Басты бет

Қабылдау ережелері PDF Print Email

 

 

БЕКІТЕМІН

«Павлодар технологиялық колледжі» ШЖҚ КМК басшысы

«_____»_________2021 ж.

___________ К.К.Капенов

 

 

 

 

 

 

 

«Павлодар технологиялық колледжі» ШЖҚ КМК

2021-2022 оқу жылына

қабылдау ережелері

     

1 тарау. Жалпы ережелер

1.Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидалары 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 5-бабының 11) тармақшасына жәнеҚазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі (2020 жылғы 12 мамырдағы №197) Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді,олар техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау тәртібін айқындайды.

2.Колледжге негізгі орта, жалпы орта (орта жалпы), техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі (кәсіптік бастауыш және кәсіптік орта), сондай-ақ білім туралы құжаты бар (куәлік, аттестат) ерекше білім алу қажеттілігі бар Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдік азаматтар және азаматтығы жоқ адамдар қабылданады.

3. Колледжге оқуға түсу кезінде Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 26-бабының 8-тармағында айқындалған тұлғаларды қабылдау квотасы көзделеді.

Қабылдау квотасының мөлшері «Техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде қабылдау квотасының мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 ақпандағы № 264 қаулысымен (бұдан әрі – № 264 қаулы) бекітілген.

 2 тарау. Оқуға қабылдау тәртібі

4.ТжКОБ ұйымдарында тұлғалардың оқуға өтініштерін қабылдау, әңгімелесу өткізу, білім алушылар құрамына қабылдау үшін басшының бұйрығымен 10 маусымнан кешіктірмей қабылдау комиссиясы құрылады, ол мүшелердің тақ санынан тұрады. Қабылдау комиссиясының құрамына Қамқоршылық кеңестің (ол болмаған жағдайдажұмыс берушілердің өкілдері), қоғамдық ұйымдардың және білім беру ұйымдарының өкілдері кіреді.

Комиссия мүшелерінің ішінен жауапты хатшы және техникалық хатшылар тағайындалады.

Қабылдау комиссиясының төрағасы ТжКОБ ұйымының басшысы немесе оның міндетін атқарушы тұлға болып табылады

Қабылдау комиссиясы мен техникалық хатшылардың жұмысын ұйымдастыруды жауапты хатшы жүзеге асырады, сондай-ақ ол азаматтарды қабылдауды жүргізеді, қабылдау мәселесі бойынша азаматтардың жазбаша өтінімдерінежауап береді, қабылдау комиссиясының ақпараттық материалдарын жариялауға дайындайды, әңгімелесуді, емтихан алды консультацияларды және арнайы және шығармашылық емтихандарды дайындауды және өткізуді ұйымдастырады, емтихан және жазбаша жұмыстарды шифрлауды және шифрын оқуды жүргізеді.

5. Карантин, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларда қабылдау және/немесе емтихан комиссиясының жұмысын ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, ТжКБ ұйымы жүргізеді.

6. Тұлғаларды мемлекеттік білім беру тапсырысы (бұдан әрімемлекеттік тапсырыс)бойынша колледжге білікті жұмысшы кадрларды даярлауды көздейтін білім беру бағдарламалары бойынша, сондайақ техникалық және кәсіптік (жұмыс біліктілігі) бар орта буын мамандықтарына оқуға қабылдау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы №122 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13418 болып тіркелген) еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларына (бұдан әрі – №122 бұйрық) сәйкес айқындалған ұйымның жобалау мүмкіндігі ескеріле отырып, тұлғалардың өтініштерібойынша жүзеге асырылады.

Орта буын мамандарын даярлауды көздейтін білім беру бағдарламалары бойынша колледжге тұлғаларды оқуға қабылдау тұлғалардың өтініштері бойынша конкурстық негізде жүзеге асырылады.

7. ТжКОБ ұйымдары өтініштерді қабылдау, арнайы және/немесе шығармашылық емтихандарды, конкурсты өткізу және тұлғаларды негізгі орта, ақылы негізде оқуға қабылдау осы Қағидалардың талаптарына сәйкес жүргізіледі.

