Главная страница

Студенттік жатақхана өмірінен PDF Печать E-mail

Павлодар технологиялық колледжінің жатақханасында тәрбиелік жұмысын ұйымдастыру

 

Тәрбие жұмысы жаңа оқу жылының басында бекітілген жоспары бойынша жүргізіледі. Іс-шаралар келесі бағыттар бойынша жоспарланады:

  • азаматтық-патриоттық тәрбие;
  • адамгершілік-әдептілік тәрбие;
  • СӨЖ қалыптастыру;
  • еңбек тәрбиесі;
  • студенттерді әлеуметтік қорғауы.

Оқушыларға барлық тұрмыстық жағдайлар жасалынады.
Ол үшін бөлмелерде жиhаз, төсек-орын, тамақтану және сабақтарға дайындалу үшін арнайы орын бөлінген.

 

                        684652842685462      3458152684682462884

 

Әр қабатта ас мәзірлеу, гигиена, демалу, теледидар көру үшін арналған бөлмелері орналасқан. Оқушыларға үстел ойындары ұсынылады: дойбы, шахмат.

 

 542268546284268

Бірінші қабатта кітапхана, дәрігерлік пункт орналасқан.

Жатақханада студенттер кеңесі жұмыс атқарады. Студенттер кеңесінің отырысы әр айдың соңғы сәрсенбісінде өткізіледі. Сонымен бірге әр секцияда тәртіпті бақылау үшін староста тағайындалады.

Тәртіпбұзушылықты алдыналу және студенттердің тәртібін бақылау үшін колледж әкімшілігі келесі шараларды  іске асырады:

  • апта сайын колледж әкімшілігінің өкілі мен медицина қызметкерінен құралған «Денсаулық негізі - тазалық» атты рейд өткізіледі. Рейдтің қорытындысы бойынша «Ең жақсы бөлме», «Ең жақсы секция» номинациялары бойынша жеңімпаз анықталып марапатталынады;
  • колледж оқытушыларының күнделікті кезекшілігі ұыймдастырылған;
  • оқушыларға жеке психологиялық көмек көрсетіледі;
  • директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары оқушылардың сабаққа қатысуын күн сайын қадағалайды.

Жатақхананың акті залында сабақтан тыс шаралар өткізіледі.

   

 

Жататын бөлмелері

          

9648352.jpg 

98645638.jpg

    

 

 

 

 
© 2008 Павлодарский технологический колледж