Главная

Поиск

Телефоны доверия

150

Телефон доверия по оказанию юридической, психологической и консультативной помощи детям, оказавшимся в трудной жизненной ситуации

 

11616

Республиканский телефон доверия, доступный с городских и мобильных телефонов.

В случае выявления фактов жестокого обращения (бытовое насилие, трудовая и сексуальная эксплуатация)

Серпін-2050 PDF Печать E-mail

121245598 

 

 «СЕРПІН-2050»   Мәңгілік ел жастары – индустрияға!!! .

 

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан  Әбішұлы Назарбаев«Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламасында жаhандық деңгейдегі дағдарыс кезінде елімізді әлеуметтік-экономикалық жаңғыртудың шешуші міндеттерін көрсетіп, өткен ғасырдың 60-жылдарынан кеңінен тараған тұтынушылық қоғам тұжырымдамасы орнына балама ретінде Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы идеясын ұсынды. Сонымен қатар «Елімізде жұмыс орындарын құрудамыз, жаңа өндірістер салудамыз. Сондықтан, жұмыс бар жерге бару керек» -деп көрсетті.

 

Мемлекет басшысының осы идеяларын негізге ала отырып Қазақстан Республикасы Үкіметі жастар мәселесіне арнап арнайы бағдарлама қабылдады. Бүгінгі «Мәңгілік Ел Жастары — индустрияға» Мемлекеттік бағдарламасы осы бір бастамаға үндеу қосып, барынша жастарға қолдау көрсету болып табылады.

 

Қазіргі таңда Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан облыстарында бүгінгі күні бала туу деңгейі жоғары, көшіп келушілер көп. Мұның барлығы жұмыссыздық мәселесін тудырады. Әлеуметтік нысандар,үй,мектеп, балабақша, жетпейді. Қанша адам оқу бітірсе де жұмыссыз жүр. Мектеп бітіргендер коллдеждерге оқуға түсе алмайды – себебі үміткерлер көп болғасын, орын жетіспейді. Еңбек күші артып тұрғасын – кадрлық сұраныс аз болады. Бұл- нарық экономикасының заңдылығы. Оқуды бұрын бітіргендер жұмыссыз жүргесін – грант та аз бөлінеді. Керісінше еліміздің кейбір өңірлерінде қадр тапшылығы өте өзекті болып тұр. Бүгінгі таңда  бұндай мәселе 7-8 облыста туындауда. Басты себебі – бала туу денгейінің төмендігі және сыртқа көшіп кету миграциясы. Сол өңірлердегі өндіріс орындары еңбек күші жетіспеушілігінен өз әлеуетін толық іске асыра алмай отыр.

 

 

«Серпін-2050»  әлеуметтік  жобасы  Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың  «Қазақстан-2050»  стратегиясында айқындалған  басымдықтарды  жүзеге асыруға бағытталған іс-шаралардың қатарына кіреді. Стратегияға сәйкес дамыған 30 елдің қатарына қосылу үшін білікті мамандар даярлау мәселесі өзекті  болмақ.  Осыған орай Қазақстан Республикасы Үкіметі жастар мәселесіне  арнап «Мәңгілік ел жастары-индустрияға!»  әлеуметтік  жобасын ұсынған  болатын.  Бұл жоба  «Серпін-2050» деп аталады.

 

Негізі бұл жобаның екі маңызды тұсы бар. Біріншісі - экономикалық. Қазіргі таңда еліміздің 9 өңірінде бала туу деңгейі төмен және сыртқы жаққа көшіп-қону басым болғандықтан, кадр тапшылығы сезіле бастады. Бұл мәселенің өзектілігі жылдан-жылға ушығып барады. Алдағы жылдарда индустриялы инновациялық бағдарлама аясында іске қосылатын өндірістерде жұмыс күшінің тапшылығы айырықша байқалады. «Серпін-2050» жобасы арқылы сол өңірлерге халық саны көп облыстардан жастарды әкеліп, жергілікті оқу орындарында қажет мамандықтар бойынша білім беріп, сол жерде жұмысқа қалдыру арқылы кадр мәселесін шешу. Екінші маңызы -әлеуметтік проблемаларды шешу. Бағдарлама мақсаты – студенттерге білім берумен қатар, осы жерге тұрақтандыру, жұмысқа орналастыру.

