Basty bet

Серпін-2050 PDF Print E-mail

121245598 

 

 «СЕРПІН-2050»   Мәңгілік ел жастары – индустрияға!!! .

 

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан  Әбішұлы Назарбаев «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламасында жаhандық деңгейдегі дағдарыс кезінде елімізді әлеуметтік-экономикалық жаңғыртудың шешуші міндеттерін көрсетіп, өткен ғасырдың 60-жылдарынан кеңінен тараған тұтынушылық қоғам тұжырымдамасы орнына балама ретінде Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы идеясын ұсынды. Сонымен қатар «Елімізде жұмыс орындарын құрудамыз, жаңа өндірістер салудамыз. Сондықтан, жұмыс бар жерге бару керек» -деп көрсетті.

 

Мемлекет басшысының осы идеяларын негізге ала отырып Қазақстан Республикасы Үкіметі жастар мәселесіне арнап арнайы бағдарлама қабылдады. Бүгінгі «Мәңгілік Ел Жастары — индустрияға» Мемлекеттік бағдарламасы осы бір бастамаға үндеу қосып, барынша жастарға қолдау көрсету болып табылады.

 

Қазіргі таңда Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан облыстарында бүгінгі күні бала туу деңгейі жоғары, көшіп келушілер көп. Мұның барлығы жұмыссыздық мәселесін тудырады. Әлеуметтік нысандар,үй,мектеп, балабақша, жетпейді. Қанша адам оқу бітірсе де жұмыссыз жүр. Мектеп бітіргендер коллдеждерге оқуға түсе алмайды – себебі үміткерлер көп болғасын, орын жетіспейді. Еңбек күші артып тұрғасын – кадрлық сұраныс аз болады. Бұл- нарық экономикасының заңдылығы. Оқуды бұрын бітіргендер жұмыссыз жүргесін – грант та аз бөлінеді. Керісінше еліміздің кейбір өңірлерінде қадр тапшылығы өте өзекті болып тұр. Бүгінгі таңда  бұндай мәселе 7-8 облыста туындауда. Басты себебі – бала туу денгейінің төмендігі және сыртқа көшіп кету миграциясы. Сол өңірлердегі өндіріс орындары еңбек күші жетіспеушілігінен өз әлеуетін толық іске асыра алмай отыр.

 

 

«Серпін-2050»  әлеуметтік  жобасы  Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың  «Қазақстан-2050»  стратегиясында айқындалған  басымдықтарды  жүзеге асыруға бағытталған іс-шаралардың қатарына кіреді. Стратегияға сәйкес дамыған 30 елдің қатарына қосылу үшін білікті мамандар даярлау мәселесі өзекті  болмақ.  Осыған орай Қазақстан Республикасы Үкіметі жастар мәселесіне  арнап «Мәңгілік ел жастары-индустрияға!»  әлеуметтік  жобасын ұсынған  болатын.  Бұл жоба  «Серпін-2050» деп аталады.

 

Негізі бұл жобаның екі маңызды тұсы бар. Біріншісі - экономикалық. Қазіргі таңда еліміздің 9 өңірінде бала туу деңгейі төмен және сыртқы жаққа көшіп-қону басым болғандықтан, кадр тапшылығы сезіле бастады. Бұл мәселенің өзектілігі жылдан-жылға ушығып барады. Алдағы жылдарда индустриялы инновациялық бағдарлама аясында іске қосылатын өндірістерде жұмыс күшінің тапшылығы айырықша байқалады. «Серпін-2050» жобасы арқылы сол өңірлерге халық саны көп облыстардан жастарды әкеліп, жергілікті оқу орындарында қажет мамандықтар бойынша білім беріп, сол жерде жұмысқа қалдыру арқылы кадр мәселесін шешу. Екінші маңызы -әлеуметтік проблемаларды шешу. Бағдарлама мақсаты – студенттерге білім берумен қатар, осы жерге тұрақтандыру, жұмысқа орналастыру.

 

 

«Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламасында жаhандық деңгейдегі дағдарыс кезінде елімізді әлеуметтік-экономикалық жаңғыртудың шешуші міндеттерін көрсетіп, өткен ғасырдың 60-жылдарынан кеңінен тараған тұтынушылық қоғам тұжырымдамасы орнына балама ретінде Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы идеясын ұсынды. Сонымен қатар, «Елімізде жұмыс орындарын құрудамыз, жаңа өндірістер салудамыз. Сондықтан, жұмыс бар жерге бару керек» -деп көрсетті. Мемлекет басшысының осы идеяларын негізге ала отырып Қазақстан Республикасы Үкіметі жас­тар мәселесіне арнап арнайы бағдарлама қабылдады. Бүгінгі «Мәңгілік Ел Жастары – индустрияға» Мемлекеттік бағдарламасы осы бір бастамаға үндеу қосып, барынша жастарға қолдау көрсету болып табылады.

 

Қазақстан Республикасының Президенті, Елбасы Н.А.Назарбаевтың  Мәңгілік ел идеясының шеңберінде 2014 жылдан бері «Серпін- 2050: Мәңгілік ел жастары - индустрияға» атты әлеуметтік жоба  жұмыс жасайды.

