Басты бет

Іздеу

Сенім телефондары

150

сенім телефоны арқылы өмірдің қиын жағдайына тап болған балаларға құқықтық, психологиялық және консультативтік қызметі көрсетіледі.

 

11616

Зорлық-зомбылық және қатыгез фактілері (тұрмыстық зорлық-зомбылық, еңбектік және сексуальды қанау) анықталған жағдайларда қалалық және ұялы телефондардан «11616» республикалық сенім телефона хабарласуға болады.

 

Қабылдау ережелері PDF Print E-mail

КЕЛІСІЛДІ

Павлодар облысы

Білім беру

басқармасының басшысы

__________Б.Бексеитова

«_____» _______________2017ж.

БЕКІТІЛДІ

Павлодар технологиялық колледжінің директоры

_____________Қ.Қапенов

«_____» __________2017ж.

 

Павлодар мемлекеттік технологиялық колледжінің

2017-2018 оқу жылына қабылдау ережелері

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Павлодар технологиялық колледжіне 2017-2018 оқу жылына оқуға қабылдаудың осы ережелері 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес (2016 жылдың 9 cәуір жағдайы бойынша қосымша және өзгерістерімен), 2012 жылғы 19 қаңтардағы №130 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген, техникалық және кәсіптік білім берудің кәсіби оқу бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру ұйымдарында оқуға қабылдау Типтік Ережелер негізінде.
2. Павлодар технологиялық колледжіне Қазақстан Республикасының азаматтары, шетел азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалар, негізгі орта ( негізгі жалпы), жалпы орта (орта жалпы), техникалық және кәсіптік (бастауыш кәсіптік және орта кәсіптік), орта білімнен кейін, жоғары (жоғары кәсіптік) білімі бар азаматтар қабылданады.
3. Павлодар технологиялық колледжіне оқуға түсу кезінде білім беру ұйымында қабылдау квотасы қарастырылады, ол Казақстан Ресубликасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңның 26 бабында 8 тармақта белгіленген , Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 28 ақпандағы № 264 «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымында оқуға түсу кезінде қабылдау квотасының мөлшерін бекіту туралы» Қаулысымен бекітілген.
4. Жоғары, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар тұлғалар үшін қабылдау емтихандарының тапсыру нысаны колледжбен белгіленеді.

 

 

2. Павлодар технологиялық колледжіне оқуға қабылдау тәртібі.
Құжаттарды қабылдауын ұйымдастыру және қабылдау емтихандарын өткізу

 

5. Павлодар технологиялық колледжіне оқуға азаматтардың өтініштерін қабылдау, қабылдау тестерін өткізу және оқушылардың құрамына қабылдау үшін қабылдау комиссиясы өз жұмысын 2016 жылдың 1 маусымынан кешіктірілмей бастайды. 2017 жылғы 03.04. № 45 бұйрығы бойынша қабылдау комиссиясының құрамына төраға, жауапты хатшы, қабылдау комиссиясының мүшелері кіреді.
6. Тұлғаларды оқуға қабылдау бойынша аймақтарға шығу қабылдау комиссияларының жұмысын ұйымдастыру мәселелері сәйкес саладағы өкілетті органмен келісе отыра шешіледі.

 

