Басты бет

Ата-аналарға арналған ақпарат PDF Print Email

 

 

 

ПАВЛОДАР ҚІІБ ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІ

ҚҰРМЕТТІ ТҰРҒЫНДАР!!!

Сіздің әкімшілік учаскеңізде қызмет көрсететін

ювеналдық ПОЛИЦИЯ ТОБЫНЫҢ ИНСПЕКТОРЫ

полиция лейтенанты

САПИН СҰНҒАТ СЕРІКҰЛЫ

Байланыс телефоны:

8700 124 71 02

102 (ұялы телефоннан қоңырау соғу тегін)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

Павлодар технологиялық колледжі

 

оқушыларының ішкі тәртіп

 

ережелері

 

 

 

 

 

І. Жалпы ережелер

 

1.1. Осы Ережелер «Павлодар технологиялық колледжі» КМҚК оқушыларының негізгі құқықтарын және міндеттерін анықтайды.

 

1.2. Техникалық және кәсіптік білім бойынша білім беру бағдарламасымен оқуға түскен,  белгіленген тәртіпте директордың бұйрығымен оқуға қабылданған тұлға колледж оқушысы болып есептеледі.

 

ІІ. Оқушылардың құқықтары және міндеттері

 

2.1. Оқушылардың құқықтары және міндеттері колледждің Жарғысымен және ішкі тәртіп Ережелерімен анықталады.

 

2.2. Колледж  оқушылары мемлекеттік жалпы білім беру стандарттарына сәйкес  білім алуға құқылы;

 

2.3. Колледж оқушыларына студенттік билет және үлгерім кітапшасы беріледі, колледжді бітіргеннен кейін олар оқу бөліміне тапсырылады;

 

2.4. Бюджеттік қаржы есебінен техникалық және кәсіптік білім алушы оқушылар белгіленген тәртіпте шәкіртақымен қамтамасыз етіледі.

 

2.5. Колледж оқушылары құқылы:

 

- колледж Жарғысымен белгіленген тәртіпте, кітапхана, оқу залы, ақпараттық қорлар, медициналық бөлімше қызметі, спорт залы,  мәдени-көпшілік шараларға арналған бөлмелерді тегін пайдалануға;

 

- белгіленген заң тәртібінде, шұғыл әскери қызметке шақырудан қалуға;

 

2.6. Колледж оқушылары міндетті:

 

- мамандығы бойынша теориялық білімді және тәжірибелік дағдыларды терең меңгеруге;

 

 - белгіленген мерзімде, оқу жоспары және бағдарламасымен қарастырылған тапсырмалардың барлық түрін орындауға;

 

 - «Ішкі тәртіп Ережесін» сақтауға, тәртіпті және ұйымшыл болуға;

 

 - сабақтарға қатысуға, сабақ басталғанға дейін 10 минут бұрын келуге;

 

 - сабақ уақытында студенттер оқытушы түсіндірмесін және сыныптастардың жауабын мұқият тыңдауға, сөйлеспеуге, басқа істермен айналыспауға, оқытушының барлық тапсырмаларын орындауға;  

 

- оқушы ауырғаны  немесе басқа себептермен сабаққа келмеген жағдайда бөлім меңгерушісіне және топ жетекшісіне хабарлауға және белгіленген нысанда емханалық дәрігердің немесе емдеу мекемесінен анықтама  әкелуге;

 

 -  оқытушы аудиторияға кіргенде оқушылар орынынан тұрып амандасуға;

 

-  сабақ уақытында тек оқытушының  рұқсатымен ғана аудиторияға кіруіне және шығуына;

 

- колледждің мүлкіне ұқыпты қарауға. Сабақ уақытында зертханаларда, кабинеттерде, шеберханаларда  жетекшілер көрсеткен құралдармен, аспаптармен  қолдануға, сонымен бірге қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтауға;

 

- үнемі жалпы мәдениетін  арттыруға, адамгершілік және  физикалық  тұрғыда жетілуге талпынуға;

 

- оқушының киім үлгісі  қатаң іскерлік үлгіде және санитарлық-гигиеналық нормаларға сай болуы тиіс;

 

- дене шынықтыру сабақтары және спорттық шаралардан басқа уақытта спорттық киім киюге тыйым салынады;

 

 - сыпайы, ұстамды, тәртіпті болуға, колледж аумағында және бөлмелерде тазалық және тәртіпті сақтауға;

 

- колледжде барлық оқытушылардың, қызметкерлердің және студенттердің абыройын сыйлауға;

 

 - колледж оқушылары мемлекеттік және әкімшілік, колледж әкімшілігі санкцияланбаған шараларға қатысуға құқығы жоқ (митинг, шеру, көтеріліс); - оқушы себепсіз сабақ босатқаны үшін:18 сағат – ескерту жасалады, 24 сағат – сөгіс жарияланады, 36 сағат – колледжден шығарылады.

 

2.7. Әр топта  үлгерімі жақсы және тәртіпті студенттер қатарынан староста тағайындалады.Староста топ жетекшінің басшылығымен жұмыс жасайды.

 

 - топ старостасының  міндетіне топта тәртіп сақтау, уақытында студенттерден оқулықтар мен оқу құралдарын алу және тарату, қоғамдық шараларды ұйымдастыруға және өткізуге топтың жетекшісіне көмек көрсету кіреді.