 

«Серпін- 2050: Мәңгілік ел жастары - индустрияға» жобасының басты мақсаты еңбек ресурстарының мол артықшылығы орын алып отырған республиканың оңтүстік өңірінің (Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстары) жастарын еңбек ресурстарына сұраныс көп батыс және солтүстік аймақтарда білім алуға жағдай жасап, кейін сол жерлерде жұмысқа орналастыру мүмкіндігін жасау. «Серпін-2050» -  жарқын болашақ жобасы. Бұл оңтүстік өңірдің мыңдаған жас өрендеріне солтүстік, батыс, шығыс  Қазақстанның колледждері мен ЖОО-нда сапалы білім алуға мүмкіндік береді. Жоба бойынша білім гранттарына ие болған студенттерге жатақхана беріледі және  оқу орнын бітіргеннен кейін жұмысқа орналастыру қарастырылған.

 

2014 жылдан бастап  «Серпін-2050» жобасына жүзеге  асырушы  КжТБ беру оқу орны ретінде Павлодар технологиялық колледжі экология және табиғатты қорғау қызметі, тамақтандыру кәсіпорындары өнімдерінің технологиясы және өндірісті ұйымдастыру, сүт өнімдерінің өндірісі мамандықтары бойынша серпіндіктерді қабылдай бастады. 2014-2015 жылы  аталмыш жоба бойынша  колледжге 25, 2015-2016 оқу жылында 50, ал 2016-2017 оқу жылында 50, 2017-2018 оқу жылында 50, 2018-2019 оқу жылында 25 білім гранты бөлінді. Қазіргі таңда колледжде 88 студент «Серпін-2050»  әлеуметтік жобасы бойынша білім алып жатыр.

 

 Колледждің «Серпін-2050» бағдарламасының мақсаты мен міндеттері ең алдымен бәсекеге қабілетті мамандар даярлау,  жастарға қол жетімді сапалы білім беру. Осы мақсатта дуалды оқыту жүйесі білім беру үрдісіне енгізіле басталды. Дуалды оқыту жүйесі дегеніміз – теорияны тәжірибемен ұштастыра оқыту технологиясы. Дуалдық оқыту жүйесі маман даярлауда өндіріс, білім алушының және мемлекеттің мүдделерін біріктіруге бағытталған кәсіптік білім берудің түрі. Дуалдық оқытуды жүзеге асыру мақсатында колледж келесі кәсіпорындармен келісімшарт жасасты:  

 

 

 

  1. «Зимняя вишня»  кафесі
  2. «Асылханова» ЖК
  3.  «Жумабекова» ЖК
  4.  «Айсберг ПВ» ЖШС
  5. «Бэллис» мейрамханасы
  6. «Жер қойнауын және табиғи ресурстарын пайдалану» ММ

 

 

       Жастардың техникалық-кәсіптік мамандық алуына көмектесу, оларды жоғары жалақылы жұмыспен қамтамасыз ету, жастарды адал еңбекке ынталандырудың жолын табу – Қазақстандағы әлеуметтік жаңғыртудың аса маңызды мәселе.

 

      Бағдарлама бойынша грант иегерлері стипендиямен, жолақысы және жатақханамен, киіммен және жұмыс орнымен қамтамасыз етіледі. Бұл бағдарламаға бұрынғы жылдары мектеп бітіргендер де қатыса алады.

Қазіргі таңда сұранысқа ие мамандықтардың көпшілігін колледждер дайындап келеді. Мысалы:   тамақтандырудың техник- технологы, ақпарттар жүйесі,тау-кен технологиясы, темір жол, байланыс, көлік және коммуникация секілді өзге де салалар бар. Елімізде қазір автомобиль зауыттары көптеп ашылуда, осы зауыттарда колледж түлектері көлік құрастырушылар болып жұмысқа орналасуда. Жастардың техникалық-кәсіптік мамандық алуына көмектесу, оларды жоғары жалақылы жұмыспен қамтамасыз ету, жастарды адал еңбекке ынталандырудың жолын табу — Қазақстандағы әлеуметтік жаңғыртудың аса маңызды мәселелерінің бірі.

 Сондықтан, «Мәңгілік Ел Жастары — индустрияға» Мемлекеттік бағдарламасы Қазақстандық жастардың, оның ішінде Оңтүстік аймақ жастарын кең көлемде техникалық-кәсіптік білім алуға және тұғыры биік тәуелсіз Отанымыздың аса маңызды индустрияландыру бағдарламасына қатыстыру мен тартуды мақсат етеді, жастарымызды дербес өмірге, бастамшыл еңбекке бейімдеудің тиімді жүйесін құрудың алғашқы қадамы болып табылады.

 

 

Сайын даланың төсін жайлаған қазақтың Мәңгілік Ғұмыры ұрпақтың Мәңгілік Болашағын баянды етуге арналады.

Ендігі ұрпақ – Мәңгілік Қазақтың Перзенті.

Ендеше, Қазақ Елінің Ұлттық Идеясы – Мәңгілік Ел!

 

 

 
© 2008 Павлодарский технологический колледж