Басты бет

Минск қаласында өткізілген халықаралық пәндік байқау PDF Print Email

 

      Павлодар технологиялық колледжінің оқытушылары пән бойынша оқушыларды танымдылықтың қосымша түріне баулу үшін барлық жағдай жасайды. Осындай түрдің бірі пәндік байқауларға қатысу болып табылады.

 

Павлодар технологиялық колледжінің бірінші және екінші курстың 83 студентті 2014 жылғы мамырдың 1-12 аралығында Беларусь Республикасының Минск қаласында ұйымдастырылған «Жаңа сабақ» халықаралық қашықты байқауына қатысты. Байқау 13 жалпы білім беретін пәндерден өткізілді. Колледж студенттері математика, орыс тілі, орыс әдебиеті, физика, ағылшын тілі, дүниежүзі тарихы, қоғамтану, информатика, химия, биология пәндерін таңдады.

 

39 студент жүлделі орын алды, оның ішінде I орынға 8 студен, II орынға – 13, III орынға 18 студент ие болды. Барлық оқушыларға байқауға қатысқандарын дәлелдейтін сертификаттар табыс етілді.

 

Байқаудың тапсырмалары шығармашылық сипатқа негізделіп, оқушылардың білім, біліктерін анықтауға бағытталған. Оқушылардың «Орыс әдебиеті» пәніне деген қызығушылықтары басым болды. Осы пәннен 20 студент қатысып, оның ішінде I орынға 3 оқушы, II орынға – 4, III орынға – 6 оқушы не болды.

 

Осы байқауға оқушыларды дайындауда 15 оқытушы өз үлестерін қосып, байқауды ұйымдастырып, өткізу барысында көмектері үшін Алғыс Хатпен марапатталды. Жүлдегерлерді дайындағаны үшін 7 оқытушыға куәлік табыс етілді. 

 

 32452536             324123452315

 

 
© 2008 Павлодарский технологический колледж