Басты бет

Іздеу

Сенім телефондары

150

сенім телефоны арқылы өмірдің қиын жағдайына тап болған балаларға құқықтық, психологиялық және консультативтік қызметі көрсетіледі.

 

11616

Зорлық-зомбылық және қатыгез фактілері (тұрмыстық зорлық-зомбылық, еңбектік және сексуальды қанау) анықталған жағдайларда қалалық және ұялы телефондардан «11616» республикалық сенім телефона хабарласуға болады.

 

Ардагер ұстаздар! PDF Print E-mail

 

Рамиль Абдрахманұлы Хисматулин 

 

 

15458789245512

 

 

 

 

 

      Павлодар технологиялық колледжінің біліктілік санаты жоғары дене шынықтыру оқытушысы. ҚР спорт шебері (1997ж.); ҚР Президенттік көпсайысы бойынша Халықаралық класының шебері (1999ж.); полиатлоннан Әлем Чемпионы (1999ж.); Әлем кубогы кезеңінің жеңімпазы(1999ж.); Елдер ынтымақтастығы спартакиадасының жеңімпазы (2000ж.),Қысқы Президенттік көпсайыстың ҚР бірнеше дүркін чемпионы.

 

 

 

   1955 жылы 1 қаңтарда Новосибирск облысы, Карасук ауданы, Абылай селосында туған.

 

 

 

    1965 жылы отбасы Павлодар облысы, Калинин совхозына көшіп келеді.1972 жылы орта мектепті бітіріп, механизатор болып жұмыс істейді.1973 жылы Совет Армия қатарына шақырылып, әскери міндетін Қиыр Шығыста атқарады.

 

 

 

     1975 жылы әскерден кейін Павлодар педагогикалық институтына оқуға түсті. 1980 жылы институтты үздік бітіргеннен  соң, спорттың жеке түрлері кафедрасының оқытушысы жұмысы ұсынылып, онда 3 жыл қызмет жасайды.

 

 

 

       1983 жылы Павлодар есеп-экономикалық техникумына ауысады.

 

 

 

Рамиль Абдрахманович –үздік педагог, жаттықтырушы, тәлімгер, спортшылардың бірнеше буынын тәрбиеледі.Павлодар педагогика институтының студенттері өз тәжірибесін осы оқытушыдан өтеді.

 

 

 

 Ол әріптестерімен өз тәжірибесімен бөліседі, халықаралық,республикалық, облыстық конференцияларда баяндама жасап, дене шынықтыру мұғалімдеріне мастер-кластар өткізеді.

 

 

 

    20-дан астам әдістемелік ұсынымдар әзірледі, жұмыстары  «Вестник физкультуры» ғылыми-әдістемелік журналда жарияланды, «Спортшы шаңғышыларға арналған жаттығу құралы»(2010ж.) әзірлемесін шығаруға патент алды. Ұйымдастырушылық, еңбексүйгіштік, өз ісіне адалдығы, мәдениеттілігі Рамиль Абдрахманович өз ортасында нағыз ұстаз екенін дәлелдейді.Оның оқушыларын осы қасиеттері қызықтырып, көбі дене шынықтыру мұғалімі мамандығын таңдап, қазіргі кезде облыс және қаладағы білім беру мекемелерінде қызмет атқарады.

 

 

 

    Педагог еңбегі лайықты бағаланды: «ҚР спорт шебері»(1997ж) атағы бар, «Білім беру үздігі» (1999ж.), Халықаралық спорт шебері (1999ж.), «Павлодар қалалық мәслихатының Құрмет грамотасы»(2004ж.) , «Білім беру департаментінің Құрмет грамотасы»(2005ж.) , «ҚР білім берудің Құрметті қызметкері» (2007ж.), Туризм және спорт министірлігінің Құрмет грамотасы»(2007,2010,)  ««Дене шынықтыру және спорт Ұлттық Орталығының Алтын Белгісі» (2008ж.), «ҚР дене шынықтыру және спортты дамыту үшін»(2010ж.) медальімен марапатталған, ПМПИ Алғыс хаты (2012ж).

 

 

 

Валентина Петровна  Иманакова 

 

 

 

123.1255899

 

 

 

 

 

      Павлодар технологиялық колледжінің біліктілік санаты жоғары арнайы пәндер оқытушысы, педагогикалық еңбек ардагері.

 

      1956 жылғы 20 шілдеде Павлодар қаласында туды. Орта мектепті Краснокутск совхозында, орта мектепті Павлодар қаласының №24 мектебінде бітіріп, №15 техникалық училищеге түсті.Бітіргеннен соң №1 асханалар мен мейрамханалар трестіне жолдама алды.

 

   1978 жылы Семей тамақ өнеркәсібі политехникумына түсіп, «техник-технолог»  мамандығын иеленді.