 

2014 жылы «Серпін» жобасы бойынша 2050 талапкер оқуға түссе, үстіміздегі жылы «Серпінге» бөлінген арнайы  грант 3-есеге өсіп, 6200-ге жетті. Олардың 5000 орыны   19 жоғары оқу орындарындағы 61 мамандық бойынша бөлініп, 1200 орыны 36 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына (колледж) 47 мамандық бойынша берілді.  Жоба шеңберінде еңбек күші тапшы өңірлерде еңбек ресурстары басым өңірлердің жастарын сұранысқа ие мамандықтар бойынша оқыту жөнінде жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Жобаға Алматы, Жамбыл, Оңтүстік-Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау облыстарының 11 сынып бітірушілері қатыса алады.

 

2015-2016 жылдары, бағдарламаға 19 жоғары оқу орындары қатысады:

 

-      Павлодар облысы (2 ЖОО, 33 мамандық) -475 орын;

 

-      Шығыс-Қазақстан облысы (3 ЖОО, 63 мамандық)-935 орын;

 

-      Қостанай облысы(4 ЖОО, 43 мамандық)- 965 орын;

 

-      Ақтөбе облысы   (1 ЖОО, 12 мамандық)-132орын;

 

-      Ақмола облысы (1 ЖОО, 26 мамандық)-393 орын;

 

-      Солтүстік-Қазақстан облысы (1 ЖОО, 17 мамандық)-300 орын;

 

-      Батыс-Қазақстан облысы (2 ЖОО, 37 мамандық)- 540 орын;

 

-      Қарағанды облысы (4 ЖОО, 50 мамандық)-960 орын;

 

-      Атырау облысы(1 ЖОО, 12 мамандық)-300 орын.

 

Барлығы   5000 білім беру гранты   9 облысқа 60 мамандық бойынша бөлініп отыр, оның ішінде 1500 грант «Білім » бағыты, 3000 грант «Техникалық ғылымдар», 300 грант – «Ауылшаруашылық ғылымдары», 200 грант - «Мал дәрігерлік».

 

2014-2015 оқу жылында 1 000 орын мемлекеттік білім беру тапсырысы

 

«Мәңгілік ел жастары - индустрияға!» кәсіптік және техникалық білім беру

 

ұйымдарының сұранысқа ие 33 мамандығы бойынша 25 оқу орнына бөлінді.

 

Анықтама: Ақмола - 100 орын, Шығыс Қазақстан облысы - 285 орын, Батыс

 

Қазақстан облысы - 120 орын, Қарағанды - 170 орын, Қостанай - 100 орын, Павлодар –

 

50 орын, Солтүстік Қазақстан - 75 орын, Астана қаласы - 100 орын.

 

Нәтижесінде солтүстік және орталық өңірлердің кәсіптік және

 

техникалық білім беру ұйымдарына 1000 адам, оның ішінде Оңтүстік

 

Қазақстан облысынан 345, Қызылорда – 420, Жамбыл – 102, Алматы –

 

88, Маңғыстау облысынан 45 адам оқуға қабылданды.

 

2015 - 2016 оқу жылында оңтүстік өңірлер жастарын Солтүстік, Батыс

 

және Шығыс өңірлердің техникалық және кәсіптік білім оқу орындарында

 

оқыту үшін мемлекеттік білім беру тапсырысы 1 200 орынды құрады

 

(колледждер тізбесі мамандықтар бөлінісінде қоса беріліп отыр).

 

Анықтама: Ақмола - 175 орын, Шығыс Қазақстан облысы - 175 орын, Батыс

 

Қазақстан облысы - 175 орын, Қарағанды - 175 орын, Қостанай - 150 орын, Павлодар –175 орын, Солтүстік Қазақстан - 175 орын.

