Басты бет

Жас ғалымдардың алғашқы қадамы PDF Print Email

 

 

      С.Торайғыров атындағы Павлодар Мемлекеттік университетінде жыл сайынғы Сәтбаев оқулары өтті. Конференция жұмысы 15 секция бойынша өткізілді. Оқуларға жақын шетел елдері және Қазақстан аймақтарының мектеп және колледж оқушылары, жоғары оқу орындарының студенттері қатысты.
   Павлодар технологиялық колледжінің бірінші, үшінші курс студенттері алты ғылыми жұмысты ұсынды. Конференцияның қорытындысы бойынша арнайы пәндер оқытушысы А.Қ.Булумбаев жетекшілігімен  орындалған барлық жұмыстар жүлделі орындарға ие болды.
    «Павлодар қаласында арықтарды орнату арқылы эко-көғаландыру» жұмысы үшін Жанна Жакибаева, «Халықаралық турістік қызмет нарығына енгізу үшін арналған Павлодар облысында фуникулер өнімін құрастыру» - Айнагүл Мекешева мен Дина Нурпиисова I дәрежелі; «Мейрамханалық сервис мектебі» - Ольга Воробьева, «Эко-көғаландыру өнімі ретінде аршаны өсіру арқылы қоршаған  ортаны сақтау және жақсарту» - Азиза Султаналиева – II дәрежілі; «Павлодар қаласы мұражайларының интерактивті кешенің құрастыру» - Алена Бутенко, «Аймақтық этноәдебиетті дамыту арқылы аз қамталған тұрғындарға әлеуметтік қолдау көрсету» - Алия Акимкулова III дәрежелі дипломдарымен марапатталды.
 
                                                пгу
 
© 2008 Павлодарский технологический колледж