Басты бет

Қазақстан Республикасының "Отбасы үлгiсiндегi балалар ауылы және жасөспiрiмдер үйлерi туралы" Заңы PDF Print Email

 

Қазақстан Республикасының

2000 жылғы 13 желтоқсандағы N 113 Заңы

 

      Осы Заң жетiм балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалардың отбасында тұрып, тәрбиелену құқықтарын қанағаттандыру, сондай-ақ оларға имандылық-рухани, еңбек тәрбиесi мен бiлiм берудi жан-жақты қамтамасыз ету мақсатында құрылатын отбасы үлгiсiндегi балалар ауылдарының және жасөспiрiмдер үйлерiнiң құқықтық жағдайын айқындайды.

 

1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

      1-бап. Осы Заңмен реттелетiн қатынастар

      1. Осы Заң жетiм балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалардың отбасы үлгiсiндегi балалар ауылдары мен жасөспiрiмдер үйлерiнде бағып-күтiлуiне, тәрбиеленуiне, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары бiлiм берумен қамтамасыз етiлуiне байланысты туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейдi. 
      2. Осы Заңмен реттелмеген қатынастарға өзге нормативтiк құқықтық актiлердiң нормалары қолданылады. 
      Ескерту. 1-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2007.07.27 
N 320 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

 

      2-бап. Қазақстан Республикасының отбасы үлгiсiндегi
             балалар ауылдары және жасөспiрiмдер үйлерi
             туралы заңдары

      1. Қазақстан Республикасының отбасы үлгiсiндегi балалар ауылдарында және жасөспiрiмдер үйлерiнде тәрбиеленушi-балалардың бағып-күтiлуiн, тәрбиеленуiн, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары бiлiм берумен қамтамасыз етiлуiн реттейтiн заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлерден тұрады. 
      2. Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттар осы Заңнан басым болады және халықаралық шартқа орай оның қолданылуы үшiн Қазақстан Республикасының Заңын шығару талап етiлетiн жағдайлардан басқа реттерде тiкелей қолданылады. 
      Ескерту. 2-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2007.07.27 
N 320 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      3-бап. Осы Заңның негiзгi принциптерi мен мiндеттерi

      1. Осы Заң адамгершiлiк, әдiлеттiлiк, жеке адамның еркiн дамуы, тәрбиеленушiлердiң құқықтары мен заңды мүдделерiн басымдылықпен қорғау, балалар ауылы және жасөспiрiмдер үйлерi отбасы мүшелерiнiң өзара көмек және қолдау көрсету принциптерiне негiзделедi. 
      2. Осы Заң балалар үйлерiн кезең-кезеңiмен балалар ауылдарына айналдыруға және елде отбасы үлгiсiндегi балалар ауылдары мен жасөспiрiмдер үйлерiн құруға бағытталған, олардың қызметi мынадай мiндеттердiң орындалуын қамтамасыз етуге тиiс: 
      1) тәрбиеленушiлердiң бағып-күтiлуi, тәрбиеленуi, олардың бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары бiлiм алуы үшiн, соның iшiнде олардың дене бiтiмi, психикалық, имандылық және рухани дамуына әсер ететiн жағдайлар жасау; 
      2) тәрбиеленушiлердiң әлеуметтiк бейiмделуiн қамтамасыз ету;
      3) тәрбиеленушiлердiң денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету, олардың психофизикалық жай-күйiн нығайту және профилактикалық шаралар жүргiзу;
      4) тәрбиеленушiлерге еңбек ету дағдыларын сiңiру, еңбек рыногында талап етiлетiн кәсiптерге оқытып-үйрету;
      5) тәрбиеленушiлерге болашақ кәсiбiн дұрыс таңдауға және жұмысқа орналасуына жәрдемдесу.
      Ескерту. 3-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.12.26 
N 517-IV  (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

2-тарау. БАЛАЛАР АУЫЛЫ ТӘРБИЕЛЕНУШIЛЕРIНIҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ

      4-бап. Балалар ауылында тәрбиеленушi балалар

      Ескерту. Тақырыпқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.12.26 N 517-IV  (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      Балалар ауылында тәрбиеленуші балалар (тәрбиеленушiлер):
      1) жетiм балалар - ата-анасының екеуi де немесе жалғызiлiктi шешесi (әкесi) қайтыс болған он сегіз жасқа дейiнгi балалар;
      2) ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар - ата-аналарының ата-ана құқығы шектелуiне немесе 
ата-ана құқығынан айырылуына, ата-аналары хабар-ошарсыз кеткен деп танылуына, олар қайтыс болған деп жариялануынаiс-әрекетке қабiлетсiз (iс-әрекет қабiлетi шектеулi) деп танылуына, ата-аналарының бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жүруiне, ата-аналарының балаларын тәрбиелеуден немесе олардың құқықтары мен мүдделерiн қорғаудан жалтаруына, соның iшiнде ата-аналардың тәрбиелеу немесе емдеу мекемелерiнен өз балаларын алудан бас тартуына байланысты, сондай-ақ ата-ана қамқорлығы болмауының өзге де жағдайларында жалғызiлiктi шешесiнiң (әкесiнiң) немесе ата-анасының екеуiнiң де қамқорлығынсыз қалған он сегіз жасқа дейiнгi балалар.
      Ескерту. 4-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.12.26 
N 517-IV  (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      5-бап. Тәрбиеленушiнiң балалар ауылы отбасында тұру
             және тәрбиелену құқығы

      1. Әрбiр тәрбиеленушi өзi он сегiз жасқа толғанға дейiн балалар ауылы отбасында тұруға және тәрбиеленуге құқылы.
      2. Тәрбиеленушiнiң:
      1) өзiнiң адамдық қадiр-қасиетiнiң құрметтелуiне;
      2) тәрбиешi-ана тарапынан қамқорлық көруiне және онымен бiрге тұруға құқығы бар.
      3) алып тасталды - ҚР 2011.12.26 
N 517-IV  (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      Ескерту. 5-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.12.26 
N 517-IV  (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      6-бап. Тәрбиеленушiнiң өз пiкiрiн бiлдiру құқығы

