Басты бет

Іздеу

Сенім телефондары

150

сенім телефоны арқылы өмірдің қиын жағдайына тап болған балаларға құқықтық, психологиялық және консультативтік қызметі көрсетіледі.

 

11616

Зорлық-зомбылық және қатыгез фактілері (тұрмыстық зорлық-зомбылық, еңбектік және сексуальды қанау) анықталған жағдайларда қалалық және ұялы телефондардан «11616» республикалық сенім телефона хабарласуға болады.

 

Г.Шойкин: Қазақстандағы конфессияаралық келісім – тәуелсіздігіміздің көрнекті жетістігі PDF Print E-mail

Конфессияаралық бейбітшілік пен келісім - тәуелсіздігіміздің көрнекті жетістігі. Қазақстанда тұратын барлық азаматтар конфессияға қарамастан, заңмен бірдей қорғалған. Біз басқа елдерде насихатталатын үлгіге айналдық, деп Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің дін істері комитетінің төрағасы Ғалым Шойкин Strategy2050.kz АА берген сұхбатында мәлім етті.

 

«Бүгінгі күні, еліміздегі діни жағдайлар әрбір діни бірлестіктерге байланысты. Қазақстандағы діни жағдайларды оңтайлы сипаттаймыз. Өйткені конфессия мен мемлекет арасында ешбір жанжал жоқ. Мұсылмандар діни басқармасының, православ шіркеуі, еврей қауымы және католик шіркеуінің кездесуілері  болды. Осы сынды кездесулер басқалармен де болады, ал елімізде олардың 18 конфессиясы тіркелген»,-деді Ғ.Шойкин.

Оның айтуы бойынша, осындай кездесулер қарым-қатынасты орнатуға көмектеседі.

«Осындай кездесудің аясында өзара әрекеттесу мен ынтымақтастық мәселесі талқыланады. Біз діни адамдарға діни экстремизмді алдын алу үшін көмек көрсетуге ынталандырамыз. Шын мәнінде уағыздар әрбір адамға қатысты, өйткені ол адамның өмірімен тығыз байланысты»,-деді Ғ.Шойкин.

Өздеріңіз білетіндей, министрлік жақында ғана құрылды. Қазір тіркелу рәсімдері өтуде. Комитет төрағасының айтуы бойынша, мемлекеттік кешендік бағдарлама әлі дамыған жоқ.

«Әлі дайын бағдарлама жоқ. Барлық ұйымдастырушылық сұрақтар шешімін тапқаннан кейін, діни салада мемлекеттік саяси тұжырымдаманың құжаттарын дайындауды бастаймыз. Ол құжатта жұмысымыздың басымдылықтарын көрсетуді жоспарлаудамыз. Деструктивті діни қызметтерді тежеу бойынша шаралар қабылдайтын боламыз»,-деді ол.

Үшіншіден, конституциялықтың қағидаты- секуляризм.

«Біз кез келген дін саясаттандыруға жол бермеуге бағытталған шараларды жасайтын боламыз»,-деді ол.

Сонымен қатар, Ғалым Шойкин сөз барысында тәуелсіздігіміздің көрнекті жетістігінің бірі – еліміздегі конфессияаралық бейбітшілік пен келісім екендігін айтып өтті.

Ботагөз Айтжанова

 
© 2008 Павлодарский технологический колледж