Басты бет

Әдістемелік қоржыны PDF Print Email

Сынып жетекшісінің тәрбие жұмысы бірыңғай ұйымдастырушалық және педагогикалық міндеттерді шешуді қарастырады. Ол оқушының жан-жақты нәтижелі дамуын, саған сәйкес тәрбие міндеттерін шешудің формалары мен тәсілдерін таңдап және жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Ол негізінен 3 бағытта жүзеге асады.

1.     Оқушыға тікелей ықпал жасау:

·       Оның дара даму ерекшелігін, қызығушылығын,қоршаған ортасын танып білу;

·       Тәрбие ықпалын алдын ала болжау, жобалау;

·       Жеке дара және ұжымдық жұмыста тәрбие формалары мен тәсілдерін жүзеге асыру;

·       Тәрбие ықпалының нәтижесіне талдау жүргізу.

 

2.     Тәрбиелеу ортасына жағдай тудыру

Оқушылар ұжымын қалыптастыру;

1.  Онда жағымды көңіл-күйді қалыптастыру;

2.  Оқушыларды әлеуметтік әрекетке қатыстыру;

3.  Оқушылардың өзін-өзі басқаруын дамыту. 

      

3.     Баланың әлеуметтік қатынасына ықпал ететін әр түрлі субьектілерге көмектесу, бақылау жасау:

•        отбасына әлеуметтік қолдау көрсету;

•        мұғалімдер ұжымының өзара педагогикалық әрекетіне қолдау көрсету ; 

•        бұқаралық ақпарат құралдарының балаға ықпалын бақылау;

•        мектептен тыс тәрбие мекемелерімен өзара бірлескен іс- қимыл жасау.  

 

Сынып жетекшісінің тәрбие жұмысының мақсатын анықтауы

Педагогика ғылымында тәрбие жұмысының мақсатын анықтау негізгі мәселенің бірі.Себебі, қандайда болмасын әрекеттің түрі, мақсатқа сәйкес туындайды. Мақсат болмаса,әрекет те болмайды.

  Сынып жетекшісінің оқушыларды танып білу жолдары

Бүгінгі ақиқат өмірдегі қарқынды реформалау жағдайы мектеп мұғалімдерінің оқушының жеке тұлғасы мен оқушылар ұжымының ерекшеліктерін зерттеудің, саның негізінде тәрбие процесінің нәтижесін, тиімділігін арттырудың ғылыми- педагогикалық және психологиялық әдістемесін танып білуге  біршама қызығушылығын тудырып отыр. Оның себебі, біріншіден, жаңа жағдайға сай балалар мен ата-аналардың көзқарастарының өзгеруі , біздің елдегі және әлемдегі болып жатқан қарқынды даму жағдайды, қоғамның құндылық бағдарының жаңа сипатқа ие болуы, соған сәйкес мектептегі оқу және тәрбие жұмыстарының стратегиясы және тактикасының мазмұнының жаңаруы, жастардың мінез-құлқы мен әрекеттерінде кейбір келеңсіз құбылыстың пайда болуы әсер етуде. Мұндай жағдай балалардың дамуы мен тәрбиесін қазіргі ақиқат өмірмен байланыстыра қарастыруды міндеттейді.

Екіншіден, қоғамның бүгінгі жаңа сипатқа ие болу жағдайында өмір сүріп жатқан балалар өзгеше бір күй кешуде.Ол, бір жағдайда үлкенднр алдында өздерінің тұйықтылығымен әсер қалдырса, яғни ата-аналары мен ұстаздары алданда бір, ал жеке немесе жолдастары ортасында басқа мінезде болып көрінуге тырысады.

Сондықтан, қазіргі мектеп мұғалімінің қоржынында оқушының жеке тұлғасы және оқушылар ұжымын зерттеудің жан-жақты бай ғылыми әдістемесі жинақталған.Олар: педагогикалық, социологиялық, этикалық т.с.с. болып келеді.