      1. Тәрбиеленушi отбасында өзiнiң мүдделерiне қатысты кез келген мәселенi шешу кезiнде өз пiкiрiн бiлдiруге құқылы. 
      2. Тәрбиеленушi өзiнiң құқықтары мен заңды мүдделерiне қатысты кез келген сот iсiн немесе әкiмшiлiк iстi қарау барысында сөзiн тыңдатуға құқылы. 
      Жасы онға толған тәрбиеленушi пiкiрiнiң, бұл оның мүдделерiне қайшы келетiн реттердi қоспағанда, ескерiлуi мiндеттi. 
      Тәрбиеленушiнiң пiкiрi: 
      1) тәрбиешi-ана бiлiм беру мекемесiн және оқыту нысанын таңдаған кезде; 
      2) тәрбиешi-ана отбасылық тәрбие мен бiлiм беруге қатысты мәселелердi шешкен кезде; 
      3) сот баланы тәрбиешi-анадан өз ата-анасына қайтару туралы олардың талаптарын қараған кезде; 
      4) сот баланың ата-анасының ата-ана құқықтарын қалпына келтiру туралы талап қоюын қанағаттандырудан бас тартқан жағдайда; 
      5) сот баланың ата-анасының ата-ана құқықтарын шектеудiң күшiн жою туралы талап қоюын қанағаттандырудан бас тартқан жағдайда ескерiледi.

      7-бап. Тәрбиеленушiнiң құқықтары мен заңды мүдделерiн
             қорғауға құқығы

      1. Балалар ауылының тәрбиеленушiсiнiң өз құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғауға құқығы бар. 
      Тәрбиеленушiнiң құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғауды балалар ауылының әкiмшiлiгi, қорғаншы және қамқоршы орган, прокурор және сот, сондай-ақ өз құзыреті шегінде ішкі істер органдары мен өзге де мемлекеттік органдар жүзеге асырады.
      2. Балалар ауылы тәрбиеленушiсiнiң балалар ауылының әкiмшiлiгi, сондай-ақ тәрбиешi-ана тарапынан қиянат жасалуынан қорғалуға құқығы бар. 
      Тәрбиеленушiнiң құқықтары мен заңды мүдделерi бұзылған, соның iшiнде балалар ауылының әкiмшiлiгi, сондай-ақ тәрбиешi-ана оны бағып-күту, тәрбиелеу, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары бiлiм алу жағдайларын қамтамасыз ету жөнiндегi мiндеттерiн орындамаған немесе дұрыс орындамаған не олар өз құқықтарын асыра пайдаланған жағдайда, бала өз құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау үшiн қорғаншы және қамқоршы органға, ал он төрт жасқа толғаннан кейiн - сотқа өз бетiнше өтiнiш жасауға құқылы. 
      3. Баланың өмiрiне немесе денсаулығына қатер төнгенi туралы, оның құқықтары мен заңды мүдделерiнiң бұзылғандығы туралы мәлiм болған ұйымдардың лауазымды адамдары және адамдар бұл жөнiнде баланың нақты орналасқан жерiндегi қорғаншы және қамқоршы органға хабарлауға мiндеттi. Мұндай мәлiметтердi алған жағдайда қорғаншы және қамқоршы орган балалар ауылы тәрбиеленушiсiнiң құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау жөнiнде қажеттi шаралар қолдануға мiндеттi. 
      Ескерту. 7-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2007.07.27 
N 320 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.12.26 N 517-IV  (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      8-бап. Тәрбиеленушiнiң тұрғын үйге құқығы

      1. Тәрбиеленушi балалар ауылында болған бүкiл кезеңде тұрғын үйдің басқа да меншік иелерiмен бiрге ортақ меншiкке құқығын сақтайды. Ортақ меншіктегі, оның iшiнде балалар ауылы тәрбиеленушiсiнiң де меншiгiндегi тұрғын үйдi иелiктен айырудың тәртібі мен шарттары Қазақстан Республикасының заңнамасымен айқындалады.
      2. Ата-аналарынан, туыстарынан немесе басқа адамдардан өзiне мұрагерлiк немесе сыйға тарту тәртiбiмен және басқа да заңды негiзде ауысқан тұрғын үйге меншiк құқығы бар тәрбиеленушi балалар ауылында болған барлық кезеңде оған құқығын сақтайды. 
      3. Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан алынған тұрғын үй тәрбиеленушiге ол балалар ауылында болған барлық уақыт iшiнде сақталады.
      4. Тұрғын үйi жоқ тәрбиеленушi балалар ауылында болуы аяқталғаннан кейiн, Қазақстан Республикасының тұрғын үй 
заңдарына сәйкес мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға құқылы.
      Ескерту. 8-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.12.26 
N 517-IV  (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      9-бап. Тәрбиеленушiнiң мүлiкке құқығы

      Тәрбиеленушiнiң:
      1) өзi сыйға тарту, мұрагерлiк тәртiбiмен және басқа заңды негiзде алған мүлiкке;
      2) банк салымынан проценттер түрiнде алынған табыстарға;
      3) өзiне тиесiлi тұрғын үйдi жалға беруден алынған табыстарға;
      4) шығармашылық, кәсiптiк, еңбек және өзге де қызметтен түскен табыстарға меншiк құқығы сақталады.      

      10-бап. Тәрбиеленушiнiң әлеуметтiк төлемдерге құқығы

      1. Тәрбиеленушінің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жәрдемақылар мен басқа да әлеуметтік төлемдерге, сондай-ақ ата-анасынан алынатын өзіне тиесілі алименттерге құқығы бар. 
      2. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тәрбиеленушіге тағайындалған жәрдемақылар мен басқа да әлеуметтік төлемдер, сондай-ақ тәрбиеленушіні бағып-күтуге ата-анасынан өндіріп алынатын қаражат тәрбиеленушіге жазбаша хабар беріле отырып, оның атына банк шоттарына аударылуға тиіс.
      Балалар ауылдарының әкімшілігі мен тәрбиеші-аналарының алименттерден, жәрдемақылар мен басқа да әлеуметтік төлемдерден түскен қаражатты тәрбиеленушілердің банк шоттарынан алуға құқығы жоқ.
      Ескерту. 10-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.12.26 
N 517-IV  (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

3-тарау. ОТБАСЫ YЛГIСIНДЕГI БАЛАЛАР АУЫЛЫ (БАЛАЛАР АУЫЛЫ)

