Басты бет

Жатақхана өмірінен PDF Print Email

 Құрметті талапкерлер және ата аналар!

Студенттік жатақханаларды бөлу барысының ашықтығын қамтамасыз ету және жемқорлық көріністерінің алдын алу бойынша қоғамдық бақылауды күшейту мақсатында, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті Арнайы мониторингтік топтарының мүшелерімен бірлесіп қоғамдық бақылау жүргізуде.

Студенттік жатақханадан орын алу барысында жемқорлық көріністерінің фактілері орын алған жағдайда Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаментіне жүгінуге болады.

Департаменттің мекен-жайы: Павлодар қаласы Жеңіс алаңы 5А, сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасы, 4 қабат, 407 кабинет, байланыс телефондары 20-86-33, 20-85-60, WhatsApp-желісі 8 747 404 1424

 

Жатақхананы қажет ететін колледждің барлық студеттері тұратын орынмен қамтамасыз етіліп, жағдай жасалған. Әртүрлі іс-шаралар өткізуге арналған акті залы бар. Сонымен қатар, интернет желісі қосылған, техникамен жабдықталған тұрмыс бөлмелері, демалыс бөлмелері, оқу залы бар. Студенттер барлық заттармен қамтамасыз етілген: тоңазытқыштар, кабельді теледидар, жаңа жиһаз, кір жуатын машиналар, жуынатын кабиналар. Қауіпсіздік шараларын арттыру мақсатында жатақхана сандық бейнебақылаумен жабдықталған.

Оқу жылының бірінші күнінен бастап студенттер қоғамдық өмірге тартылған.  Студенттік өзін-өзі басқару жүйесін қалыптастыру, тәрбие үрдісін жақсарту мақсатында студенттік кеңес құрылған.

Жатақханада тұрып жатқан колледж студенттері шығармашылық үйірмелер және спорттық секциялар жұмысына белсенді қатысады. Бұл «Жайдарман» көңілділер және тапқырлар клубы, «Эксклюзив» би тобы, футбол, баскетбол, тоғыз құмалақ секциялары.

Оқушылар үшін жатақханада «Қолөнер» үйірмесі жұмыс істейді. Жыл бойы оқушылар тігін машинасымен жұмыс жасауды, тігу және пішу, тоқу ісін үйренеді. Оқушылар өз қолымен колледждің банкет залына перделер, орындықтарға тыс, үстелге дастархан, жатақхана үшін төсек-орын жаймаларын тігіп берді.

986435674853.jpg653123520.jpg             98645638.jpg876453786453.jpg  64539656451.jpg796845645.jpg

 

 

 
© 2008 Павлодарский технологический колледж