Басты бет

«Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім алуды аяқтамаған адамдарға анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты PDF Print Email

Қазақстан Республикасы   
Білім және ғылым министрінің
міндетін атқарушының    
2015 жылғы 6 қарашадағы   
№ 627 бұйрығына 2-қосымша

1. Жалпы ережелер

      1. «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім алуды аяқтамаған адамдарға анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет)
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі. 
      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім оқу орындары жүзеге асырады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім білім беру ұйымдарындағы білім алушылар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 3 жұмыс күні;
      2) көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут;
      3) көрсетілген қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 минут.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз жүзінде.
      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім алуды аяқтамаған адамдарға анықтама беру.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет беру нәтижесі: қағаз жүзінде.
      7. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі - қызмет алушы) тегін көрсетіледі. 
      8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін.
      Алдын-ала жазылу және жеделдетіп қызмет көрсету көзделмеген.
      9. Көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушы көрсетілетін мемлекеттік қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті берушіге қажетті құжаттар тізбесі:
      1) осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес белгіленген үлгідегі анықтаманы беру туралы ұйым басшысының атына өтініш; 
      2) жеке басын куәландыратын құжат (қызмет алушы тұлғаны салыстыру үшін қажет).
      Құжаттардың қабылданғанын растау құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, сондай-ақ осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес мөртаңба, кіріс нөмірі және күні көрсетіле отырып, қолхат беру болып табылады.

3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша
орталық мемлекеттік органның, сондай-ақ көрсетілетін қызметті
берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының
шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      10. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсiздiгiне) шағымдану: шағым жазбаша түрде:
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.
      Шағымның қабылдануын растау шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орнын көрсете отырып, оның көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркелуі (мөртаңба, кіріс нөмірі мен күні) болып табылады. Шағым тіркелгеннен кейін жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жіберіледі. 
      Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады
      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. 
      11. Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнуге құқылы.

4. Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле
отырып қойылатын өзге де талаптар

      12. Мемлекеттiк қызметтi көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің интернет-ресурсында орналасқан: Астана қаласы, Орынбор көшесі 8, www.edu.gov.kz.
      13. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде көрсетілетін қызметті берушінің анықтама қызметтері, Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар.
      14. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Министрліктің www.edu.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

«Техникалық және кәсіптік, 
орта білімнен кейінгі білім
алуды аяқтамаған адамдарға 
анықтама беру» мемлекеттік 
көрсетілетін қызмет     
стандартына 1-қосымша   

нысан

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім
алуды аяқтамаған адамдарға берілетін анықтама

___________________________________________________________ берілді.
          (тегі, аты, әкесінің аты болған жағдайда)
Ол 20__жылғы "___"_________ 20___ жылға "___"__________________ дейін
_____________________________________________________________________
         (білім беру ұйымының атауы, орналасқан жері)
____________________________________________________________________-
                      (мамандығы, оқу түрі)
_______________________________________________________________оқыды.
_________________________________________________ білім алған кезінде
   (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

төменде көрсетілген сәйкес мынадай пәндерді (оқу пәндері) оқыды,
сынақтар мен емтихандар тапсырды


р/с

Оқу пәндерінің атауы және оқу жоспары бойынша жұмыс түрлері

Оқу уақыттарының (сағатта) көлемі

Оқу жетістіктерінің бағасы

оқу жоспары бойынша

білім алушылармен оқылғаны

сынақтар

емтихандар (бағаларды санмен және)

қорытынды (бағаларды санмен және жазумен көрсету)

1

2

3

4

5

6

7

             

Білім беру ұйымының басшысы ____________________________   __________
                                      (Т.А.Ә.)                (қолы) 
      М.О.
      Тіркеу нөмірі ________         Берілген күні 20 __ ж. _________

«Техникалық және кәсіптік, 
орта білімнен кейінгі білім
алуды аяқтамаған адамдарға 
анықтама беру» мемлекеттік 
көрсетілетін қызмет     
стандартына 2-қосымша   

_____________________________________
_____________________________________
оқу орны басшысының Т.А.Ә.     
(әкесінің аты - бар болса/     
______________________________курстың
_________________________мамандығының
______________________________тобының
_____________________________студенті
(көрсетілетін қызметті алушының    
Т.А.Ә. /әкесінің аты - бар болса/ 

Өтініш

Маған________________________________________________________________
                            /себебін көрсету/
_____________________________________________________________________
___________________байланысты техникалық және кәсіптік, орта білімнен
кейінгі білім алуды аяқтамағаны туралы анықтама беруіңізді сұраймын.

«____»_______________20__ ж.                    _____________________
                                                       /қолы/

Техникалық және кәсіптік, 
орта білімнен кейінгі білім
алуды аяқтамаған адамдарға 
анықтама беру» мемлекеттік 
көрсетілетін қызмет     
стандартына 3-қосымша   

нысан

Көрсетілетін қызметті алушының тегі,    
әкесінің аты (бар болса) (бұдан әрі - ТАӘ) 
___________________________________________
(көрсетілетін қызмет алушының мекенжайы) 

Құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат

      «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 cәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес, атап айтқанда:
      құжаттардың атауы: 
      1) _______________________________;
      2) _______________________________;
      3) _______________________________
      толық құжаттар топтамасын ұсынғаныңызға байланысты
      _______________________________________________________________
      (оқу орнының атауы) «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен
      кейінгі білім алуды аяқтамаған адамдарға анықтама беру»
      мемлекеттік қызмет стандартын көрсетуге құжаттар қабылдағаны
      туралы қолхат береді.
      Осы қолхат әр тарапқа бір-бірден 2 данада жасалды.

Т.А.Ә. (бар болса) (жауапты адам)                         (қолы)

Орындаушы Т.А.Ә. (бар болса) _____________
Телефоны _________________________________
Алдым: Т.А.Ә. (бар болса)/көрсетілетін қызметті алушының қолы

20__ ж. «___» _________

 
© 2008 Павлодарский технологический колледж