 

 -  топ старостасы күн сайын топта кезекшілік тағайындайды. Топ кезекшісіне тәртіпті қадағалау, мүлікті сақтау және санитарлық-гигиеналық тазалықты сақтау, сабаққа қажетті материалдарды және көрнекі құралдарды қамтамасыз ету, оларды сабақтан кейін кабинет меңгерушісіне немесе зертханашыға тапсыру міндеті жүктеледі.

 

 

2.8. Колледж оқушыларына тыйым салынады:

 

- сабақта сыртқы киіммен отыруға;

 

- колледжге сіріңке, тесуші және кесуші заттарды, газ баллондарын, қаруларды (соның ішінде газ, пневматикалық), ойын картасын әкелуге;

 

- колледж аумағында және ғимаратында шылым шегуге, ішімдікті әкелуге және қолдануға, әйнек алдында отыруға, колледж аумағын қоқыстандыруға, қабырғаға жазуға, колледж мүлкін бүлдіруге (жиhаз, оқу құралдары):

 

-  сабақ уақытында ұялы телефон және плеер қолдануға;

 

- колледжге және колледж аумағына бөтен адамдарды әкелуге;

 

- қарым-қатынасты шешуге физикалық күш қолдануға, дөрекілік жасауға, балағаттауға тыйым салынады.

 

 

ІІІ. Оқушыларды мадақтау және жазалау

 

3.1. Білім беру бағдарламалары, қоғамдық қызметті және басқа жұмысты табысты меңгергені үшін оқушыларға әр түрлі моральдік және материалдық  мақтау жасалады.

 

3.2. мақтаудың келесі түрлері колданады:

 

- мақтау қағазы, бағалы сыйлықтар және жүлделер;

 

- алғыс;

 

- оқушылардың ата-анасына алғыс хат.

 

3.3. Белгіленген уақытта, себепсіз, мамандық бойынша оқу жоспарын орындамағаны, колледж жарғысында қаралған оқушы міндеттерін орындамағаны, ішкі тәртіп ережесін бұзғаны үшін оқушыларға тәртіптік жаза қолданады:

 

- алдын ала ескерту ( оқытушымен, топ жетекшімен, әкімшілікпен жазбаша түрде  орындалады);

 

- ескерту (жазбаша түрде хабарланады);

 

- алдын ала ескертумен қатаң сөгіс (колледж Жарғысын қайта бұзған жағдайда оқу орнынан шығару).

 

 

 


 

 

Ата-аналармен жұмыс

"Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім жақындарына, туған-туысқандарына деген суйіспеншіліктен басталады"

Нұрсұлтан Назарбаев

 

         Отбасы - қоғамның маңызы буыны және өзінше бір кішігірім ұжым. Көп ұлт өкілдері мекен еткен мемлекетіміздің негізі осы шағын ужымдардан қаланады. Осы жағынан кез-келген отбасы өзің қоғамның бір бөлігі деп түсінеді.

            Бала - тәрбиесі мен дамуындағы басты рөл атқарушы отбасы.

Отбасы - салыстырмалы түрде тәрбиенің тұйық институты, ата-аналардың тәрбиелік күш қуаты мен мүмкіндігінің әр түрлі деңгейде болатын ескерту қажет. Сондықтан ата-аналармен жумыста мектеп түрлу амалдар мен әдістерді саралап қолдану керек.

 

Ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас элементтері

Атақты педогог және психолог Симон Соловейчик, баланы үлкендер өміріне дайындау жайлы ережелерді, ата-аналарға таныстыру:

• Біреудікін тартып алма, өзіңдікін берме;
• Ешбір себепсіз соғыспа;
• Ойнауға шақырса бар, шақырмаса ойнауға  рұқсат сұра, бұл ұят  емес;
• Әділ ойна, өз досыңды сатпа;
• Біреуді мазалама, сұрақты екі рет қайталама;
• Ескертулерге ренжіме, көкіректі бол.Ескертулер үшін мұғалімнен санаспа, ренжіме;
• Біреуге жала жаппа;
• Тазалақты болуға тырыс;
• Жиі айт: дос болайық, ойнайық, бірге үйге барайық;
• Есте сақта! Сен бәрінен жақсысын, ешкімнен кем емессің; Сен  ата-анаң үшін, өзің үшін, мұғалімдерің үшін, достарың үшін ең жақсысың.
Бұл ережелерде ата-аналар көрінетіндей етіп бала бөлмесіне ілсе, өте дұрыс. Мұғалімдер ережелердің іске асу, аспауын бақылауға алуы қажет.

Ата-аналарға көмек ретінде:

Талапты бала өсіргіңіз келсе:
• Баланың барлық сұрақтарына шыдамды әрі  шын  жауап    беру;
• Балаға жоспар құруға көмектесу;
• Балаға қызық жерлерді нұсқау;
• Балаға жұмысын жақсартуға көмек көрсету;
• Достарымен араласуға көмектесу, қолдау;
• Балаңа басқалардан жамансың деп айтпау;
• Көңіліне тиер сөздермен ұрыспау;
• Оны қызықтыратын кітаптар алып беру;
• Оған кітап оқып беру;
• Бала кезінен кітап оқуға үйрету;
• Қалауын түсіне білу;
• Баламен жеке араласуға уақыт табу;
• Қолынан келмеген нәрсеге ұрыспау;
• Үлкендермен еркін араласуға үйрету.

 

Скачать Закон Республики Казахстан от 8 августа 2002 года № 345-II О правах ребенка в Республике Казахстан

 

 
© 2008 Павлодарский технологический колледж