8. Тұлғалардың колледжге оқуға өтініштерін қабылдау:

1) білікті жұмысшы кадрларды даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары бойынша, арнайы оқу бағдарламалары бойынша күнтізбелік жылдың 25 маусымы мен 25 тамызы аралығында;

2) мемлекеттік тапсырыс бойынша күндізгі оқу нысанына орта буын мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламалары бойынша күнтізбелік жылдың 25 маусымы мен 18 тамызы аралығында;

3) сырттай оқу нысанына – күнтізбелік жылдың 25 маусымы мен 20 қыркүйегі аралығында жүзеге асырылады.

9. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы колледжге (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) не «электрондық үкіметтің» веб-порталына (бұдан әрі – портал) жүгінеді және осы Қағидалардың 1 - қосымшасына сәйкес «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі-Стандарт) сәйкес құжаттар топтамасын ұсынады.

10. Оқуға түсу үшін құжаттарды кәмелетке толған адамдар жеке өзі, кәмелетке толмағандар – заңды өкілінің қатысуымен ұсынады.

11. Қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі Стандартта келтірілген.

12. Көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері құжаттар топтамасын қабылдауды, оларды тіркеуді және көрсетілетін қызметті алушыға құжаттар топтамасының қабылданғаны туралы қолхат беруді өтініш түскен күні не көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда құжаттарды қабылдаудан бас тартады және осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес қолхат береді.

13. Құжаттар Портал арқылы берілген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған өтінімді қарау мәртебесі туралы ақпарат, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама көрсетіледі.

14. Көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері өтініш түскен күні оны тіркеуді жүзеге асырады және оны жауапты құрылымдық бөлімшеге орындауға жібереді. Өтініш Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері келіп түскен жағдайда, өтініш келесі жұмыс күнінде тіркеледі.

15. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері қағаз жеткізгіште өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды немесе құжаттар портал арқылы берілген жағдайда, осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жібереді.

16. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған кезде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес колледжге құжаттардың қабылданғаны туралы хабарлама жібереді.

17. Көрсетілетін қызметті беруші Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы мәліметтерді Мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.

18. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға берілуі мүмкін.

Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

19. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

20. Оқуға түсушілерден түскен өтініштер оқыту нысандары бойынша тіркеу журналдарына тіркеледі.

21. Білікті жұмысшы кадрларды даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсетін тұлғалар үшін әңгімелесу жүргізіледі. Қабылдау комиссиясы оқуға түсушімен тиісті бағыттар бойынша 20 минуттан артық емес жеке әңгімелесуді өткізеді. Әңгімелесуге арналған сұрақтар тізбесін қабылдау комиссиясының төрағасы бекітеді.

22. Карантин жағдайларында, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларда әңгімелесу ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып жүргізіледі.

23. Колледжге білікті жұмысшы кадрларды даярлауға оқуға түсушілердің саны мемлекеттік тапсырыс бойынша оқуға бөлінген орындардан асып кеткен кезде оқуға қабылдау осы Қағидалардың 55-тармағына сәйкес орташа конкурстық балл, сондай-ақ № 264 қаулыға сәйкес квота санаты негізінде жүзеге асырылады.

24. Осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген оқуға түсушілердің қабылдау квотасы көзделген тұлғаларға тиесілігін растайтын құжаттар колледждің қабылдау комиссиясына күнтізбелік жылдың 25 тамызына дейін тиісті құжатты ұсынады.

25. Осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген колледждің қабылдау комиссиясы күнтізбелік жылдың 25 маусымынан бастап колледж сайтында орташа конкурстық балды көрсете отырып, қабылдау квотасы көзделген талапкерлер мен тұлғалардың тізімдік құрамын қалыптастырады және оның күнделікті жаңартылуын қамтамасыз етеді.

26. Ерекше білім алу қажеттілігі бар тұлғаларды мамандықтар мен біліктіліктер бойынша колледжге оқуға қабылдау медициналық-әлеуметтік сараптаманың (медициналық анықтаманың) ұсынымдары мен қарсы көрсетілімдері ескеріле отырып, жүзеге асырылады.

Жеңіл және орташа ақыл-ой кемістігі диагнозы бар ерекше білім алу қажеттілігі бар тұлғаларды оқуға қабылдау психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы ескеріле отырып жүргізіледі.

