №7 кәсіптік лицей

7. №5 кәсіптік лицей

8. №19 кәсіптік лицей

9. №31 кәсіптік лицей

Хель Ховард Сэварайд  жобаның директоры жетекшілерді Норвегиялық білім беру жүйесімен таныстырды, РКК әрекетінің құрылымын презентациялады. Сминарда қатысушылар келесі мамандықтар: Тамақтандыру кәсіпорындары өнімдерінің технологиясы және өндірісті ұйымдастыру «Тамақтануды ұйымдастыру» , «Ақпараттық жүйелер», «Қара металургия», «Металургия». Талқылау барысында шешімге келді, яғни қазақстандық-норвегиялық ынтымақтастықтың келешегі зор. Осындай ынтымақтастық оқу бағдарламаларын, мемлекеттік стандарттарды жетілдіруге септігін тигізеді.

 

 
© 2008 Павлодарский технологический колледж