Басты бет

2012 жылдың 20 желтоқсанында әдістемелік семинар өткізілді PDF Print Email
2012 жылғы 20 желтоқсанда «Оқытудың модульдік – құзыреттілігіне арналған бағдарламаларды жобалау» атты  әдістемелік семинар өткізілді, оның келесі жоспары мынадай:
1. Оқытудың жекешелендірілген тәсілінің технологиясы
2. Құзыреттілікке негізделген, модульдік оқу бағдарламасын дайындау және оны енгізу
3. Оқытудың модульдік бағдарламасын әзірлеу әдістемесі .
Семинар барысында оқытушы Кабулова С.Ж. «Математика сабақтарында оқушылардың кілтті және пәндік құзыреттіліктерін қалыптастыру және дамыту» тақырыбы бойынша біліктілікті арттыру курстарының мазмұны жөнінде айтып өтті. ОЛ оқытудың жекешелендірілген технологиясы туралы сөз сөйледі, оқытушыларды осы әдістеме бойынша оқу-әдістемелік материалдарды дайындау кезінде мұғалім әрекеті қандай екендігіне тоқталды. Оқытушыларға есептеу парақтарын таратып берді.
Оқытушы Байсельдинова Б.Б. оқытушыларды оқытудың модульдік-құзыреттілік республикалық семинардың материалдарымен таныстырып өтті.
Әдіскер Қаптаева Н.С. оқытудың модульдік-құзыреттілігнің ерекшеліктеріне тоқталды, сол сияқты модульдік бағдарламалары бойынша әдістемелік ұсынымдар «Әдістемелік бюллетень» түрінде құрылды.
 
© 2008 Павлодарский технологический колледж