Басты бет

Е.Бөлегенов: Қазақстан Тәуелсіздіктің 25 жылында нақты сыртқы саяси басымдылықтарды қалыптастырды PDF Print Email

Қазақстан Тәуелсіздіктің 25 жылында жоспарлау саясаты мен ұзақмерзімді даму және экономикалық өсімді, нақты сыртқы саяси басымдылықтарды қалыптастырды.Бұл туралы Strategy2050.kz АА берген сұхбатында Беларусь Республикасындағы Қазақстанның Төтенше және Өкілетті елшісі Ерғали Бөлегенов мәлімдеді.

 

«Қазақстан Тәуелсіздіктің 25 жылында  жоспарлау саясаты  мен ұзақмерзімді  даму және экономикалық өсімді, нақты сыртқы саяси басымдылықтарды  қалыптастырды. Жыл санап елдің мәртебесі әлемдік алаңда  нығая түсті,  мемлекетаралық қарым-қатынас та дами бастады», - деді Е.Бөлегенов.

Дипломат айтып өткендей, Қазақстан мен Беларусь елі халықтарының жаңа қарым-қатынасы  1991 жылдан кейін басталды.

«Қазақстан мен Беларусь Республикасының арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастар  1992 жылдың 16 қыркүйегінде орнатылды. Елдер арасындағы ынтымақтастық  өзара сенім мен достық негізінде дамып жатыр. Екі елдің ұстанымы өңірлік және өңіраралық салада бірдей толқынға ие болып жатады. Бұл байланыстың екіжақты және көпжақты форматын нығайтып отыр», - деді ол.

Қазақстан – Беларусь ынтымақтастығының  құқықтық-келісім ынтымақтастығы  70 келісім мен келісімшартты құрайды.  Оның ішінде,  достық пен ынтымақтастық келісімі және 2009-2016 жылдарға арналған ұзақмерзімді экономикалық  ынтымақтастық келісімі бар.

Сауда-экономикалық ынтымақтастық  өндіріс және ауыл шаруашылығы, машина жасау, жол-құрылыс материалдары мен арнайы техниканы өндіру  саласында дамып жатыр.

«2016 жылдың алғашқы жартысында тауар айналымы 145.8 млн долларды құрады, ол 2015 жылмен салыстырғанда 46,4 пайызға төмен. Тауар айналымының азаюы әлемдік экономикадағы дағдарыспен түсіндіріледі», - деді Е.Бөлегенов.

Елшінің айтуынша, Қазақстан-Беларусь елдерінің қазіргі ынтымақтастығы өз дамуында стратегиялық серіктестік пен толық түсінушілікке ие болды.

Ботагөз Айтжанова


www.strategy2050.kz

 
© 2008 Павлодарский технологический колледж