      11-бап. Балалар ауылындағы отбасы

      1. Балалар ауылындағы отбасы - балаларды тәрбиелеудiң жаңа нысанынан туындайтын, отбасылық қатынастарды нығайтуға және еңбек дағдыларын сiңiруге, оқыту мен тәрбиелеуге жәрдемдесуге бағытталған жеке мүлiктiк емес құқықтармен және мiндеттермен байланысты адамдар тобы (тәрбиеші-ана, тәрбиеленушілер). 
      2. Балалар ауылында балаларды бағып-күтудi және тәрбиелеудi  бiлiм беру саласындағы 
уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен конкурстық iрiктеуден өткен тәрбиешi-ана отбасында жүзеге асырады. 
      3. Балалар ауылындағы отбасы туралы 
ереженi Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
      Ескерту. 11-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.12.26 
N 517-IV  (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      12-бап. Балалар ауылының құқықтық мәртебесi

      1. Балалар ауылы - тәрбиеленушi балалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қамтамасыз ету және осы Заңмен белгiленген функцияларды орындау үшiн коммерциялық емес ұйым ұйымдастырушылық-құқықтық нысанында құрылатын заңды тұлға.
      Мемлекет Қазақстан Республикасының Yкiметi мен жергiлiктi атқарушы органдар арқылы балалар ауылының құрылтайшысы бола алады. 
      2. Балалар ауылының оқшауланған аумағы болады, оның ең аз көлемiн, онда орналасқан пәтер үлгiсiндегi тұрғын үй-жайларды, әкiмшiлiк үйлер мен отбасыларының тұруына арналған ғимараттарды, сондай-ақ үй іргесiндегi және қосалқы (үй) шаруашылықты қоса, Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлейдi. 
      3. Балалар ауылы, әрқайсысында жасы он сегiзге дейiнгi жетiден он тәрбиеленушi балаға дейiн тұратын және тәрбиеленетiн бiрнеше отбасынан, сондай-ақ белгiлi бiр кезеңде жиырма үш жасқа дейiнгi балалар үйлерiнiң, жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаттардың түлектерi мен балалар ауылының тәрбиеленушiлерi тұруға арналған жасөспiрiмдер үйлерiнен тұрады. 
      4. Балалар ауылы, әдетте, шағын және орташа қалаларда, селолық елдi мекендер мен iрi қалалар маңындағы аймақтарда орналасады.
      Ескерту. 12-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2004.12.20 
N 13 (2005.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2011.12.26 N 517-IV  (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      13-бап. Балалар ауылының қызметiн басқару

      1. Балалар ауылының қызметiн басқаруды балалар ауылының құрылтайшысы оның Жарғысына сәйкес тағайындайтын әкiмшiлiк жүзеге асырады.
      2. Балалар ауылы әкiмшiлiгiнiң негiзгi қызметiне: 
V011629
      1) балалар ауылының жұмыс iстеуiне қалыпты жағдай жасау және жасөспiрiмдер үйлерiнiң материалдық-техникалық базасын қамтамасыз ету; 
      2) тәрбие процесіне басшылық жасау, оқуды бақылау;
      3) балалар ауылының инфрақұрылымын жетiлдiру; 
      4) балалар ауылына келiп түскен қаражатты материалдық қамтамасыз ету нормаларына сәйкес тәрбиешi-аналардың арасында бөлу; 
      5) тәрбиешi-аналардың, жасөспiрiмдер үйлерi директорларының ай сайынғы қаржы есептерiн қабылдау және талдау жатады. 
      3. Балалар ауылының әкiмшiлiгi туралы 
ереженi бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi орган бекiтедi. 
      Ескерту. 13-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2004.12.20 
N 13 (2005.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2011.12.26 N 517-IV  (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      14-бап. Тәрбиешi-анаға қойылатын талаптар

      1. Жиырма жеті жасқа толған, жоғары, орта білімнен кейінгі немесе орта (техникалық және кәсіптік) білімі бар, некеде тұрмайтын, өзінің кәмелетке толмаған не асырап алған балалары жоқ Қазақстан Республикасының азаматтары:
      1) сот әрекетке қабiлетсiз немесе әрекетке қабiлетi шектеулi деп таныған адамдарды; 
      2) сот ата-ана құқығынан айырған немесе сот арқылы ата-ана құқығы шектелген адамдарды; 
      3) өзiне заңмен жүктелген мiндеттердi дұрыс орындамағаны үшiн қорғаншы (қамқоршы) мiндеттерiнен шеттетiлгендердi; 
      4) бұрынғы бала асырап алушыларды, егер өздерiнiң кiнәсiнен олардың бала асырап алушылығы жағдайын сот жойған болса; 
      5) сотталғандығы бар адамдарды; 
      6) денсаулық жағдайына қарай бала тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi жүзеге асыра алмайтын адамдарды қоспағанда, тәрбиешi-ана бола алады. Адамның тәрбиелеуге бала қабылдап алуға болмайтын аурулары 
тiзбесiн Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлейдi. 
      2. Бiлiм беру саласындағы 
уәкiлеттi орган тәрбиешi-аналардың бiлiктiлiк санаттарын әзiрлейдi және белгiлейдi.
      3. Балалар ауылында тәрбиеленуші балалардың мүдделерін неғұрлым толығырақ қамтамасыз ету үшін қорғаншы және қамқоршы органдардың конкурстық іріктеуден өткен тәрбиеші-аналардың кадр резерві болуы мүмкін.
      Ескерту. 14-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2004.12.20 
N 13 (2005.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2011.12.26 N 517-IV  (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      15-бап. Балаларды балалар ауылы отбасына iрiктеу