 

    1982-1991 жылдары №15 кәсіптік училищеде өндірістік оқыту шебері болып жұмыс істеді.Қала, облыстағы педагогтарының кәсіби сайыстарында, кулинарлық және кондитерлік шеберлік көрмелерінде жүлделі орындар алды.

 

    1984-1990 жылдарда Кемеров технологиялық тамақ өнеркәсібі институтында оқып, «инженер-технолог»   мамандығына ие болды.    1991 жыл Павлодар агроөнеркәсіптік техникумына, кейін технологиялық колледжге өзгертілген,  арнайы пәндер оқытушысы лауазымына жұмысқа түсті.

 

      17 жыл бойы арнайы пәндердің циклдік әдістемелік комиссиясын басқарды.

 

«Тамақ тану кәсіпорындарында еңбекті қорғау(теория)» (2005ж.), «Тамақ тану кәсіпорындарында еңбекті қорғау(практика)» оқу құралдарының авторы (2007ж.),  «Тамақ дайындау технологиясы»  2010ж.электронды оқу құралы,   «Тамақ дайындау технологиясы»  2010ж.электронды  жаттығулар жиынтығы (2013ж.).

 

       Көп жылғы адал еңбегі үшін дипломдар мен алғыс хаттар (2012ж.) , білім беру департаментінің мақтау қағаздары(2006ж.) ,ҚР білім беру министрлігі(2009ж.), «Ақпаратты технологиялар Орталығы»  (2012ж.) .

 

 

 Галина Александровна Занько 

 

 

Туған күні мен жылы: 12.01.1945 

Ұлты: орыс

Педагогикалық өтілі: 29 жыл

Лауазымы бойынша жұмыс өтілі:   29 жыл

Осы білім беру ұйымындағы жұмыс өтілі: 19 жыл

Білімі: жоғары,  Свердловск халық шаруашылығы институты, 1975ж. қоғамдық тамақтандыру технологиясы және оны ұйымдастыру.     

     

      Занько Г.А. - “Қоғамдық тамақтанудың технологиясы және оны ұйымдастыру” мамандығының оқытушысы. Қоғамдық тамақтанудың технологы болып практикалық жұмыс өтілі 19 жыл.

       Галина Александровна - шығармашылықпен  жұмыс істейтін  мұғалім. Оқытудың қазіргі заманғы мақсат-міндеттерін білу оған сабақтың жоғары деңгейде білімдік, дамытушылық және тәрбиелік міндеттерін шешуге септігін  тигізеді.Оқытушының сабақатары, оның пәнді білуін, сабақтың ең оңтайлы  нұсқаларын таңдауды білуін көрсетеді. Ол оқытудың проблемалық іздену әдістерін  қолдана отыра, оқу материалының  мазмұнын мақсат көздей отыра таңдауды, оқытудың жоғары нәтижесіне жетіп отырады. Оның оқушылары сабақтарда, әкімшілік үзіктерде, сол сияқты мемлекеттік емтихандарды тапсыру кезінде әрқашан да жақсы білім көрсееді.

        Оқытушы жүйелі түрде  өзінің педагогикалық  шеберлігін  арттырумен жұмыс істейді. Кәсіпорында іс-тәжірибеден өтті өтті, өндірісті ұйымдастырудың  жаңа технологияларымен, ас даярлаумен, жаңашыл құрал-жабдықтармен  танысты.

        Жыл сайын онымен сабақтар,  сыныптан тыс  іс-шаралар, курстық жобаларды  ашық түрде  қорғау жоғары деңгейде өткізіп жүр.

       Өзінің көп жылғы тәжірибесіне сүйене отыра, оқытудың ең тиімді  әдіс-тәсілдерін іздестіруде, ол үнемі семинарлар, педагогикалық кеңестерде, ПШАМ хабарламаларымен сөз алады.

      Оның тәжірибесі колледжде  “Арнайы пәндер сабақтарында  танымдық белсенділікті дамыту” тақырыбы бойынша жалпыланды.

       Оқытушымен курстық жұмыстарды дайындау бойынша әдістемелік ұсынымдар әзірленген, “Процестер мен аппараттар”, “Өндірісті ұйымдастыру”, “Жабдықтар және автоматтандыру”, пәндерінен электронды таратушыларда көрнекі, дәріс және дидактикалық материал жинақталған, оларды жүйелендіруде жұмыс жасалған.

 

Нұржамал Саттарқызы Қаптаева 

 

065

 

      

Туған күні мен жылы: 10.12.1951  ұлты: қазақ

Педагогикалық өтілі: 34 жыл

Лауазымы бойынша жұмыс өтілі: 34 жыл

Осы білім беру ұйымындағы жұмыс өтілі: 5 жыл

Білімі: жоғары, Павлодар педагогикалық институты, 1973ж. Орыс тілі мен әдебиеті.

