Басты бет

Орман және орман-бақ шаруашылығы PDF Print Email

"ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫ, БАҚША – САЯБАҚТЫҚ ЖӘНЕ ЛАНДШАФ ҚҰРЫЛЫСЫ"

Біліктілігі: техник – технолог

Техник – технолог білуі және істей білуі тиіс:

 

  • Қазақстан Республикасының Орман туралы Заңын, орман шаруашылығы бойынша нормативтік – құқықтық актілерді;
  • орманды өсіру және орманды пайдалану, техника мен технологияны орман шаруашылығы өндірісіне енгізу, орманды, кеспеағаш қорын және өсіп тұрған сүректі ұдайы ұлғайту;
  • нарықтық қатынастарда орман шаруашылығының негізгі қағидаларын
  • орман аурулары мен зиянкестерінің ошағының шекарасын дәлдеу және анықтау процесі, екпе ағаштарының санитарлық және орман патологиялық жағдайы, зиянкестілердің таралым жағдайына талдау жасау, зиянкестілердің таралымы, әрі қарай дамуын болжау;
  • жасыл екпе ағаштар жобасының процесі, саябақ, скверлерді көгалдандыру үшін тұқымдарды таңдау, жасыл екпе ағаштарын баптау, көгалдандыру жұмыстарын ұйымдастыруды басқару;
  • орманды қорғау және сақтау есептік құжаттамасын жүргізу, техникалық – экономикалық және өндірістік көрсеткіштерді есептеу;
  • ТҚ бойынша нұсқаулық жүргізу;
  • кеспеағашты бағалау және белгілеу жұмыстарының орындалу процестерін;
  • техникалық, есеп айырысу және есептік құжаттамасын жүргізу.

Кәсіби қызметінің объектісі болып есептеледі: орман шаруашылығын басқарудың мемлекеттік органдары; орман, балық және аң шаруашылығы; мемлекеттік орманшаруашылық кәсіпорындары, ғылыми – зерттеу объектілері, жобалау ұйымдары.

Кәсіби - қызмет түрлері: өндірістік – технологиялық жұмысы, өндірістік – басқару жұмысы.

Оқу мерзімі: 11 сынып негізінде – 2 жыл 6 ай

Оқу түрі: күндізгі, сырттай

 

 

 
© 2008 Павлодарский технологический колледж