      1. Балаларды балалар ауылы отбасына iрiктеудi балалар ауылы әкiмшiлiгi өкiлiнiң қатысуымен, қорғаншы және қамқоршы органдардың жолдамасы негiзiнде тәрбиешi-ана жүзеге асырады. 
      2. Балаларды балалар ауылы отбасына iрiктеген кезде қорғаншы және қамқоршы органдар оған мұрагерлiк, сыйға тарту тәртiбiмен немесе басқа да заңды негiздер бойынша берiлген мүлiктiң бар екендiгiн анықтауға және балалардың мүлiкке құқығын қорғаудың және осы мүліктi сақтаудың тиiстi шараларын қолдануға мiндеттi (заң бойынша балаларға мұрагерлiкке өтуге тиiс мүлiктi анықтау, сақтау және басқару; мүлiктi заңсыз иеленген тұлғалардан оны талап ету; борышқорлардан ақшаны өндiрiп алу және басқалары). 
      3. Егер балалар ауылына берiлген балалардың басқа жерде тұрған мүлкi болса, онда бұл мүлiктi қорғауды мүлiк тұрған жердегi Қорғаншы және Қамқоршы орган жүзеге асырады және қажет болған жағдайда олар мүлiкке қорғаншы тағайындауы мүмкiн. 
      4. Ақшалай сомалар тәрбиеленушінің банк шотына салынады. Шоттың бар екендігі туралы құжаттар балалар ауылының әкімшілігінде сақталады.
      Шоттың бар екендігі туралы құжаттардың көшірмелері тәрбиеші-анаға беріледі.
      Ескерту. 15-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.12.26 
N 517-IV  (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      16-бап. Балаларды балалар ауылы отбасына берудiң
              тәртiбi

      1. Балаларды отбасында бағып-күту, тәрбиелеу, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары бiлiм берумен қамтамасыз ету тәрбиеші-ана, балалар ауылының әкімшілігі мен қорғаншы және қамқоршы орган арасында жасалған балаларды беру туралы шарт негiзiнде жүзеге асырылады. Балаларды балалар ауылы отбасына беру туралы үлгi шартты бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi орган бекiтедi.
      2. Балаларды отбасына берген кезде қорғаншы және қамқоршы орган олардың мүдделерiн басшылыққа алады. 
      Балаларды отбасына беру олардың пiкiрi және тәрбиешi-аналардың тiлегi ескерiле отырып жүзеге асырылады. Он жасқа толған балалар, балалар ауылы отбасына, олардың келiсiмiмен берiлуi мүмкiн. 
      Балалар ауылы отбасына берген кезде балалардың мүддесiне орай олардың этникалық шығу тегi, белгiлi бiр дiндi және мәдениеттi ұстанатындығы, ана тiлi, тәрбие мен бiлiм беруде сабақтастықты қамтамасыз етудiң мүмкiндiктерi ескерiлуге тиiс. 
      3. Бiрге туған ұл-қыздар, медициналық не басқа да себептермен бiрге тәрбиеленуге болмайтын жағдайларды қоспағанда, бiр отбасына берiлуге тиiс. 
      4. Балалар ауылына берiлетiн әрбiр балаға арнап қорғаншы және қамқоршы органдар балалар ауылының әкімшілігіне мынадай құжаттар тапсырады: 
      1) тууы туралы куәлiк; 
      2) денсаулығы туралы анықтама және баланың сырқаты тарихынан үзiндi көшiрме; 
      3) анасының денсаулығы және оның босану жағдайы туралы анықтама (бала сәбилер үйінен берiлген жағдайда); 
      4) бiлiмi туралы құжат (мектеп жасындағы балалар үшін); 
      5) ата-аналары туралы құжаттар (қайтыс болғандығы туралы куәлiктiң көшiрмесi, соттың үкiмi немесе шешiмi, ата-аналарының сырқаты, оларға iздестiру туралы анықтама және ата-аналарының жоқтығын немесе олардың өз балаларын тәрбиелеуi мүмкiн еместiгiн растайтын басқа да құжаттар); 
      6) ағасы, iнiсi, апасы, сiңлiсi, қарындасы бар екендiгi және олардың тұрғылықты жерi туралы анықтама;
      7) балаға тиесiлi мүлiктiң тiзiмдемесi және оның сақталуы үшiн жауапты тұлғалар туралы мәлiметтер;
      8) кәмелетке толмағандарға бұрыннан тұрып келген тұрғын үй алаңын бекiтiп беру туралы құжаттар және әділет органдарының бала мен оның ата-анасының жылжымайтын мүлікке құқықтарын және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтері;
      9) алимент өндiрiп алу туралы сот шешiмiнiң көшiрмесi, сондай-ақ жәрдемақыға, зейнетақыға және басқа да әлеуметтiк төлемдерге құқығын растайтын құжаттар;
      10) банкте баланың атына ашылған шоттың бар екендiгi туралы құжаттардың көшірмелері;
      11) өзге де құжаттар. 
      Ескерту. 16-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2007.07.27 
N 320 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.12.26 N 517-IV  (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      17-бап. Балалар ауылының отбасына балаларды беру
              туралы шарт

      

      1. Балаларды беру туралы шартта:
      1) балалар ауылы тәрбиеленушілерінің тәрбиелену, білім алу және бағып-күтілу жағдайлары;
      2) тәрбиеші-ананың, балалар ауылы әкімшілігінің құқықтары мен міндеттері;
      3) тәрбиеші-аналарға қатысты қорғаншы және қамқоршы органдардың міндеттері;
      4) балаларды беру туралы шартты тоқтатудың негіздері мен салдары қамтылуға тиіс.
      Балалар тәрбиешi-аналардың тәрбиесiне он сегiз жасқа толғанға дейiнгi мерзiмге берiледi. 
      2. Балалар ауылының отбасына балаларды беру туралы шартты мерзiмiнен бұрын бұзу: 
      1) дәлелдi себептер болған жағдайда (сырқаттануына, отбасы жағдайының өзгеруiне байланысты және өз мiндеттерiн орындауға мүмкiндiгi болмайтын басқа да жағдайларда), тәрбиешi-аналардың бастамашылығы бойынша; 
      2) тәрбиешi-ана өзiне жүктелген мiндеттердi орындаудан жалтарса, өз құқықтарын асыра пайдаланса, балаларға қатыгездiкпен қараса, оның iшiнде оларға күш көрсетсе немесе психикалық қысым жасаса және балаларды бағып-күту, тәрбиелеу және оларға бiлiм беру үшiн басқа да қолайсыз жағдайлар туындаған кездерде, қорғаншы және қамқоршы органдардың және (немесе) балалар ауылы әкімшілігінің бастамашылығы бойынша; 
      3) баланы (балаларды) ата-анасына қайтарған немесе оны (оларды) асырап алған, сондай-ақ баланы (балаларды) қорғаншылыққа (қамқоршылыққа), патронаттық тәрбиелеуге берген жағдайда;
      4) балаларды отбасына беру туралы шарттың талаптары бұзылған жағдайда жүзеге асырылуы мүмкiн. 
      3. Тәрбиеші-ананың бастамасы бойынша балаларды балалар ауылының отбасына беру туралы шарт мерзімінен бұрын бұзылған кезде, мұндай шартты қорғаншы және қамқоршы орган балалар ауылының әкімшілігімен және тәрбиеші-аналардың кадр резервінде тұрған адаммен жасайды.
      Ескерту. 17-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.12.26 
N 517-IV  (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      18-бап. Тәрбиешi-ананың балаларды тәрбиелеу және
              оларға бiлiм беру жөнiндегi құқықтары мен
              мiндеттерi

