Басты бет

Шығармашылық шеберхана өтті PDF Print Email
2011 жылғы 21 қаңтарда Павлодар мемлекеттік технологиялық колледжінің базасында колледждер мен кәсіптік лицейдің кәсіби қазақ тілінің мұғалімдеріне арналған облыстық қайта даярлау курстары шеңберінде дәріс күні өтті.Курстың негізгі міндеті – қазақ тілін оқыту тиімділігін жаңа технологиялар арқылы арттырудың мәнін анықтап, айқындайтын болғандықтан, колледждің қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің оқытушысы Мира Саттарқызы Сейтқалиева кәсіби қазақ тілінен «Түркістан» тақырыбын зерделеу мақсатында интербелсенді тақтасын қолдана отыра шеберлік сыныбын көрсетті. Сонымен қатар кәсіби қазақ тілін оқыту коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастыру мақсатында дидактикалық материал дайындауды көздейді. Осы тақырыпта оқытушы Раушан Қайыржанқызы Абисаликова кәсіби қазақ тілі пәні бойынша өзіндік әзірлемелерімен әдістемелік оқу құралдарынан көрме ұйымдастырып, шығармашылық шеберханасын көрсетті.
 
© 2008 Павлодарский технологический колледж