Басты бет

«Аламан» фестивалі шеңберінде «Мамандығым-мақтанышым» бейнероликтердің сырттай конкурсы! PDF Print Email
2017 жылғы 24 сәуірде Павлодар технологиялық колледжінде «Серпін – «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» бағдарламасының оқушылары үшін «Аламан» фестивалі шеңберінде «Мамандығым-мақтанышым» бейнероликтердің сырттай конкурсы өтті. 
Конкурсқа Павлодар қаласы және облысының алты колледжі қатысты.Видеороликтерге баға берген қазылар алқасына Жастар бастамаларын дамыту орталығы маманды Ғафиз Ғабит, колледжде «Автоматтандыру және меңгеру» мамандығы бойынша арнайы пәндер оқытушысы Арман Сеилович Қызылбаев, колледждің музыкалық жетекшісі Всеволод Александрович Виқатысты. 
Конкурс қорытындысы бойынша 1 орынды Бизнес-колледж, 2 орын – Красноармейка аграрлық-техникалық колледж, 3 орын – Павлодар технологиялық колледжі ұтып алды. 
Сондай-ақ, «Серпін» жобасы бойынша көп тәрбие жұмысы жүргізіліп жатыр. Жастардың өзін-өзі дамытуына, қоғамдық, әлеуметтік жұмыстарға қатыстыру және шығармашылық әлеуетін дамытуға көп көңіл бөлінеді. «Аламан» фестивалі кезекті ретте біздің жастарымыздың талантты екенін дәлелдейді.
 
© 2008 Павлодарский технологический колледж