      1. Тәрбиешi-ана балалардың пiкiрi, балалар ауылы әкімшілігінің пікірі мен қорғаншы және қамқоршы органның ұсыныстарын ескере отырып, балаларды тәрбиелеу әдiстерiн өз бетiнше айқындауға құқылы. 
      Тәрбиешi-ана балалардың пiкiрiн ескере отырып, білім беру ұйымы мен оқыту нысандарын таңдауға құқылы және балалардың бастауыш, негізгі орта және жалпы орта бiлiм алуына жағдай жасауға мiндеттi. 
      2. Тәрбиешi-ана өзiнiң өкiлеттiктерiн жүзеге асырған кезде балалардың дене бiтiмiне және психикалық саулығына, олардың имандылық рухында дамуына залал келтiрмеуге тиiс. Тәрбиелеу әдiстерi балаларға енжар қараушылықты, қатыгездiктi, дөрекiлiктi, олардың адамдық абыройын кемсiтудi, ар-ұжданы мен намысын қорлауды болдырмауға тиiс. 
      3. Тәрбиешi-ана балаларды тәрбиелеуге, олардың денсаулығы, дене бiтiмiнiң, психикасының, имандылық және рухани жағынан дамуы жөнiнде қамқорлық жасауға мiндеттi. 
      Тәрбиешi-ана отбасында имандылық-рухани және үйiшiлiк ахуал жасау жөнiндегi өзiне жүктелген мiндеттердi адал атқаруға тиiс. 
      4. Тәрбиешi-ана осы Заңның 16-бабы 4-тармағының 1), 2), 4) – 11) тармақшаларында көрсетілген, өзiне берiлген құжаттар көшірмелерінің сақталуын қамтамасыз етуге мiндеттi.
      5. Өз мiндетiн тәрбиеленушiлердiң құқықтары мен мүдделерiне залал келтiре отырып атқарған тәрбиешi-ана Қазақстан Республикасының 
заң актiлерiнде белгiленген жауапкершiлiктi ата-аналармен бiрдей көтередi.
       Ескерту. 18-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2007.07.27 
N 320 (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптанқараңыз), 2011.12.26 N 517-IV  (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      19-бап. Тәрбиеленушiлердiң құқықтары мен мүдделерiн
              қорғау жөнiндегi әкiмшiлiктiң құқықтары мен
              мiндеттерi

      1. Балалар ауылының әкiмшiлiгi, тәрбиеленушi-балалардың кез келген жеке және заңды тұлғалармен қарым-қатынастарында, оның iшiнде соттарда, бұған арнайы өкiлеттiктерi болмаса да, олардың құқықтары мен мүдделерiн қорғауға әрекет ететiн заңды өкiлi болып табылады. 
      2. Егер қорғаншы және қамқоршы орган әкiмшiлiк пен балалардың мүдделерi арасында қайшылықтар бар екенiн анықтаса, әкiмшiлiк балалардың мүдделерiн қорғауға құқылы емес. Олардың арасында келiспеушiлiктер болған жағдайда қорғаншы және қамқоршы орган балалардың мүдделерін білдіруші етіп тәрбиеші-ананы тағайындауға тиiс. 
      3. Балалар ауылының әкiмшiлiгi тәрбиеленушiлердiң денсаулық жағдайы туралы, оны тәрбиелеу жөнiндегi, сондай-ақ тәрбиеленушiнiң мүлкiн басқару жөнiндегi жұмысы туралы қорғаншы және қамқоршы органға кем дегенде жылына бiр рет есеп берiп отыруға тиiс.
      Ескерту. 19-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.12.26 
N 517-IV  (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      20-бап. Әкiмшiлiктiң тәрбиеленушiнiң мүлкiн басқару
              жөнiндегi құқықтары мен мiндеттерi

      1. Тәрбиеленушінің мүлкін басқару Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
      2. Мүлiктi жалдауға (жалға) беруден түскен кiрiстi әкiмшiлiк тәрбиеленушiнiң банктегi банк шотына аударып отырады.
      3. Тәрбиеленушiнi ата-анасына қайтарған жағдайда немесе оны балалар ауылынан шығарғаннан кейiн тәрбиеленушiнiң мүлкi мен құжаттары нотариус куәландырған тiзiмдеме бойынша ата-аналарына немесе тәрбиеленушiнiң өзiне берiледi. 
      Ескерту. 20-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2009.07.11 
N 185-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.12.26 N 517-IV  (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      21-бап. Тәрбиеленушi-балалардың ата-аналарымен және
              басқа да жақын туыстарымен байланыстары

      1. Әкiмшiлiк тәрбиеленушiлердiң ата-аналарының құқықтары қалпына келтiрiлген, бас бостандығынан айыру орындарынан босаған және баланың мүдделерiне қайшы келмейтiн басқа да жағдайларда олардың ата-аналарымен байланыс жасауына және табысуына кедергi жасамауға тиiс. 
      2. Әкiмшiлiк, сондай-ақ тәрбиеленушiнiң басқа да жақын туыстарымен (ата-анасы бiр және ата-анасы бөлек аға-iнiлерiмен және апа-сiңлiлерiмен, аталарымен, әжелерiмен) байланыс жасап тұруына, мұндай араласу баланың мүдделерiне сай келмейтiн жағдайларды қоспағанда, кедергi жасамауға тиiс. 
      3. Тәрбиеленушiлермен ата-аналарының және басқа да жақын туыстарының байланыс жасауына әкiмшiлiктiң келiсiмiмен рұқсат етiледi. 
      4. Тәрбиеленушiлердiң бұрынғы отбасына қайта оралуы Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.