7. Оқуға қабылдану жөнінде ақпарат оқуға түсушілердің назарына күндізгі бөлімде
30 тамызға дейін, және сырттай бөлімге 30 қыркүйекке дейін ақпараттық стендтер мен колледж сайтында орналасу жолымен жеткізіледі.
8. Павлодар технологиялық колледжіне азаматтардың оқуға қабылдау өтініштері:
1) орта буындағы мамандарды даярлауды қарастыратын, техникалық және кәсіптік білім берудің білімдік оқу бағдарламалары бойынша күндізгі оқу түріне 20 маусымнан 20 тамызға дейін, сырттай оқу түріне 20 маусымнан 20 қыркүйекке дейін жүзеге асырылады.
2) жаппай кәсіптер бойынша және одан да күрделі (шектес) мамандарды даярлауды қарастыратын, техникалық және кәсіптік білім берудің білімдік оқу бағдарламалары бойынша күндізгі оқу түріне 20 маусымнан 20 тамызға дейін, сырттай оқу түріне 20 маусымнан 20 қыркүйекке дейін жүзеге асырылады.
9. Павлодар технологиялық колледжіне түсем деген азаматтың өтінішімен бірге мынадай құжаттар болу керек:
- білім алу туралы құжат (түпнұсқа),
- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйырығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) № 086-У нысаны бойынша флюротүсірілімі бар қосымшасымен медициналық анықтама (1, 2-ші топтағы және жастайынан мүгедектер үшін медициналық - әлеуметтік сараптама қорытындысы), 3х4 көлемді 4 фотосурет.
Оқуға түсетіндер жеке басының куәліктерін өздері, ата-аналары немесе заңды өкілдері көрсетулері керек. Ұлттық бірынғай тестілеудің немесе кешенді тестілеудің сертификаты (бар болса).
Шетелдік және азаматтығы жоқ тұлғалар тұратын жері бойынша тіркелу жөніндегі белгісімен олардың мәртебесін айқындайтын Қазақстан Республикасында тұрақты тұру құқығына ие құжатын ұсынады:
1) шетелдік – Қазақстан Республикасында шетел азаматының тұрып қайту рұқсаты;
2) азаматтығы жоқ тұлға – азаматтығы жоқ тұлғаның жеке басының куәлігі;
3)босқын – босқынның жеке басының куәлігі;
4)баспана іздеуші тұлға- баспана іздеп жүрген тұлғаның куәлігі;
5) оралман- оралманның жеке басының куәлігі.
Оқуға түсетіндердің өтініштері оқыту түрлері бойынша тіркеу журналдарында тіркеледі.
Кешенді тестілеудің сертификатын ұсынған тұлғалар ( кешенді тестілеуге қатысқан өткен жылғы түлектер, осы жылы жоғары оқу орындарына түсушілер) немесе ҰБТ нәтижелерімен сертификат (Ұлттық Бірыңғай Тестілеуге қатысқан осы жылғы түлектер) қабылдау емтихандарынан босатылады және Осы Ережелердің 15 тармағында көрсетілгендей, шарттарға сәйкес конкурсқа босатылады.
10. Қабылдау емтихандары техникалық және кәсіптік білім берудің оқу бағдарламалары бойынша оқуға түсетіндер үшін, орта буындағы мамандарды даярлауды қарастырады:
1) жалпы орта біліміне сәйкес үш пән (қазақ тілі немесе орыс тілі, Қазақстан тарихы және мамандықтың бейіні бойынша пән) бойынша өткізіледі.
2)негізгі жалпы біліміне сәйкес - екі пән бойынша негізгі жалпы білім беру оқу бағдарламалары көлемінде ( қазақ тілі немесе орыс тілі және мамандықтың бейіні бойынша пән)
3) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейін,жоғары білім, мамандықтың бейініне сәйкес келмейтін мамандықтың профилі бойынша өткізіледі.
4) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейін,жоғары білім, мамандықтың бейініне сәйкес келетін әңгімелесу түрінде өткізіледі.
Оқуға түсетіндер үшін жаппай кәсіптер бойынша және одан да күрделі (шектес) мамандарды даярлауды қарастыратын, техникалық және кәсіптік білім берудің білімдік оқу бағдарламалары бойынша қабылдау емтихандары әңгімелесу түрінде өткізіледі.
Білім беру ұйымына оқуға түсетіндер қабылдау емтихандарын мәлім етілген өтініштеріне қарай қазақ немесе орыс тілдерінде тапсырады.
Жалпы білім беру пәндерінің тізімі техникалық және кәсіптік білім беру мамандықтарының бейіні бойынша осы Ережелердің қосымшасына сәйкес белгіленеді.
11. Азаматтар, арнайы емтихандардан «қанағаттанарлықсыз» баға алғандар, дәлелсіз себептермен келмегендер қалған емтихандарға енгізілмейді.
Негізгі орта, жалпы орта білімі бар тұлғалар үшін қабылдау емтихандарының нысаны, 12 тармақта көрсетілгендей, пәндер бойынша тестілеу немесе емтихан тапсыру колледжбен белгіленеді.
12. Техникалық және кәсіптік білім берудің оқу бағдарламалары бойынша оқуға түсетін тұлғалар үшін, орта буындағы мамандарды даярлауды қарастыратын қабылдау емтихандары мен әңгімелесу: күндізгі бөлімге 1 тамыздан 28 тамызға дейін, ал сырттай оқу бөліміне 1 тамыздан 25 қыркүйекке дейін өткізіледі.
Оқуға түсетіндер үшін жаппай кәсіптер бойынша және одан да күрделі (шектес) мамандарды даярлауды қарастыратын күндізгі бөлім түріне әңгімелесу – 1 тамыздан 28 тамызға дейін, ал сырттай бөлімге 1 тамыздан 25 қыркүйекке дейін өткізіледі.
Қабылдау емтихандарын өткізу кезінде:
Тестілеуді өткізген кезде әр пәннен 25 сұрақ болады. Әрбір дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі. 3 пәннен кешендік тестілеуге – 2 сағат 15 минөт, ал 2 пәннен – 1 сағат 30 минөт бөлінеді. Дұрыс жауаптардың кодтары тестілеу аяқталғаннан кейін ілінеді. Тестілеу қорытындысы өткізілген күні хабарланады.
13. Біртекті талаптарды қамтамасыз ету және тестілеу тапсырмаларын бағалау кезінде даулы мәселелерді шешкен кезде оқу орнына түсетіндердің құқығын қорғау мақсатында апелляциялық комиссиясы құрылады.
2017 жылғы 03.04. № 45 бұйрығы бойынша апелляциялық комиссия құрамына төраға, хатшы, апелляциялық комиссия мүшелері кіреді.
Тестілеу және емтихан қорытындысына келіспеген тұлға емтихан жауаптарын хабарлағаннан кейін келесі күннің 13 сағ дейін апелляцияға беруге құқығы бар және тәулік ішінде өтініш берушінің қатысуымен апелляциялық комиссиямен қарастырылады.
Апелляциялық комиссиясының шешімі комиссия құрамының тізімінен тұрған көп дауыс алған қабылданады. Дауыс бергендер тең болса, онда комиссия төрағасы шешуші дауысын береді. Комиссия жұмысы хаттамалармен ресімделеді, олар төраға және комиссия мүшелерімен қол қойылады.
14. Тестілеу пәндер бойынша қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.

