Главная

Поиск

Телефоны доверия

150

Телефон доверия по оказанию юридической, психологической и консультативной помощи детям, оказавшимся в трудной жизненной ситуации

 

11616

Республиканский телефон доверия, доступный с городских и мобильных телефонов.

В случае выявления фактов жестокого обращения (бытовое насилие, трудовая и сексуальная эксплуатация)

ҚР Оңтүстік аймақтардағы кәсіптік бағдар жұмысы PDF Печать E-mail

ҚР Оңтүстік аймақтарынан абитуриенттер қабылдау іс-шараларын ұйымдастыру мақсатында ОҚО, Қызылорда облыстарына іссапарлар жоспарланды. 2015 жылғы 12-22 мамыр аралығында кәсіптік бағдар жұмысын өткізу мақсатында технологиялық колледж оқытушылары іссапарға жіберілді.  

 

 

 

ОҚО-да кәсіптік бағдар жұмысы 14-16 мамыр аралығында өткізіліп, Төлеби ауданының 8 мектебі, Ордабасының 5 мектебі қамтылды, №72 қалалық мектепте ОҚО Білім беру басқармасының көмегімен Шардара, Сарыағаш аудандары мектептерінің 11-сынып оқушыларымен кездесу ұйымдастырылды. Қызылорда облысында кәсіптік бағдар жұмысы 18-20 мамыр аралығында өткізілді. Политехникалық колледж базасында «Мәңгілік ел жастары - индустрияға» (СЕРПІН-2050) бағдарламасын жүзеге асыру штабында Жалыағаш, Шиелі,Қармақшы аудандарының мектеп бітірушілері және олардың ата-анасымен кездесу ұйымдастырылды. 15-20 мамыр аралығында Қызылорда облысы Білім беру басқармасы жергілікті колледждердің кәсіптік бағдар жүргізуі мақсатында «Талапқа талғам таразы» ұранымен облыстың 7 ауданында «Керуен кәсіптік бағдар беру 2015» бағдарламасын ұйымдастырды. 19-20 мамырда Технологиялық колледждің оқытушылары «Керуенмен» бірігіп Қазалы және Тереңөзек(Сырдария облысы) аудан орталықтарына барып, ТжКБ бөлімі және облыс,  аудан білім беру басқармалары ұйымдастырған аудандық мектеп бітірушілермен және олардың ата-анасымен кездесуге қатысты.                                            

Кәсіптік бағдар жұмысы қорытындысы бойынша  «Мәңгілік ел жастары - индустрияға» бағдарламасында 39 мектеп бітірушілері қатысатын болды.

 

 

 

Колледж директоры:                 Қ.Қ.Капенов

 
© 2008 Павлодарский технологический колледж