4-тарау. ЖАСӨСПIРIМДЕР YЙI (ӘЛЕУМЕТТIК БЕЙIМДЕЛУ ОРТАЛЫҒЫ)

      22-бап. Жасөспiрiмдер үйi

      1. Балалар ауылының, балалар үйінің, жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаттың балансындағы жатақхана немесе пәтерлер Жасөспірімдер үйі болып табылады.
      Жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша Жасөспірімдер үйі мемлекеттік мекеме нысанындағы дербес заңды тұлға ретінде құрылуы және жұмыс істеуі мүмкін.
      2. Жасөспiрiмдер үйiнiң қызметiн балалар ауылының, балалар үйiнiң, жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаттың әкімшілігі Жасөспірімдер үйінің директорымен бірлесе отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Жасөспірімдер үйі туралы 
үлгі қағидаларға сәйкес жүзеге асырады.
      3. Дербес заңды тұлға ретінде жұмыс істейтін Жасөспірімдер үйі өз қызметін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Жасөспірімдер үйі туралы үлгі қағидаларға сәйкес жүзеге асырады.
      Ескерту. 20-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.12.26 
N 517-IV  (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      23-бап. Жасөспiрiмдер үйiнiң мақсаттары мен мiндеттерi

      1. Жасөспiрiмдер үйiнiң негiзгi мақсаты - балалар ауылдарының тәрбиеленушiлерiне, балалар үйлерінің, жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаттардың түлектерiне (әлеуметтiк бейiмделуден өтетiн адамдарға) олардың өз тiлектерiне сай қоғамға, оның iшiнде еңбек нарығына сіңісуіне көмектесу.
      2. Балалар ауылдарының тәрбиеленушiлерiн, балалар үйлерінің, жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаттардың түлектерiн әлеуметтiк бейiмдеу мақсатында Жасөспiрiмдер үйi мынадай міндеттерді:
      1) қоғамдық өмiрге әлеуметтiк бейiмделу үшiн жағдай жасауға;
      2) жеке қабiлеттерiн дамытуға жәрдемдесу және кәсiби даярлығын қамтамасыз етуге;
      3) жұмысқа орналасуға жәрдемдесу жөнiндегi мiндеттерiн орындауға тиiс.
      Ескерту. 23-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.12.26 
N 517-IV  (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      24-бап. Жасөспiрiмдер үйiнде әлеуметтiк бейiмделуден
              өтетiн адамдардың санаттары

      1. Балалар ауылы, балалар үйі, жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернат әкімшілігінің шешімі негізінде Жасөспірімдер үйінде, психоневрологиялық аурулары бар адамдарды қоспағанда, он алты жастан жиырма үш жасқа дейінгі балалар ауылдарының тәрбиеленушілері және балалар үйлерінің, жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаттардың түлектері әлеуметтік бейімделуден өте алады.
      2. Жергілікті атқарушы органдардың шешімі негізінде дербес заңды тұлға ретінде жұмыс істейтін Жасөспірімдер үйінде, психоневрологиялық аурулары бар адамдарды қоспағанда, он алты жастан жиырма үш жасқа дейінгі балалар ауылдарының тәрбиеленушілері және балалар үйлерінің, жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаттардың түлектері әлеуметтік бейімделуден өте алады. 
V010001629 
      Ескерту. 24-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.12.26 
N 517-IV  (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      25-бап. Жасөспiрiмдер үйi директорының негiзгi
              мiндеттерi

      Жасөспiрiмдер үйiнiң директоры: V011629
      1) еңбек нарығын:
      мүдделi ұйымдармен байланыстар орнату және ұйымдардағы бос жұмыс орындарын зерделеу;
      қосалқы шаруашылықтар, шағын ағаш ұсташылық және слесарлық шеберханалар мен шағын кәсiпкерлiктiң басқа да объектiлерiн құру арқылы жүйелi түрде зерделеуге;
      2) өз құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша балалар ауылының, балалар үйiнің және жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаттың әкiмшiлiгiмен өзара iс-қимылды жүзеге асыруға мiндеттi.
      Ескерту. 25-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.12.26 
N 517-IV  (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      26-бап. Әлеуметтiк бейiмделуден өтiп жатқан адамдардың
              өкiлдiгi

      1. Әлеуметтік бейімделуден өтіп жатқан он алты жастан он сегіз жасқа дейінгі адамдардың мүдделерін балалар ауылының, балалар үйінің, жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаттың әкімшілігі білдіреді және қорғайды.
      Дербес заңды тұлға мәртебесі бар Жасөспірімдер үйінде әлеуметтік бейімделуден өтіп жатқан он алты жастан он сегіз жасқа дейінгі адамдардың мүдделерін оның әкімшілігі білдіреді және қорғайды.
      2. Әлеуметтiк бейiмделуден өтiп жатқан он сегіз жастан жиырма үш жасқа дейiн адамдар өздерiнiң азаматтық құқықтарын өз бетiнше жүзеге асырады және мiндеттер атқарады.
      Ескерту. 26-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.12.26 
N 517-IV  (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      27-бап. Әлеуметтiк бейiмделуден өтiп жатқан
              адамдардың әрекет қабiлеттiлiгi

      1. Әлеуметтiк бейiмделуден өтiп жатқан адамның өз әрекеттерiмен азаматтық құқықтарға ие болуға және оларды жүзеге асыруға, өзіне азаматтық мiндеттер жүктеуге, оларды орындауға қабiлеттiлiгi (азаматтық әрекет қабiлеттiлiгi) кәмелетке толғанда, яғни он сегiз жасқа толғаннан кейiн толық көлемiнде туындайды. 
      2. Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде он сегiз жасқа толғанға дейiн некелесуге рұқсат етiлетiн жағдайда, он сегіз жасқа толмаған әлеуметтiк бейiмделуден өтiп жатқан адам некеге тұрған кезден бастап толық көлемiнде әрекет қабiлеттiлiгiне ие болады. 
      3. Әлеуметтiк бейiмделуден өтiп жатқан адамның құқық қабiлеттiлiгiнен немесе әрекет қабiлеттiлiгiнен толық немесе iшiнара бас тартуы және құқық қабiлеттiлiгiн немесе әрекет қабiлеттiлiгiн шектеуге бағытталған басқа да мәмiлелер, Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде мұндай мәмiлелерге жол берiлетiн реттердi қоспағанда, жарамсыз болады.
      Ескерту. 27-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.12.26 
N 517-IV  (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      28-бап. Әлеуметтiк бейiмделуден өтiп жатқан
              он алты жастан он сегіз жасқа дейiнгi адамдардың
              әрекет қабiлеттiлiгi