27. Орта буын мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша мемлекеттік тапсырыс бойынша оқуға түсетін тұлғалар күнтізбелік жылдың 25 маусымынан бастап кәсіптік диагностикадан (сауалнама) өту және конкурсқа қатысу үшін Білім беру басқармасының ақпараттық жүйесіне тіркеледі.

28. Кәсіби диагностиканың қорытындысы бойынша талапкерге мамандықтар мен ұсынылатын мамандықтар бойынша кәсіптер картасын алуға ұсынымдар беріледі. Кәсіби диагностиканың қорытындылары ұсынымдық сипатта болады.

29. Конкурсқа өтініш берген кезде оқуға түсушілер облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары бекіткен төрт мамандыққа, біліктілікке (қажет болған жағдайда), ТжКОБ-дан кадрлар даярлауға арналған мемлекеттік тапсырысты орналастыру жөніндегі комиссия бекіткен ТжКОБ-дің төрт ұйымына дейін, оқыту тілін (қазақ, орыс, ағылшын), білім деңгейін таңдайды және Білім беру басқармасы дайындайтын конкурсты өткізу жөніндегі бірыңғай нұсқаулықпен танысады.

30. ТжКОБ ұйымдары күнтізбелік жылдың 26 тамызына дейін мамандығын, біліктілігін көрсете отырып, осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген және өтініш берген тұлғалардыБілім беру басқармасының ақпараттық жүйесінде тіркейді.

31. Конкурсты білім туралы құжатқа сәйкес, сондай-ақ қабылдау квотасын ескере отырып, талапкерлерді міндетті және бейінді пәндердің орташа конкурстық балына автоматты түрде бөлу арқылы Білім берубасқармасының ақпараттық жүйесі өткізеді.

32. Талапкерлерді автоматты түрде бөлуді Білім беру басқармасы айқындаған ақпараттық жүйе (білім беру платформасы) жүзеге асырады.

33. Білім беру саласындағы уәкілетті органның құзыретіндегі ТжКОБ ұйымдарына түсетін тұлғалар арасындағы конкурсты ТжКОБ ұйымдары мемлекеттік тапсырысты бөлудің автоматтандырылған жүйесін қолдана отырып, дербес өткізеді.

34. Мемлекеттік тапсырыс бойынша негізгі орта білім беру базасында оқуға түсетін тұлғалар арасындағы конкурс күнтізбелік жылдың 19-22 тамызы аралығында өткізіледі.

35. Техникалық және кәсіптік білім беру мамандықтары бойынша бейіндік пәндер тізбесі осы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес айқындалады.

36. Орташа конкурстық балл (бұдан әрі-ОКБ) осы Қағидалардың 2, 3, 7-қосымшаларына сәйкес пәндер/сабақтар үшін бағалар, арнайы және /немесе шығармашылық емтихандар бағалары сомаларының олардың жалпы санына орташа мәні ретінде айқындалады.

37. Бағалардың орташа балы

негізгі орта білімі бар оқуға түсушілер үшін (9 – сынып) - үш пәннің: міндетті пән (қазақ тілі немесе орыс тілі), мамандық бейіні бойынша екі пән бойынша бағаларынан/баллдарынан қалыптасады:

ОКБ = (МП1/МС1+ББ1/БС1+ БП2/БС2)/БС

Мұндағы: МП1/ МС 1- 1 міндетті пән үшін баға;

БП1 / БС 1- бірінші бейіндік пән/сабақ үшін баға;

БП2 / БС 2- екінші бейіндік пән/сабақ үшін баға;

ПП2 / пп2-екінші бейіндік пән/сабақ үшін баға;

БС- бағалар саны

 

Мамандықтар үшін бейіндік пәндер тізбесі

 

Мамандық коды

Мамандық атауы

Бейіндік пән атауы

07210200

Сүт және сүт өнімдерінің өндірісі

Химия

Биология

07211300

Тамақ өнімдерін өндіру технологиясы

Химия

Биология

07220700

Полимерлік өндіріс технологиясы

Химия

Алгебра

 

Жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар оқуға түсушілер үшін - төрт пән бойынша (қазақ тілі немесе орыс тілі, Қазақстан тарихы) және мамандық бейіні бойынша екі пән бойынша.

