Басты бет

«Үздік педагог» атағын беру конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет PDF Print Email

Павлодар облысы әкімдігінің

                                                                                             2015 жылғы « 28  » мамыр         

                                                                                      №  153/5   қаулысымен

                                                                                                             бекітілді

«Үздік педагог» атағын беру конкурсына қатысу үшін құжаттар

қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

                                                

  1. 1.Жалпы ережелер

 

1. «Үздік педагог» атағын беру конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) және облыстың, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдау және нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

         2.  Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.

3.  Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – «Үздік педагог» атағын беру, куәлік, төсбелгі тапсыру және 1000 еселенген айлық есептік көрсеткіш  мөлшерінде сыйақы төлеу.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны – қағаз түрінде.

 

 

  1. 2.Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

 

4. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы    8 сәуірдегі № 173 бұйрығымен бекітілген Стандарттың 9-тармағында көрсетілген қажетті құжаттармен қоса көрсетілетін қызметті алушының өтініші мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін негіздеме болып табылады.

5. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, ұзақтығы мен орындау реттілігі, соның ішінде рәсімнің (іс-қимылдың) өту кезеңі:

I-кезең – білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері аудандық және қалалық білім беру бөлімдеріне құжаттар топтамасын тапсырған кезде – жыл  сайын 1 сәуірге дейін;

 

 

 

      II-кезең – аудандық   және   қалалық   білім   беру    бөлімдерінің   өкілдері

алдыңғы  кезеңде  таңдап  алынған  құжаттар топтамасын облыстық білім  беру

басқармасына тапсырған кезде – 1  мамырға дейін;

III-кезең – облыстық білім беру басқармасының өкілдері Министрлікке құжаттарды тапсырған кезде – 30 тамызға дейін.

құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ              уақыты – 20 минут;

қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 минут.

6. Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге тапсырған кезде – құжаттар топтамасының қабылданған күні мен уақыты көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркелгені туралы өтініштің көшірмесіне белгі соғу оның қағаз тасымалдағышта қабылданғанын растау болып табылады.

          

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

 

7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлердің) тізімі:

көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері.

8. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) рәсімдер                     (іс-қимылдар) реттілігін сипаттау осы регламенттің қосымшасына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтің бизнес-процесінің анықтамалығында көрсетіледі.

 

 

4. Халыққа қызмет көрсету орталығымен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

 

9. Стандартқа сәйкес мемлекеттік қызмет «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық  жүргізу  құқығындағы  республикалық   мемлекеттік кәсіпорының филиалы және «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы көрсетілмейді.

 

 

 

 

        

«Үздік педагог» атағын беру конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне

қосымша

 

«Үздік педагог» атағын беру конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің бизнес-процестерінің анықтамалығы

 

98598888 

 

 
© 2008 Павлодарский технологический колледж