      1. Әлеуметтiк бейiмделуден өтiп жатқан он алты жастан он сегіз жасқа дейiнгi адамдар мәмiлелердi балалар ауылы, балалар үйі, жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернат әкiмшiлiгiнiң келiсiмiмен жасайды. Мұндай келiсiмнiң нысаны кәмелетке толмағандар жасайтын мәміле үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген нысанға сай келуге тиiс. 
      2. Әлеуметтiк бейiмделуден өтiп жатқан он алты жастан он сегіз жасқа дейiнгi адамдар өздерiнiң жалақысына, стипендиясына, өзге де кiрiстерiне және өздерi жасаған санаткерлiк меншiк құқығы объектiлерiне өз бетiнше билiк етуге, сондай-ақ тұрмыстық ұсақ мәмiлелер жасауға құқылы. 
      3. Жеткiлiктi негiздер болған жағдайда қорғаншы және қамқоршы орган әлеуметтiк бейiмделуден өтiп жатқан адамның өз жалақысына, стипендиясына, өзге де кiрiстерiне және өзi жасаған санаткерлiк меншiк құқығы объектiлерiне өз бетiнше билiк ету құқығын шектеуi немесе ол құқықтан айыруы мүмкiн.
      4. Әлеуметтiк бейiмделуден өтiп жатқан он алты жастан он сегіз жасқа дейiнгi адамдар осы баптың ережелерiне сәйкес өздерi жасаған мәмiлелер бойынша дербес жауапты болады және өздерiнiң әрекеттерiмен келтiрiлген зиян үшiн Қазақстан Республикасы 
Азаматтық кодексiнiң ережелерiне сәйкес жауапты болады.
      5. Дербес заңды тұлға ретінде жұмыс істейтін Жасөспірімдер үйінде әлеуметтік бейімделуден өтіп жатқан он алты жастан он сегіз жасқа дейінгі адамдар мәмілелерді осы мекеме әкімшілігінің келісімімен жасайды.
      Ескерту. 28-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.12.26 
N 517-IV  (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      29-бап. Әлеуметтiк бейiмделуден өтiп жатқан он алты жастан
               он сегіз жасқа дейiнгi адамдардың банктерге
               салымдар салу және салымдарға билiк ету құқығы

      1. Әлеуметтiк бейiмделуден өтiп жатқан он алты жастан он сегіз жасқа дейiнгi адамдар банктерге салымдар салуға және өздерi салған салымдарға өз бетiнше билiк етуге құқылы.
      2. Әлеуметтiк бейiмделуден өтiп жатқан он алты жастан он сегіз жасқа дейiнгi адамдар өздерiнiң атына басқа бiреу салған салымдарға өз бетiнше билiк етедi.

      30-бап. Әлеуметтiк бейiмделуден өтiп жатқан
              адамдардың құқықтары мен мiндеттерi

      Әлеуметтiк бейiмделуден өтiп жатқан адамдардың құқықтары мен мiндеттерi балалар ауылы, балалар үйi және жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернат пен тәрбиеленуші (түлек) арасында жасалған Жасөспiрiмдер үйiнде бағып-күту туралы шарт негiзiнде айқындалады. Осы шарт бiлiм беру саласындағы уәкілетті орган бекiтетiн үлгi шарт негiзiнде жасалады.
      Дербес заңды тұлға ретінде жұмыс істейтін Жасөспірімдер үйінде әлеуметтік бейімделуден өтіп жатқан адамдардың құқықтары мен міндеттері Жасөспірімдер үйі мен тәрбиеленуші (түлек) арасында жасалған осы мекемеде бағып-күту туралы шарт негізінде айқындалады.
      Ескерту. 30-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.12.26 
N 517-IV  (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      31-бап. Жасөспiрiмдер үйiнде бағып-күту туралы шартты
              тоқтату

      1. Жасөспiрiмдер үйiнде бағып-күту туралы шарт онда көзделген негiздерден басқа:
      1) жиырма үш жасқа жеткенде;
      2) әлеуметтiк бейiмделуден өтiп жатқан адамның шартты тоқтату туралы тiлек бiлдiруiмен;
      3) Жасөспірімдер үйінің тәрбиеленушісі (түлегі) Жасөспiрiмдер үйiнің тәртібін бірнеше рет бұзған, алкогольді, есірткілерді, басқа да есеңгірететін заттарды пайдалану, нәпсіқұмарлық сипаттағы әдепсіз іс-әрекеттерді жасау фактілері анықталған жағдайларда қорғаншы және қамқоршы органның, балалар ауылы, балалар үйі және жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернат әкiмшiлiгiнiң шешiмiмен;
      3-1) Жасөспірімдер үйінің тәрбиеленушісі (түлегі) Жасөспірімдер үйінің тәртібін бірнеше рет бұзған, алкогольді, есірткілерді, басқа да есеңгірететін заттарды пайдалану, нәпсіқұмарлық сипаттағы әдепсіз іс-әрекеттерді жасау фактілері анықталған жағдайларда дербес заңды тұлға ретінде жұмыс істейтін Жасөспірімдер үйі әкімшілігінің шешімімен;
      4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайларда тоқтатылады.
      2. Жасөспiрiмдер үйiнде бағып-күту туралы шартты тоқтату әлеуметтiк бейiмделуден өтiп жатқан адамның Жасөспiрiмдер үйi жатақханасындағы орынға құқығын тоқтатады.
      Ескерту. 31-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.12.26 
N 517-IV  (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      32-бап. Әлеуметтiк бейiмделуден өтiп жатқан
              адамның зиян келтiргенi үшiн жауаптылығы

