Колледждің оқу жұмыс жоспары |
![]() |
![]() |
![]() |
2021-2022 оқу жылына арналған колледждің әдістемелік жұмысының жоспары
Миссия – нарық талаптарына сәйкес дайындықтың жоғары сапасын көрсете алатын техникалық және технологиялық бейіндегі бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау. Көзқарас- қоғам және жұмыс беруші талаптарына жауап беретін, жоғары технологиялық өнеркәсіп салалары қажеттілігі үшін кәсіби және бәсекеге қабілетті мамандар даярлау бойынша Қазақстанда және халықаралық білім беру кеңістігінде танымал болу. Стратегиялық міндеттер: Стратегиялық менеджмент жүйесін сапалы біліммен дамыта отырып, технологиялық колледж белгілейді: - Қазақстан Республикасы экономикасының тамақ, қайта өңдеу, химия-технологиялық саласы үшін білікті мамандар даярлауда танымал көшбасшы болу; - тамақ өнеркәсібі үшін мамандарды даярлау және қайта даярлау бойынша базалық «Құзыретті орталық» атану; - колледждің білім беру, мәдени және әлеуметтік қызметінің жоғары сапасын қамтамасыз ететін инфрақұрылым мен материалдық-техникалық базасы жетілдіру; - аймақ және республика еңбек нарығының сұранысын мейілінше толық қанағаттандыру мақсатында колледж түлектерінің кәсіптік білім деңгейі мен кәсіпкерлік дағдыларын қалыптастыру; -"Мәңгілік Ел" Жалпыұлттық патриоттық идеясы және салауатты өмір салты мәдениетінің рухани-адамгершілік құндылықтарын нығайтуға жәрдемдесу; - Павлодар қаласы мектептерінде бейінді сыныптарды; колледж оқытушыларының мектеп оқушыларымен сабақ өткізуін кеңейту; - колледждің инженер-педагог қызметкерлері мен қызметкерлерінің кәсіби жетілу мен өзін-өзі танытуға, білім деңгейін арттыруға, шығармашылығын дамытуға оңтайлы жағдай жасалуын қамтамасыз ету. Колледждің бірыңғай әдістемелік тақырыбы: «Бәсекеге қабілетті мамандардың кәсіби құзыреттілігін көптілділік элементтерін енгізу жағдайында қалыптастыру» Ұжымның басты міндеттері - Мамандықтың үлгілік оқу жоспары, заманауи нарықтың талаптары, бәсекеге қабілетті маманның тұлғасының талаптарына сәйкес кәсіби даярлықты қамтамасыз етуге жағдайларды құру.
2. 2021-2022 оқу жылындағы колледж жұмысының негізгі бағыттары
3. Колледж құрылымын оңтайландыру
4. Оқу-әдістемелік жұмыс. Оқыту сапасының тиімділігін және мониторингін арттыру
Жаңа оқу жылындағы әдістемелік кабинеттің міндеттері: педагогикалық ұжымға алған білімдері негізінде өзінің қабілетін жүзеге асыра алатын, өздігінен дами алатын, кәсіби сауатты шешім қабылдай алатын болашақ білікті маманды қалыптастыру бойынша шеберлікті жетілдіруде әдістемелік көмек көрсету.
Әдістемелік жұмыстың негізгі бағыттары:
- әрбір оқу мамандығын кешенді әдістемелік қамтамасыз етуді құру;
- колледждің оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлерінің педагогикалық шеберлігін жетілдіру және мамандарды даярлау сапасын арттыру;
- оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлерінің жеке әдістемелік жұмысы;
- педагогтардың ғылыми жұмысы;
- үздік педагогикалық тәжірибені тарату және жалпылау;
- білім алушылардың ғылыми жұмыстарына жетекшілік ету;
- ЦӘК шеңберінде колледж педагогтарының әдістемелік жұмысына жетекшілік ету.
Әдістемелік жұмыстың негізгі түрлері:
- оқытушылардың біліктілікті арттыру курстарында, тағылымдамада және қайта даярлау курстарында біліктілігін арттыру;
-оқу-әдістемелік құжаттаманы және авторлық оқу бағдарламаларын әзірлеу;
- оқу сабақтарын әдістемелік қамтамасыз ету бойынша жұмыс;
- оқулықтар, құралдар, мақалалар жазу және жариялау;
- білім алушылардың курстық жұмыстарды жазуына жетекшілік ету;
- білім алушыларды конференцияға дайындауға жетекшілік ету;
- педагогикалық кеңестерде, әдістемелік кеңесте, ЦӘК отырыстарында тақырыптық баяндамалар жасау;
- колледжішілік, облыстық, республикалық және халықаралық конференцияларға баяндамалар;
- әдістемелік, циклдік комиссияларға жетекшілік ету;
- олимпиадаларды, кәсіби шеберлік байқауларын дайындау және өткізу (нәтижелерін міндетті түрде жазбаша талдаумен).
Қойылған міндетті іске асыру мақсатында жоспарланып отыр:
- оқытушылардың ғылыми деңгейін арттыру мақсатында психологиялық-педагогикалық ғылымның жетістіктерімен таныстыру жұмыстарын жалғастыру;
- шығармашылық жұмыс істейтін оқытушылардың озық педагогикалық тәжірибесін зерделеу, жинақтау және енгізу бойынша жұмысты жалғастыру;
- жас оқытушылар мектебін ұйымдастыру, семинар-практикумдар, педагогикалық оқулар, конференциялар өткізу арқылы жас оқытушыларға педагогикалық шеберлікті арттыруға көмек көрсету;
- дарынды білім алушылармен жұмысты дайындауға және өткізуге, білім алушылар мен оқытушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыруға көмек көрсету; - ашық сабақтарды, сыныптан тыс іс-шараларды, пәндік апталықтарды, ғылыми-тәжірибелік конференцияларды, өндірістік тәжірибе бойынша есеп беру конференцияларын өткізуге, оқушылардың білімін бақылауды жетілдіруге көмек көрсету.
|