Басты бет

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алушыларға жатақхана беру PDF Print Email

  Павлодар облысы әкімдігінің

                                                                                   2015 жылғы « 28  » мамырдағы         

                                                                                №  153/5   қаулысымен

                                                                                                           бекітілді

«Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алушыларға жатақхана беру»  мемлекеттік көрсетілетін

қызмет регламенті

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алушыларға жатақхана беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) жатақханасы бар Павлодар облысының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орнының базасында жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 200 бұйрығымен бекітілген «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алушыларға жатақхана беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) қосымшасына сәйкес нысан бойынша техникалық және кәсіптік білім ұйымдарында білім алушыларға жатақхана беру туралы жолдама.

 

 

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)  іс-қимыл тәртібін сипаттау

 

4. Стандарттың 9-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды қоса бере отырып, көрсетілетін қызметті алушының өтініші мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін негіздеме болып табылады.

5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, орындалу ұзақтығы мен реттілігі, соның ішінде рәсімдердің (іс-қимылдың) өту кезеңі:

1) көрсетілетін қызметті берушінің оқу бөлімінің қызметкері көрсетілетін қызметті алушыдан алынған құжаттарды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады, құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырады, түпнұсқаларын көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қарауға береді (15 минуттан аспайды);

2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттарды қарайды, жауапты орындаушыны анықтайды (2 жұмыс күні);

3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы жатақхана беру туралы жолдама жобасын ресімдейді, басшыға қарауға және қол қоюға жібереді (3 жұмыс күні);

4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы жолдама жобасын қарайды, қол қояды және оқу бөліміне жібереді (3 жұмыс күні);

5) көрсетілетін қызметті берушінің оқу бөлімінің қызметкері жолдаманы тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметтің нәтижесін береді (30 минуттан аспайды).

6. Мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесі – Стандарттың қосымшасына сәйкес нысан бойынша техникалық және кәсіптік білім ұйымдарында білім алушыларға жатақхана беру туралы жолдама.

          

 

  1. 3.Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара             іс-қимыл тәртібін сипаттау

 

7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің  құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:

1) көрсетілетін қызметті берушінің оқу бөлімінің қызметкері;

2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;

3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы.

8. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігін сипаттау осы регламенттің қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.

 

 

4. Халыққа қызмет көрсету орталығымен өзара іс-қимыл тәртібін,           сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық            жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

 

9. Стандартқа сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалы және «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы көрсетілмейді.                                                                                                           


«Техникалық және кәсіптік білім беру

ұйымдарында білім алушыларға жатақхана

беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет

                                                                                               регламентіне

                                                                                                 қосымша

 

«Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алушыларға жатақхана беру» мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы

 

2568978930

 


Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

2015 жылғы «14» сәуірдегі

№200 бұйрығына

2 – қосымша

 

 

«Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алушыларға жатақхана беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

 

 

  1. 1.Жалпы ережелер

 

1. «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алушыларға жатақхана беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.

3. Мемлекеттік қызметті жатақханасы бар техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

 

 

  1. 2.Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

 

4.   Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері

1) техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алушылар  (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап 10 жұмыс күні;

2) көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут;

3)  көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты  – 30 минут;

5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.

6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алушыларға осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет  стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жатақхана беру туралы жолдама.

          Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

          7. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

     8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі мен сенбіні қоса алғанда сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.

    Алдын ала жазу және жедел қызмет көрсету көзделмеген.

          9. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

          1) осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұйым басшысының атына жатақханадан орын беру туралы өтініш;

2) отбасы болған жағдайда, отбасының құрамы туралы анықтама;

3) ата-анасының (ата-аналарының) қайтыс болуы туралы куәліктің көшірмесі (жетім балалар үшін);

4) отбасында 4 немесе одан да көп баланың болуы туралы анықтама    (көпбалалы отбасылардан шыққан балалар үшін);

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2014 жылғы 1 сәуірдегі №142-І бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №9377 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша мүгедектігін растау туралы анықтама;

6) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алу үшін құқықты растау туралы анықтама немесе жан басына шаққандағы  орташа табысы күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардан шыққан балалар үшін атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жоқтығы туралы анықтама;       

7) жеке басын куәландыратын құжат (салыстыру үшін).

    Құжаттардың қабылданғанын растау құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, сондай-ақ мөртаңба, кіріс нөмірі және күні көрсетіле отырып, қолхат беру болып табылады.

 

 

3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша

көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды
адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

 

10. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының  шешімдеріне, әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану: шағым жазбаша түрде:

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша Министрлік басшысының не оны алмастыратын адамның атына;

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті берушінің  басшысының, сондай-ақ республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы басшысының атына беріледі.

Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіліп, Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркелуі (мөртаңба, кіріс нөмірі мен күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.

    Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің, жергілікті атқарушы органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.

    Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

    Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.

    11. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

 

 

  1. 4.Мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

 

 

12. Мемлекеттiк қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:

  1. 1)Министрліктің  интернет-ресурсында: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі 8, www.edu.gov.kz;

e-mail: pressa@edu.gov.kz;

  1. 2)осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшада көрсетілген тізімге сәйкес жергілікті атқарушы органдардың интернет-ресурстарында орналастырылған.

       13. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтері, мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.

       14. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Министрліктің www.edu.gov.kz. интернет-ресурсында орналастырылған. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

 

 

«Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алушыларға жатақхана беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымша

 

нысан

 

Техникалық және кәсіптік білім  беру ұйымдарында

білім алушыларға жатақханалар беру туралы жолдама

 

 

__________________________________________________________________           

        (техникалық және кәсіптік білім беру ұйымының атауы және мекенжайы)

Азамат (-ша) ____________________________________________

                           /тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

 

№ ___жатақханаға орналасуға жіберемін.

 

Жатақхананың мекенжайы ___________________________________

 

20___ ж.    «____» _________  cағатта ___ келуді ұсынамын.     

 

 

Директор __________

                     (қолы)

20___ ж.    «____» _________ 

 

 

               М.О.                                                                            

 

 

«Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алушыларға жатақхана беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымша

 

Нысан

 

 

____________________  директоры

______________________________

 (оқу орны директорының Т.А.Ә. (бар болса)

_____________ мамандығы бойынша

______________________ тобының

студенті _____________________                                 Т.А.Ә.  (бар болса)

 

 

 

Өтініш

 

Маған жатақханадан бір орын бөлуіңізді сұраймын.

       Келу орны_____________________________________________________

 

20    ж.  «    » _______ 

                                                                                          /қолы/

 

 

«Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алушыларға жатақхана беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымша

 

Облыстық, Астана және Алматы қалалары білім басқармаларының тізімі

 

Өңірдің атауы

Телефон

Мекен-жайы

Сайт

1.

Ақмола облысы

8(7162)401402

020000, Көкшетау қаласы,

Абай көшесі, 89А

www.akmo.kz

2.

Ақтөбе облысы

8(7132)560474

030010, Ақтөбе қаласы,

Әбылқайыр хан көшесі, 40

www.akto.kz

3.

Атырау облысы

8(7122)354965

060010, Атырау қаласы,

Әйтеке би көшесі, 77

www.atyrauobl.kz

4.

Алматы облысы

8(7282)272731

040000, Талдықорған қаласы,

Қабанбай батыр көшесі, 26

www.                 almaty-reg.kz

5.

Шығыс Қазақстан облысы

8(7232)570151

070019,  Өскемен қаласы,

 К.Либкнехт көшесі, 19

www. akimvko.gov.kz

6.

Жамбыл облысы

8(7262)431552

080008, Тараз қаласы

Абай көшесі, 125

www. zhambyl.kz

7.

Батыс Қазақстан облысы

8(7112)260468

090000, Орал қаласы,

Почиталин көшесі, 72

www.western.kz

8.

Қарағанды облысы

8(7212)425443

100012, Қарағанды қаласы,

Әлихан көшесі, 19

www.karaganda-region.kz

9.

Қызылорда облысы

8(7242)272934

120003, Қызылорда қаласы, Абай көшесі, 48

www.kyzylorda.kz

10.

Қостанай облысы

8(7142)575310

110000, Қостанай қаласы,

Әл-Фараби көшесі, 56

www.kostanay.kz

11.

Маңғыстау облысы

8(7292)435100

130000, Ақтау қаласы, 13 шағын ауд. 47-ғимарат

www.mangystau.kz

12.

Павлодар облысы

8(7182)320965

140009, Павлодар қаласы,

Қайырбаев көшесі, 32

www.pavlodar.kz

13.

Солтүстік Қазақстан облысы

8(7152)463288

150011, г. Петропавл қаласы, Конституция көшесі, 58

www.

akimat-sko.kz

14.

Оңтүстік Қазақстан облысы

8(7252)563247

160007, Шымкент қаласы, Республика даңғылы, 12 А

www. ontustik.gov.kz

15.

Астана қаласы

8(7172)556851

010000, Астана қаласы,

Бейбітшілік көшесі, 11

www.astana.kz

16.

Алматы қаласы

8(727)2716509  

050001, Алматы қаласы,

Республика алаңы, 4

www.almaty.kz

 
© 2008 Павлодарский технологический колледж