Басты бет

Жастар корпусын дамыту жобасы PDF Print Email

ГРАНТТЫҚ БАҒДАРЛАМА ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

Гранттық бағдарламаны іске асыру кезеңдері:

a) Қабылдаушы ұйымдарды іріктеу бойынша конкурс.

b) Гранттық бағдарламаның әлеуетті қатысушыларын қатысу, өтінімді жазу және беру ережелеріне бастапқы оқыту.

c) Қабылдаушы ұйымдардың және жастар бастамашыл топтарының гранттар бөлуге арналған кіші жобаларын іріктеу.

d) Кіші жобаларды іске асыратын жас қатысушыларды өмірлік маңызы бар дағдыларға және жобалық басқаруға оқыту.

e) Жастардың кіші жобаларын 5 ай ішінде іске асыру.

f) Кіші жобалардың орындалуын бақылау және мониторингтеу. Кері байланыс және мәселелерді шешу тетігі.

g) Кіші жобаларды іске асыру кезіндегі есептілік.

h) Грантты жабу.

Гранттық бағдарламаға қатысу мүмкіндіктері:

1. Өз әлеуетін, өмірлік маңызы бар дағдыларын және жетекшілік қадір-қасиетін дамытуға, бастамашылық идеялар мен жобаларды іске асыруға мүдделі жас адамдар әлеуметтік маңызды кіші жобаларды қаржыландыру бойынша гранттық бағдарламаға қатыса алады.

2. Жас қатысушыларға кіші жобаларды қаржыландыруға өтінім берудің 2 тәсілі ұсынылады: (i) қабылдаушы ұйым арқылы және (ii) дербес жастар бастамашыл тобын ұйымдастыру арқылы.

3. Әр жас қатысушы қоғамдық пайдалы қызмет саласындағы өз кіші жобасымен қабылдаушы ұйымға өтінішпен баруға немесе қабылдаушы ұйым ұсынған, тиісті географиялық аймақ үшін өзекті кіші жобаны іске асыруда қатысуға құқылы.

Қабылдаушы ұйымдар үшін қатысу шарттары:

4. Қабылдаушы ұйым болуға құқылы:

a) «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» ҚР Заңына сәйкес жастар ұйымдары;

b) жарғылық мақсаттарында жастарды дамыту мен қолдау бойынша қызмет қарастырылған қоғамдық бірлестіктер, қорлар, заңды тұлғалар бірлестіктері, мекемелері нысанындағы коммерциялық емес ұйымдар;

c) жарғылық мақсаттарында жастарды дамыту мен қолдау бойынша қызмет қарастырылған, корпоративті әлеуметтік жауапкершілік бағдарламаларын іске асыратын жеке ұйымдар.

5. Қабылдаушы ұйымдарға қойылатын талаптар:

a) жобалық өтінім беру кезіңде ұйымның 1 жылдан кем емес заңды тіркелуінің болуы;

b) ұйым Павлодар, Қарағанды, Алматы және Оңтүстік Қазақстан аумақтарында қызмет істеуі тиіс;

c) көрсетілген аймақтарда филиалдары бар республикалық ұйымдар қабылдаушы ұйымдар конкурсына қатысу үшін филиалына ресми рұқсат беруі тиіс;

d) мәлімделген қызметтің ұйымның жарғылық мақсаты мен жарғылық қызметіне сәйкесуі;

e) жастардың қатысуымен әлеуметтік бағдарламаларды/жобаларды іске асыру саласындағы тәжірибенің болуы;

f) ұйымда басшы мен бухгалтердің болуы;

g) салықтық және өзге берешектердің болмауы;

h) ұйым қызметтерді жосықсыз жеткізушілердің тізілімінде болмауы керек.

6. Қабылдаушы ұйымдар қызметтердің келесі түрлерін көрсетеді:

a) жастардың осал санаттары арасында гранттық бағдарламаның шарттары туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізеді;

b) жастар бастамашыл топтарына кіші жобалық өтінімді дайындау мен ұсыну бойынша ұйымдастырушылық және консультациялық қолдау көрсетеді;

c) жас адамдарға әлеуметтік маңызы бар кіші жобаларды іске асыру мақсатында жастар топтарын қалыптастыруда қолдау көрсетеді;

d) кіші жобалардың іске асырылуын бақылауды жүзеге асырады, бірақ өз мүддесінде кіші жобаның мақсатын, мазмұның және орындаушылар құрамын өзгертпейді;

e) кіші жобаларды орындау шеңберінде қаржы операцияларын басқарады; кіші жобаларды іске асыру бойынша қаржы және бағдарламалық есептерді ұсынады.