 

Мамандық шифры, атауы

Міндетті пән

Бейінді пән

1

04110100 «Есеп және аудит»

Қазақ(орыс) тілі, Қазақстан тарихы

Алгебра, информатика

2

07211300 «Тамақ өнімдерін өндіру технологиясы»

Қазақ(орыс) тілі, Қазақстан тарихы

Химия, биология

3

08210100 «Орман шаруашылығы»

Қазақ(орыс) тілі, Қазақстан тарихы

Химия , биология

 

 

 

 

 

 

 

 

38. Орташа конкурстық балл тең болған кезде білім туралы құжаттың орташа балы, сондай-ақ № 264 қаулыға сәйкес квота санаты ескеріледі.

39. Басқа елдің білім туралы құжаты бар тұлғалар үшін білім туралы құжатта осы Қағиданың 7-қосымшасында көрсетілген міндетті және бейінді пәндер болмаған кезде міндетті және бейінді пәндердің тізбесін ақпараттық жүйенің жолдамасы бойынша ТжКОБ ұйымдарының қабылдау комиссиялары белгілейді.

40.Мемлекеттік тапсырыс бойынша бөлінбеген орындар, мамандықтар бойынша топтар (кемінде 15 адам) жинақталмаған, қамтылмаған талапкерлер болған кезде күнтізбелік жылдың 29 тамызы аралығында №122 бұйрыққа сәйкес мамандықтар және ТжКОБ ұйымдары бойынша мемлекеттік тапсырысты қайта бөлу жүргізіледі.

41. Білім беру басқармасы ресми интернет - ресурстарда күнтізбелік жылдың 23 тамызынла - негізгі орта білім беру базасында оқуға түсетін тұлғалар арасында өткен конкурс қорытындыларын жариялайды, сондай-ақ талапкерлерді конкурс қорытындылары туралы ақпараттық жүйе арқылы хабардар етеді.

42. Конкурс қорытындысы бойынша талапкер осы Қағидалардың 12-тармағына сәйкес білім алушылар құрамына қабылдау үшін колледжге құжаттар топтамасын ұсынады.

43. Орта буын мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары бойынша білім алушылардың құрамына қабылдау колледж басшысының бұйрығымен қабылдау комиссиясы отырысының хаттамасы негізінде жүргізіледі:

1) оқудың күндізгі нысанына - күнтізбелік жылдың 31 тамызына дейін;

2) сырттай оқу нысанына - күнтізбелік жылдың 30 қыркүйегі дейін;

44. Білікті жұмысшы кадрларды даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары бойынша білім алушылардың құрамына қабылдау:

- оқудың күндізгі нысанына-күнтізбелік жылдың 31 тамызына дейін әңгімелесу нәтижелері бойынша жүргізіледі.

45. Нәтижелі жұмыспен қамтудың және жаппай кәсіпкерліктің 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек»мемлекеттік бағдарламасына қатысушыларды 07210200 «Сүт және сүт өнімдерін өндірісі» мамандығы бойынша (қазақ тілінде оқытатын) оқуға қабылдау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 26 қарашадағы № 646 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17800 болып тіркелген) сәйкес жергілікті атқарушы органдардың жолдамаларына сәйкес жүзеге асырылады.

 

Мамандық коды

Мамандық атауы

Оқыту тілі

Бейінді пән атауы

07210200

Сүт және сүт өнімдерінің өндірісі

Қазақ.

Химия

Биология

 

46. Қабылдау комиссиялары оқуға түсушілерді қабылдау нәтижелері туралы ақпаратты орта буын мамандарын даярлауды көздейтін оқудың күндізгі нысанына күнтізбелік жылдың 31 тамызына дейін, білікті жұмысшы кадрларды даярлаукүнтізбелік жылдың 31 тамызына дейін, сырттай оқыту нысанына күнтізбелік жылдың 30 қыркүйегіне дейін ақпараттық стенділерге немесе ТжКОБ ұйымының интернетресурстарына орналастыру арқылы жеткізеді.

 

 

Жауапты хатшы: А.А. Сулейменова

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 
© 2008 Павлодарский технологический колледж