Сыныпты жаңадан қабылдап алғаннан кейін, оның жетекшісі  зерттеуді оқушылардың құжаттарымен танысудан бастайды.Оқушыларға жазылған мінездемелер, жылдық баға қорытындылары, сынып жиналыстарының хаттамалары, денсаулықтарына қатысты анықтамалармен толық танысып,өзінен бұрынғы жетекшілік еткен немесе бастауыш сынып мұғалімінен әрбір оқушы туралы толық мәлімет алады.

Оқушының жеке басын және сынып ұжымын танып білуге болады. Зерттеу жұмысын ұйымдастыруға байланысты қандай педагогикалық талаптар қалыптасқан:

1.     Зерттеуді бастамас бұрын, ең алдымен оның мақсатын анықтау.

2.     Зерттеу барысында оның жоспары құрылып, жүйелігін қамтамасыз ету.

3.     Зерттеуді оқушының өмірі мен түрлі әрекетінің табиғи жағдайында жүргізу.

4.     Зерттеу жұмыстарының барысында нысананың жариялығын болдырмау.

5.  Зерттеу жұмысын ұйымдастыру мен нәтижесінің объективтік жағдайларын қамтамасыз етуде әртүрлі тәсілдерді пайдалану.

6.     Зерттеу барысында оқушының жеке басының мінез-құлық ерекшеліктерін жан-жақты танып білуді қамтамасыз ету.

7.     Зерттеу барысында жазба және талдау жұмыстарын үнемі атқару.

8.    Зерттеу жұмыстарының нәтижесіне қорытынды жасау, оқушыларға психологиялық мінездеме жазуды әдетке айналдыру.

Зерттеу жұмыстары барысында аталған талаптардың орындалуын қадағалау, оны нәтижелі ұйымдастырудың басты шарты. Зерттеу жұмысы ұзақ және күрделі процесс. Мұндай жағдайда сынып жетекшілерінен педагогикалық- психологиялық білімдерді терең меңгеруді, зерттеу жұмыстарын шығармашылықпен ұйымдастыруды әрі олардан төзімділікті қажет етеді.

Сынып жетекшісінің тәрбие жоспары

Сынып жетекшісінің тәрбие жоспары- міндетті педагогикалық құжат. Жоспар оқушылар ұжымының қалыпты дамуына мақсатты және жүйелі түрде ықпал етеді, тәрбие міндеттерін дұрыс ұйымдастыруға мүмкіндік туғызады. Жоспар болмаған жағдайда тәрбие процесінде көп қиыншылықтар туады.

Жоспар- тәрбие жұмысының айнасы. Ол сынып жетекшісі мен оқушылар ұжымының бірлесе атқаратын жұмысын айқындайды. Сынып жетекшісінің тәрбие жоспарындағы оның мақсат- міндеттері және мазмұнымен танысу барысында, белгілі бір сыныптағы оқушылардың тәрбиелік деңгейінің сапасын, адамгершілік қасиеттерін, қызығушылығы мен жеке бастарының кемшілігін т.б. қасиеттерін байқауға болады. Ол үшін тәрбие жоспары объективтік тұрғыда сыныптағы оқушылардың нақтылы жағдайларын ескере отырып жасалуы тиіс. Сонда ғана мектеп оқушыларын тәрбиелеу қоғамның талабына сай нәтижелі жүргізіледі.

Мектептегі сынып жетекшісінің тәжірибесінде оқушылардың қабілеті мен қызығуын, жеке басының ерекшеліктері мен сұраныстарын ескермей, үстірт жасалатын жоспарлар көп кездеседі. Сандай-ақ тәрбие жоспарларын бір-бірінен көшіріп алатын немесе биылғы жоспарын келесі жылы қайта көшіріп қоя салатын сынып жетекшілер көптің қасы.

Тәрбие жоспары – сынып жетекшісінің шығармашылық зертханасы.

Олай дегеніміз, жоспар бір күннің немесе бір оқу жылының нәтижесі емес. Бала тәрбиесі қиын болса, оны қоғамның, жеке тұлғаның жеке тұлғаның талабымен ұштастыра құру – одан да қиын туғызады. Мұндай жағдайда сынып жетекшісінен ерінбей, талмай ұзақ мерзімде зерттеу жұмыстарын жүргізуді қажет етеді.