7. Қабылдаушы ұйымдар жастар топтарының атынан бірнеше жастар кіші жобаларын ұсына алады, бірақ олар 7-ден артық болмауы тиіс. Кіші жобалар басқа донорлар (ұйымдар) қаржыландыратын ұйымдардың қызметін қайталамауы керек.

8. Қабылдаушы ұйымдардың қызметкерлері к жастар топтарының құрамында кіші жобаларды іске асыруға қатыса алмайды.

9. Қабылдаушы ұйымдарға әр кіші жобалар бойынша үстеме шығындарды жабуға грант ұсыну туралы шартының сомасынан 15% мөлшерінде өтемақы төленеді.

10. ҮА барлық қабылдаушы ұйымдармен Ынтымақтастық туралы меморандум жасайды, онда өзара әрекеттесу нысандары, тараптардың құқықтары мен міндеттері белгіленеді.

Жастар бастамашыл топтарына қойылатын талаптар:

11. Жас адамдар гранттық бағдарламаға қатысу және өзінің кіші жобасын іске асыру үшін өз беттерімен жастар бастамашыл тобын қалыптастыра алады.

12. Жастар бастамашыл тобы гранттық бағдарламаға 1 (бір) кіші жоба ғана ұсына алады.

13. Әр жас адам тек қана 1 (бір) кіші жобаны іске асыруға қатысуға құқылы.

14. Гранттық бағдарламаға қатысу үшін жастар бастамашыл топтары келесі талаптарға сәйкесуі тиіс:

a) жастар батамашыл тобының құрамы 3-тен (үш) 5 (бес) адамға дейін;

b) жас адамдар өтінім берілген кіші жобаны іске асыру аймағында 3 (үш) айдан кем емес тұруы немесе кіші жобаны іске асыру аймағында өтінім беру кезіңде 3 (үш) айдан кем емес уақытша тіркелуде болуы тиіс;

c) кіші жобаларда мәлімделген қызмет саласында жұмыс тәжірибесі бар топтың көшбасшысының болуы;

d) кіші жобаны іске асыруда топтың әр мүшесінің функцияларын анық үлестіру; жастар бастамашыл тобына осал жастарды тартуға қолдау көрсетіледі. Жастардың осал топтары:(і) оқуға, еңбек қызметіне немесе кәсіптік дайындыққа тартылмаған; немесе (іі) жұмыс істейтін, бірақ кедейлік шегінде қалып отырған жас адамдар;

e) топтың құрамында әйел жынысы өкілдерінің қатысуы қошталады;

f) жастар бастамашыл тобының көшбасшысы кіші жобаның жалпы іске асырылуы мен ілгерілетуіне жауапты. Команданың нәтижелілігі, кіші жобаны іске асыруды ілгерілету, қаржылық шығындар, белгіленген нысан бойынша есептер ұсыну сияқты фактілер, бірінші ретте топ көшбасшысының жауапкершілігі болып табылады.

Жастар кіші жобаларына қойылатын талаптар:

15. Кіші жобалар қоғамдастықтың игілігі жолында қоғамдық пайдалы қызметті дамытуға бағытталуы және Жобаның негізгі қағидаттарына сәйкесуі тиіс: (i) қоғамдастықтың өміріне қатысу; (ii) бастамашылдық; (iii) қолдау жүйесі; (iv) қауіпсіз кеңістік; (v) позитивті мінез-құлықты мойындау.

16. Жастардың осал топтарға көмектесуге бағытталған кіші жобалар, сонымен қоса жастардың осындай топтарының қатысуымен жүргізілетін кіші жобалар басым мағынада болады.

17. Бір кіші жобаны іске асыруға гранттың ең көп сомасы 1 000 000 (бір миллион) теңгені құрайды.

18. Кіші жобан тәжірибелік іске асыру ұзақтығы – 5 ай.