 

 

3. Павлодар технологиялық колледжі оқушыларының құрамына қабылдау

 

15. Павлодар технологиялық колледжіне тұлғаларды оқуға қабылдау конкурстық негізде азаматтардың өтініштері бойынша жүзеге асырылады.
Конкурс жүргізіледі:
- ҰБТ сертификаттың ұпайлары негізінде
- сертификаттың ұпайлары негізінде Қазақстан Республикасының ЖОО түсу үшін кешенді тестілеу түрінде өткізілген қабылдау емтиханының қорытындысы бойынша берілген
- тестілеу және әңгімелесу жиналған ұпай саны (баға) негізінде
Қабылдауға, конкурс өтілген кезде ұпай жинағы есептеледі, Ереженің 12 тармағына сай, ҰБТ немесе кешенді тестілеу сертификаттарында белгіленген.
Техникалық және кәсіптік білім берудің білімдік оқу бағдарламалары бойынша орта буындағы мамандарды даярлауды қарастыратын оқитындар құрамына қабылдау:
1) күндізгі оқу бөлімде 25 тамыздан 30 тамызға дейін
2) сырттай оқу бөліміне 15 қыркүйектен 30 қыркүйекке дейін өткізіледі.
Техникалық және кәсіптік білім берудің білімдік оқу бағдарламалары бойынша оқитындар құрамына қабылдау жаппай кәсіптер бойынша және одан да күрделі (шектес) мамандарды даярлауды қарастыратын күндізгі бөлім түріне – 25 тамыздан 30 тамызға дейін негізгі орта немесе жалпы орта білім берудің, әңгімелесу нәтижесі, бағалар есебін сұрыптау негізінде профильдік пәндер бойынша өткізіледі.Сұрыптау шарттары колледжбен анықталады.
16. Оқуға қабылдау комиссиясының ашық отырысында мамандықтар, кәсіптер бойынша жеке өткізіледі.

 


Қабылдау комиссиясының
жауапты хатшысы: А.А.Нуржанова

 

 

 

1 Қосымша

 

Кәсіптік және техникалық білім берудің оқу бағдарламасы бойынша орта буындағы мамандарды даярлауға және жаппай кәсіптер және ең күрделі (шектес) кадрларға арналған мамандықтардың тізімі

 

 

 

Күндізгі бөлім

 

Мамандықтың атауы коды

Біліктілік атауы

барлығы

9 сынып негізінде

11 сынып негізінде

Бейін пәні

 

 

барлығы

oқыту мерзімі

барлығы

Оның ішінде мемлекеттік тілде.

Оқыту мерзімі

1226000 Тамақтандыру кәсіпорындары өнімдерін өндіру технологиясы және оны ұйымдастыру

122604 3

«техник-технолог»

50

25

3ж.6 ай

25

25

6ай

биология- химия

 

 

 

 

 

 

 

 

 

0814000 Полимер технология өндірісі

081412 3 «техник-технолог»

081408 2 «экструдер жүргізушісі»

25

25

3ж10ай

 

 

 

химия

 

1224000 Сүт өнімдерінің өндірісі

122407 3 «техник-технолог»

122405 2 «қаймағы алынбаған және ашымалы сүт өнімдерін жасау шебері»

25

25

2ж10ай

 

химия

1119000 Тоңазытқыш – компрессорлар машиналары және қондырғылары

111905 3 «техник-механик»

111903 2 «жабдықтарды жөндеу шебері (өніркәсіпте)

25

25

3ж10ай

 

 

 

математика

1509000 Экология және табиғатты қорғау қызметі

150901 3 «жер қойнауын қорғау және пайдалану жөнәндегі инспектор»

25

 

 

25

25

6ай

химия

Барлығы:

 

 

150

100

 

50

50

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сырттай бөлім

 

 

 

коды

Мамандықтың атауы

Саны

Профильдік пән

0518000

Есеп және аудит (салалар бойынша)

15

математика

1226000

 

Тамақтандыру кәсіпорындары өнімдерін өндіру технологиясы және оны ұйымдастыру

15

химия

1508000

Орман шаруашылығы, бақ-саябақты және ландшафты құрылыстар

25

химия

Барлығы

 

55

 

 

 

 

 
© 2008 Павлодарский технологический колледж