Жоспар жарты жылға немесе тоқсанға арнап жасалады. Тәжірибелі сынып жетекшісі тоқсандық жоспардан, айлық және апталық жоспар құрып алады. Бұлай жұмыс жасау жоспардың икемділігі мен тиімділігін арттырады.   

Тәрбие жоспарының үлгісі

1.   Сынып жайлы мәлімет: сынып, сынып белсенділері, балалардың тәртібі, денсаулығы, сабақ үлгерімі, қабілеттері, олардың ата-аналары, белгілі бір ұйымға қатысы, қоғамдық тапсырмасы, тұрғылықты мекен- жайы туралы қысқаша сипаттама беріледі.

2.   Өткен оқу жылына сай атқарылған тәрбиелік шаралардың нәтижесіне қысқаша талдау.

3.  Жаңа оқу жылына сай белгіленген тәрбие жұмысының мақсаты мен міндеттерін анықтау.

1.  Сынып ұжымын ұйымдастыру: (формасы- сынып сағаты), тақырыптық әңгімелер, саяси хабарлама, оқырмандар конференциясы, пікірталас, сұрақ-жауап кеші, олимпиада, көңілділер мен тапқырлар клубы, еңбекке қатысты істер, спорттық және мәдени шаралар, кездесулер, бұқаралық шаралар жатады.

2.  Бұл бағытта сыныпқа қатысты ұйымдастыру шаралары белгіленеді (Ұйымдастыру формасы- сынып жиналысы). Онда оқушылардың оқу, тәрбие және қоғамдық пайдалы істеріне қатысты  ұжымдық шараларды жоспарлау, оларды ұйымдастыру жұмыстары көрсетіледі. Оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымдарына қатысты сынып жиналысының тақырыбын, олардың күн тәртібін белгілейді, сынып жетекшісі  әр түрлі үйірмелер мен клубтар жұмысының  тақырыбын жоспарға кіргізе отыра: көмек көрсету, ақыл-кеңес беру оларға өзінің тікелей қатынасын көрсетеді.

3.   Сол сыныпта істейтін барлық пән мұғалімдері, пәндік үйірмелерінің жетекшілерімен байланыс орнатып, олардың жоспарлауында оқу- тәрбие жұмыстарына арналған бұқаралық шаралары белгіленіп, өзара жауапкершіліктері анықталады, өзара әректтері көрсетіледі.

4.    Отбасы мен жұртшылықпен жұмыс: оқушылардың ата-аналарымен байланыс орнату, ата-аналар лекториясының тақырыптарын белгілеу. Мектеп ата-аналар комитетінің жоспарынан: ата-аналар жиналысының тақырыбын, мерзімін, олардың отырыстарын , шараларды өзінің жоспарында көрсете отырып, олардың өзара байланысын қамтамасыз ету секілді жұмыстар белгіленеді.

5.   Жеке оқушымен жұмыс: бұл бөлімде сыныптағы кейбір оқушының сабақ үлгеріміне, тәртібіне қатысты, оның қабілетін шыңдауға сай жұмыстардың түрлері кіреді.            

Сынып жайлы мәлімет, өткен оқу жылында атқарылған тәрбие жұмыстарының нәтижесіне талдау, жаңа оқу жылына арналған сол сыныптағы тәрбие жұмыстарының міндеттері негізінде оқушылармен, ата-аналармен, қоғамдық ұйымдар, және пән мұғалімдерімен бірлесе атқаратын іс-әрекеттердің түрімен, әр тараптағы атқарылатын тәрбиелік шаралар мазмұны және формалары төмендегідей бөлімдерде көрсетіледі.  

 

Апта аралығын көрсету

Негізгі бөлімдер

Тәрбиелік шаралардың мазмұны

Формасы  мен  тәсілі

Мерзімі, уақыты 

Жауапты адамдар

Өтілгені туралы белгі

 

1.    Сынып ұжымын ұйымдастыру

           

2.    Оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымдары және балалардың бірлестіктері мен өзара әрекеттері

           

3.    Пән мұғалімдері және мектеп әкімшіліктерімен байланыс

           

4.    Отбасы және жұртшылықпен жұмыс

           

5.    Жеке оқушымен жұмыс

           

                       

 
© 2008 Павлодарский технологический колледж