 

Павлодар технологиялық колледжінде Серпін 2050 "Мәңгілік Ел Жастары - Индустрияға" әлеуметтік жоба бойынша колледжге Оңтүстік өңірінен биылғы оқу жылына "Тамақтандыру кәсіпорындарының өнім өндіру технологиясы және оны ұйымдастыру" және «Сүт өнімдерінің өндірісі» мамандығына  50 оқушы қабылданды,соның ішінде  16-ұл, 34- қыз бала.Шымкент қаласынан-21, Қызылордадан-28, Тараз-1.

 

         Колледждің «Серпін-2050» бағдарламасының мақсаты мен міндеттері ең алдымен бәсекеге қабілетті мықты мамандар даярлау,  жастарға қол жетімді сапалы білім беру. Кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдарын таңдау кезіндегі мамандарды дуальды оқыту жүргізіледі.Дуалдық жүйе 60-70 пайыз уақыт оқушылар тікелей өндірісте оқытылады тек 30-40 пайызы колледжде оқытылады деп болжайды. Осы кезде өндірістің нақты талаптарына оқу максимал жақындатылады. Оқудың дуалдық жүйесі кадрларды дайындаудың кеңінен таралған және тиімді формасы ретінде Павлодар технологиялық колледжінің оқу үрдісін ұйымдастыруға енгізілуде. Дуалдық оқыту мен бірлесіп кадрларды дайындау туралы колледжбен кәсіпорындармен келісімшарт жасалды:  

 

1.      «Воробьева» ЖК

 

2.      «Asstoria» мейрамханасы

 

3.      «Зимняя вишня»  кафесі

 

4.      «Ертіс» қонақ үйі

 

5.      «Асылханова» ЖК

 

6.      «У Даны» мәдени орталығы

 

7.      «Тамаша» мейрамханасы

 

8.      «Бэлис» мейрамханасы

 

1. «СҮТ» АҚ

 

2. «МолкомПавлодар» ЖШС

 

3. «BEST MILK» ЖШС

 

 

       Жастардың техникалық-кәсіптік мамандық алуына көмектесу, оларды жоғары жалақылы жұмыспен қамтамасыз ету, жастарды адал еңбекке ынталандырудың жолын табу – Қазақстандағы әлеуметтік жаңғыртудың аса маңызды мәселе.

 

      Бағдарлама бойынша грант иегерлері стипендиямен, жолақысы және жатақханамен, киіммен және жұмыс орнымен қамтамасыз етіледі. Бұл бағдарламаға бұрынғы жылдары мектеп бітіргендер де қатыса алады.

Қазіргі таңда сұранысқа ие мамандықтардың көпшілігін колледждер дайындап келеді. Мысалы:   тамақтандырудың техник- технологы, ақпарттар жүйесі,тау-кен технологиясы, темір жол, байланыс, көлік және коммуникация секілді өзге де салалар бар. Елімізде қазір автомобиль зауыттары көптеп ашылуда, осы зауыттарда колледж түлектері көлік құрастырушылар болып жұмысқа орналасуда. Жастардың техникалық-кәсіптік мамандық алуына көмектесу, оларды жоғары жалақылы жұмыспен қамтамасыз ету, жастарды адал еңбекке ынталандырудың жолын табу — Қазақстандағы әлеуметтік жаңғыртудың аса маңызды мәселелерінің бірі.

 Сондықтан, «Мәңгілік Ел Жастары — индустрияға» Мемлекеттік бағдарламасы Қазақстандық жастардың, оның ішінде Оңтүстік аймақ жастарын кең көлемде техникалық-кәсіптік білім алуға және тұғыры биік тәуелсіз Отанымыздың аса маңызды индустрияландыру бағдарламасына қатыстыру мен тартуды мақсат етеді, жастарымызды дербес өмірге, бастамшыл еңбекке бейімдеудің тиімді жүйесін құрудың алғашқы қадамы болып табылады.

 

 

Сайын даланың төсін жайлаған қазақтың Мәңгілік Ғұмыры ұрпақтың Мәңгілік Болашағын баянды етуге арналады.

Ендігі ұрпақ – Мәңгілік Қазақтың Перзенті.

Ендеше, Қазақ Елінің Ұлттық Идеясы – Мәңгілік Ел!

 

 

 
© 2008 Павлодарский технологический колледж