Наградалары, атақтары, ғылыми атақтары мен дәрежелері:  Аға мұғалім” атағы

              

 

               Қаптаева Н.С. – білімдік және әдістемелік деңгейі жоғары тәжірибелі оқытушы. 

 Оқытушы мен дәріс, тестілік, дидактикалық материалдары әзірленген, жыл сайын облыстық басылымдарда оның мақалалары басылып шығарылды.

Нұржамал Саттарқызы директордың ҒӘЖ жөніндегі орынбасары болып істеді. Оның басшылығымен әдестемілік жұмыс жүйесі қалыптасқан, үнемі оны өткізудің  нысандары жетілдірілген: шеберлік-сыныптары, шығармашылық топтар, топтық кеңес берулер, практикумдар, тренингтер, педагогикалық табыстардың фестивалдары, іскери ойындар, презентациялар, педагогикалық шеберліктің онкүндігі.

Мұғалімге көмек ретінде Қаптаева Н.С. «Кәсіби қазақ тілінің бағдарламасын әзірлеу бойынша әдістемелік ұсынымдар, «Мамандыққа кіріспе» пәнінен шамамен алынған бағдарламасы» дайындалған, тестілерді, оқу-әдістемелік оқу құралдарын әзірлеу бойынша ұсынымдар әзірленген.

        Қаптаева Н.С-ның басшылығымен оқушылардың ғылыми зерттеу жұмысы да жүргізілді. Жыл сайын колледжде оқушылардың ғылыми-тәжірибелік конференциялары өткізілді. 

Ол жаңа технологияларды меңгеруде үлкен жұмыс атқарды. 

Ол «Балалық шақтың досы» атты республикалық байқауға арналған материалдарды дайындау бойынша шығармашылық топқа жетекшілік етті. «Үздік колледж» атты номинацияда, оқу орны II орынға ие болды. Облыстық «Үздік Әдістемелік қызметі» байқауына материалдар дайындап, онда әдістемелік кабинеттің жұмысы мадақтамамен марапатталды.  

 

 

Әсия Минғалиқызы Мағафурова 

 

032

 

 

Туған күні мен жылы: 27.08.1952  ұлты: татар

Педагогикалық өтілі: 32 жыл

Лауазымы бойынша жұмыс өтілі: 32 жыл

Осы білім беру ұйымындағы жұмыс өтілі: 23 жыл 

Білімі: жоғары, Крупская атындағы Семей МУ, 1971; тарих және қоғамтану пәндерінің мұғалімі; тәрбие жұмысы бойынша әдіскер.

Наградалары, атақтары, ғылыми атақтары мен дәрежелері: ҚР Білім және ғылым министрлігінің,  Павлодар облысының Білім беру департаментінің мадақтамалары, облыстық БАИ дипломы.

 

 

Мағафурова Ә.М. – Жоғары білімділік және әдістемелік деңгейде шығармашылықпен жұмыс істеген оқытушы.  Сыни  тұрғыдан ойлау, ақпарттық технологиялар әдістемесі бойынша курстардан өтіп , өзінің алған білімдерін оқу-тәрбие үрдісінің тәжірибесінде  қолданып келеді.

     Жастар саясатының проблемаларын талқылау бойынша қала қоғамдастықтарын жұмылдырған “Дөңгелек стөлдер” өткізу дәстүрге айналды.Оқушылар құрамы санынан лекторлық топтар құрылды; волонтер қозғалысына да оқушылр жұмылдырылған.

      Әсия Минғалиқызы ғылыми –зерттеу жұмысымен де айналысты.Оның оқушылары үш жыл қатарымен  колледж ішіндегі ғылыми-тәжірибелік  конференцияларға, Сатпаев оқуларына қатысып отырды.

            Оқытушының тәжірибесі 2008-2009 оқу жылы, колледж шеңберінде жалпыланды. Осыған орай оқытушы шеберлік сыныптарын, ашық сбақтар, сыныптан тыс іс-шараларды өткізілді .Педагогикалық ұжым алдында “Сыныптан тыс жұмысының жүйесі ” атты тақырыпта тәжірибелік жалпылау бойынша сөз алды. Әсия Минғалиқызы өзінің іс-тәжірибесін баспаға да насихаттап жүрді. Оның мақалалары “Қазақстан тарихы ”, “Қазақстан кәсіпкері”, “Ұстаздар гәзеті” журналдарына  басылып шығарылды. Сонымен қатар Т.Е. Дайкеновты еске алу кешіне арналған БАИ өткен 1-ші облыстық педагогикалық оқуларға қатысып, “Oқытудың қазіргі заманғы ақпараттық технологиялары атты” баяндама жасады.

        

 

 

 

 
© 2008 Павлодарский технологический колледж