Басты бет

Іздеу

Сенім телефондары

150

сенім телефоны арқылы өмірдің қиын жағдайына тап болған балаларға құқықтық, психологиялық және консультативтік қызметі көрсетіледі.

 

11616

Зорлық-зомбылық және қатыгез фактілері (тұрмыстық зорлық-зомбылық, еңбектік және сексуальды қанау) анықталған жағдайларда қалалық және ұялы телефондардан «11616» республикалық сенім телефона хабарласуға болады.

 

Қазақ хандығының құрылуы PDF Print E-mail

 

   Қазақстан территориясында мемлекеттік құрылымдар монғол шапқыншылығына дейін болған.VI-VII ғасырларда Қазақстанның оңтүстігінде ерте феодалдық мемлекет Батыс-Түрік қағанаты құрылып, кейін, X ғасырда Қарахан  феодалдық мемлекеті Қарлұқтар (VIII-IX ғ.) пайда болды. X ғасырда Қазақстанның солтүстігінде Қимақтар  мемлекеті құрылды, кейін Қыпшақтар аталған. Монғол шапқыншылығынан кейін сол кездегі мемлекеттік құрылымдар жойылды.Қазақ жері Шыңғысхан ұлыстарына бөлінді. Жошы мен Шағатай, Темір шабуылдары егін-шаруашылық, қоғамдық-экономикалық, патриархаттық-феодалдық тәртіпті баяулатты. Алайда, XIV-XV ғасырларда Қазақстан территориясында болған  әлеуметтік-экономикалық, және этносаясаттық процестер  Қазақ хандығының құрылуына әкелді. XV ғасырдың екінші жартысында құрылған хандықтар Алтын Орда, оған жақын мемлекеттік құрылымдардан айырмашылығы – олар жаугершілік нәтижесінде емес, жергілікті экономикалық және этникалық негізде пайда болған. XV ғасырда Әбілхайыр хандығы құрамына  Сырдариядан Сібір хандығына дейін ауқымды территория кірген. Хандық «көшпелі өзбек» аталса да, негізгі тұрғындары қазақтар болған. Бұл кезде Өзбек хандығында жошы мен шайбани ұрпақтарының арасында әулеттік күрес өршіп кетті. Шайбани әулетінің көсемі Әбілхайыр хан жауы  жошы әулетіне күн көрсетпеді. XV ғасырдың 50-60 жылдары Ұрұс ханның ұрпағы, Ақ Орда билеушісі Барақ ханның ұлы Жәнібек және оның туысы Керей көшпелі, жартылай көшпелі халықтың ішіндегі өзіне бағынышты ру топтарын біріктіріп, Оңтүстік-Батыс  Жетісу, Моғолистанға көшті. Жошы әулетінің басшылары Жәнібек пен Керейдің қоластындағы рулардың Шу мен Талас өзендері алқабына көшуі Қазақ хандығының негізін құруға жол салды. XV ғасырдың 50-60 жылдары, он жыл көлемінде  қазақ халқының Жетісу өңіріне ығысуы сұлтандардың қалыпты көшуі болмайтын.Қарамағындағы халықпен феодалдық топтар ғана емес , мыңдаған қарапайым шаруа да көшті. Бұл езілген халықтың феодалдық шиеленістерге, соғысқа, салық пен жазалауларға наразылығы болатын. Қазақ хандығына қарсы тұруға, Жәнібек пен Керейдің билігін ыдыратуға Әбілхайыр ханның күші жетпеді.

    1468 жылдың қысында Әбілхайыр хан Қазақ хандығын қиратпақ болып, Жетісуға жорыққа аттанады, бірақ сапары сәтсіз аяқталып, осы жорық кезінде қаза табады. Жәнібек ханның, Керей ханның қоластындағы рулар саны  қазақ даласы, Жетісу тайпалары мен руларының қосылуы есебінен көбейеді. Жазбаларға қарасақ, Сырдария қалалары мен Дешті Қыпшақ даласында өз билігін нығайтуға, хандығын кеңейтуге бағытталған алғашқы қазақ хандарының белсенді ішкі саясаты байқалады. XV ғасырдың  соңғы отыз жылы Қазақстан мен Орта Азия тарихында ірі саяси оқиғалар кезеңі. Қазақ хандығы күшейіп,  Қазақстанның барлық территориясын басып алуды көздеді. Бірнеше феодалдық иеліктерге бөлініп кеткен Моғолистан әлсірей бастады. Біртіндеп Темір ұрпақтарының әскери қуаты мен ықпалы түсе бастады. Хан тағы үшін күресте билікті Әбілхайырдың немересі Мұхаммед Шайбани(1451-1510ж.) тартып алды.Мұхаммед Шайбани Дешті Қыпшақ пен Сырдария территориясында билігін сақтау үшін қазақ хандарымен үш жыл шайқасты. Бұл шайқас  1486 жылы Мұхаммед Шайбанидің жеңілісімен, оның Хорезмге кетуімен аяқталды.Қазақ пен монғол күштерінің бірнеше үлкен шайқасынан кейін Жетісудың қазақ тайпалары мен рулары қазақ хандарына қосылды.  XVI ғасырда Қазақ хандығы қазақ халқын құратын барлық этникалық топтарды біріктірді.

 

 

    Қазақ халқының пайда болуы туралы тарихи алғышарттар.   Қазақ халқының пайда болу тарихын екі топқа бөлуге болады: лексикалық және антропологиялық. Бірінші кезеңі шаруашылық, мәдениеттік дәстүрлермен, этникалық бірлесумен, нәсілдік құралумен айқындалады. Қола дәуірінің андронов  мәдениеті кең  таралған. XV-XVI ғасырларда қазақ халқы мен оның этникалық территориясының көп ғасырлы қалыптасу процесі аяқталды. Қазақстандағы этникалық процестердің шешуші кезеңі біздің дәуіріміздегі 1-мыңжылдық ортасында түріктердің жаппай қоныстануымен байланысты.Монғол империясының құрылуы және ұлыстардың қалыптасуымен тайпалар мен халықтың ықпалдастығы жеделдеді. XV-XVI ғасырлардың 2-ші жартысында қазақ халқының негізгі этникалық топтарының,  этникалық территорияларының мемлекеттік бірлесуі қазақ халқының қалыптасу процесінің аяқталуын жылдамдатты. Монғол шапқыншылығы қазақ халқының құрылу процесіне бөгет жасады, бірақ тоқтата алған жоқ. Шаруашылық өмірі қалыптасып, шығуы, тектік, тілдік, материалдық және рухани мәдениеті ортақ тайпалар қарым-қатынасы нығая бастады.Қазақ халқының бірігуі этникалық тұтас территориялардың қалыптасуымен қатар жүрді. Әртүрлі этно саяси, шаруашылық, географиялық факторлардың әсер етуінен Қазақстан территориясында үш этно территориялық  бірлестіктер пайда болды. Ол Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз. Олардың қалыптасуына географиялық, саяси, экономикалық факторлар әсер етті. Қазақ – түркі сөзі. Түркі термині «қазақ» бастапқыда «тәуелсіз», «көшпелі», «еркін кезбе» мағынасында халықтың әлеуметтік мәртебесін анықтау үшін қолданған. Сондықтан, Жәнібек хан мен Керей хан Әбілхайырдың көшпелі өзбек хандығынан қоныс аударғанда, олар «өзбек –қазақ »- деп,  кейін олардың хандығының нығаюына қарай «қазақ» атала бастады. 1465 жылы Керей хан билікке көшкенде жаңа мемлекет Қазақ хандығы деп аталды.

 
© 2008 Павлодарский технологический колледж