      1. Әлеуметтiк бейiмделуден өтiп жатқан он алты жастан он сегіз жасқа дейiнгi адамдар өздерi келтiрген зиян үшiн жалпы негiздер бойынша дербес жауапты болады. 
      2. Егер әлеуметтiк бейiмделуден өтiп жатқан он алты жастан он сегіз жасқа дейiнгi, қамқорлықты қажет ететiн адамдар заңға орай өзiнiң қамқоршысы болып табылатын балалар ауылында, балалар үйінде, жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернатта тұрып жатса, онда балалар ауылының, балалар үйінің, жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаттың әкiмшiлiгi, егер зиян оның кiнәсiнен болмағанын дәлелдей алмаса, зиянды толығымен немесе оның жетiспейтiн бөлiгiн өтеуге мiндеттi. 
      3. Балалар ауылы, балалар үйі, жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернат әкiмшiлiгiнiң зиянды өтеу жөнiндегi мiндетi залал келтiрушiнiң кәмелеттiк жасқа толуына қарай не оның кәмелеттiк жасқа толғанға дейiн зиянды өтеу үшiн жеткiлiктi мүлкi немесе өзге де табыс көздерi пайда болса, не ол кәмелеттiк жасқа толғанға дейiн әрекет қабiлеттiлiгiне ие болса, тоқтатылады.
      Ескерту. 32-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.12.26 
N 517-IV  (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

5-тарау. БАЛАЛАР АУЫЛДАРЫ МЕН ЖАСӨСПIРIМДЕР
YЙЛЕРIНIҢ ТӘРБИЕЛЕНУШI-БАЛАЛАРЫНА АРНАЛҒАН
МЕМЛЕКЕТТIК КЕПIЛДIКТЕР

      33-бап. Тәрбиеленушi-балаларға арналған мемлекеттiк
              кепiлдiктер

      Тәрбиеленушi-балаларға арналған мемлекеттiк кепiлдiктер: 
      1) тәрбиеленушi-балалардың дене бiтiмi жағынан, санаткерлiк, рухани және имандылық тұрғыдан дамуына жәрдемдесу, олардың бойына патриотизм мен азаматтықты сiңiру үшiн құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық жағдайлар жасауды; 
      2) кәсiби бағдар жүйесiн құруды, бастапқы кәсiби даярлықты қамтамасыз етудi және жұмысқа орналасуға жәрдемдесудi; 
      3) балалардың бiлiм алу, сондай-ақ қызметi балалардың дем алуына және оларды сауықтыруға бағытталған мекемелер желiсiн сақтау және дамыту арқылы олардың демалу және сауығу құқықтарын қамтамасыз етудi; 
      4) мәдениет, дене тәрбиесi мен спорт саласында балалар мүдделерi үшiн мемлекеттiк саясатты қалыптастыру мен iске асыруды; 
      5) егер балалар ауылына, балалар үйіне немесе жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернатқа жiберiлгенге дейiн тұрып келген тұрғын үйлерiн оларға қайтарып беру мүмкiн болмаса, азаматтардың осы санаты үшiн көзделген тәртiппен тұрғын үй берудi;
      6) мүдделi министрлiктермен, ведомстволармен және ұйымдармен бiрлесе отырып балаларды сауықтыру, дене тәрбиесi мен гигиеналық тәрбие жөнiнде шаралар өткiзу, балалар ауылдарының ұйымдастыру-құқықтық нысанына қарамастан балалар ауылдарындағы балалардың денсаулық жағдайларына бақылау жасау iсiн жүзеге асыруды қамтиды.
      Ескерту. 33-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.12.26 
N 517-IV  (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      34-бап. Отбасылық үлгiдегi балалар ауылдары мен
              жасөспiрiмдер үйлерiн дамытудағы
              мемлекеттiк органдардың рөлi

      Қорғаншы және қамқоршы органдар отбасылық үлгiдегi балалар ауылдары мен жасөспiрiмдер үйлерiне тәрбиеленушi-балалардың бiлiм алуына және оларды тәрбиелеуде, емдеу-профилактикалық және психологиялық-диагностикалық жұмыста әдiстемелiк көмек көрсетуге, сондай-ақ олардың бағып-күтiлуi, тәрбиеленуi мен бiлiм алуы жағдайларына бақылау жасауды жүзеге асыруға, тәрбиешi-аналарға психологиялық-медициналық-педагогикалық мәселелер бойынша консультациялар беруге мiндеттi.

      35-бап. Тәрбиеленушi-балалар құқықтарының кепiлдiктерiн
              қамтамасыз ету жөнiндегi шараларды қаржыландыру

      1. Тәрбиеленушi-балаларды әлеуметтiк қорғаудың кепiлдiктерiн қамтамасыз ету жөнiндегi шараларды жүзеге асыруға арналған шығыстар құрылтайшылар қаражаты және заңмен тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен жүргiзiледi.
      2. Бiр тәрбиеленушiнi тамақпен, киiммен, аяқ киiммен, жұмсақ жабдықтармен қамтамасыз ету нормалары Қазақстан Республикасының 
заңдарына сәйкес белгiленедi.

      36-бап. Мемлекеттiк мекемелердегi тәрбиеленушi-балалар
              құқықтарының кепiлдiктерiн қамтамасыз ету
              жөнiндегi шараларды қаржыландыру

      1. Алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      2. Тәрбиеленушiлер мемлекеттiк бюджет есебiнен ұсталатын балалар ауылдарында (балалар үйлерiнде) болған кездерiнде оларға толық мемлекеттiк қамтамасыз ету кепiлдiгi берiледi.
      3. Жасөспірімдер үйлерінде әлеуметтік бейімделуден өтіп жатқан адамдарға күндізгі оқу нысанында жоғары, орта білімнен кейінгі немесе орта (техникалық және кәсіптік) бiлiм алуы кезеңінде толық мемлекеттiк қамтамасыз ету кепiлдiгi берiледi.
      Ескерту. 36-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2007.07.27 
N 320 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.12.26 N 517-IV  (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      37-бап. Қазақстан Республикасының отбасы үлгісіндегі
               балалар ауылы және жасөспірімдер үйлері туралы
               заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық

      Қазақстан Республикасының отбасы үлгісіндегі балалар ауылы және жасөспірімдер үйлері туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
      Ескерту. Заң 37-баппен толықтырылды - ҚР 2011.12.26 
N 517-IV  (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      Қазақстан Республикасының
      Президентi

 

 

 
© 2008 Павлодарский технологический колледж