19. Қатысушылар келесі бағыттар бойынша кіші жобалар ұсына алады, бірақ олармен шектелмеуге болады:

1) білім беру кіші жобалары (білімді, кәсіби және бәсекеге қабілетті қоғамды дамытуға бағытталған кіші жобалар);

.2) салауатты өмір салты және спорт (көпшілік спортты, салауатты өмір салтын дамыту мен насихаттауға, дене шынықтыру саласындағы бастамаларды қолдауға және пайдалы тағамдармен тамақтануды насихаттауға бағытталған кіші жобалар);

3) мәдениет және бос уақыт (шығармашылық бастамаларды қолдау мен дамытуға, тұрғындардың әртүрлі санаттары үшін бос уақыт кеңістігін қалыптастыруға

бағытталған кіші жобалар);

4) патриоттық және азаматтық белсенділік (рухани-өнегелі және патриоттық құндылықтарды ілгерілетуге; белсенді азаматтық ұстанымды және құқықтық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған кіші жобалар);

5) отбасылық құндылықтар және дәстүр (отбасы институтын нығайтуға, ұлттық дәстүрді сақтау мен көпшілікке таратуға бағытталған кіші жобалар);

6) экология және аббатандыру (экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, энергия үнемдеу технологияларын қоғамның өміріне енгізуге, жергілікті аумақтарды абаттандыру саласындағы бастамаларды дамыту мен қолдауға бағытталған кіші жобалар);

7) ғылым және техника (жастарда инновациялық ойлауды қалыптастыруға, жас адамдарды ғылыми-эксперименттік қызметпен айналысуға ынталандыруға бағытталған кіші жобалар);

8) туризм (ішкі туризмді дамытуға, сонымен қоса туған өлкенің табиғи және тарихи мұрасын зерделеуге бағытталған кіші жобалар);

9) ауылды дамыту (ауылдық жерлерге және ауылдық өмір салтына позитивті қатынас қалыптастыруға, ауыл тұрғындарына өмірлік іс әрекетінің жайлы жағдайларын құруға бағытталған кіші жобалар);

10) волонтерлік бастамалар (тұрғындардың әртүрлі санаттарын волонтерлік қызметке тартуға, қоғамға адал ниетпен қызмет ету қағидаттарын көпшілікке таратуға бағытталған кіші жобалар);

11) әртүрлі (жоғарыда аталған бағыттарға сәйкеспейтін кіші жобалар).

20. Гранттық бағдарлама шеңберінде Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін кіші жобаларға, сонымен бірге келесі бағыттардағы кіші жобаларға қолдау көрсетілмейді:

a) ақылы қызметтер көрсетуді көздеген коммерциялық кіші жобалар;

b) құрылыс жұмыстарының қандай болса да түрлерін немесе қалпына келтіру бойынша жұмыстарды қарастыратын кіші жобаларды қоса алғанда, инфрақұрылымдық кіші жобалар;

c) діни ұйымдардың қызметтері (шіркеулердің, мешіттердің және т.б. жөндеуі немесе құрылысы, діни білім беру, діни әдебиет шығару және т.б.);

d) қоршаған ортаға теріс әсер етуі мүмкін кіші жобалар;

e) әкімшілік ғимараттардың немесе дербес құрылыстардың құрылысы; жергілікті мемлекеттік органдар, өзге мемлекеттік мекемелер немесе үкіметтік емес ұйымдар үшін жабдықтар немесе автокөліктер сатып алу;

f) жер учаскелерін сатып алу;

g) тұрғын үй сатып алу/жалдау;

h) басқа дереккөздер есебінен қаржыландырылатын бастамалар;

i) ғылыми зерттеулер жүргізу, әртүрлі әдістемелер әзірлеу (кіші жоба бойынша негізгі қызмет ретінде);

j) баспаханада қолжазбалар жазу, басып шығару (кіші жоба бойынша негізгі қызмет ретінде);

k) журналдар, газеттер шығару (кіші жоба бойынша негізгі қызмет ретінде);

l) мақсаты сыйлықақы табыстау, құттықтауларды ұйымдастыру, қандай болса да бағдарламаларды немесе кіші жобаларды іске асыру үшін ақшалай сыйақы беру және т.б. болып табылатын жобалар;

m) жынысы, нәсілі, дінге сенуі, жасы бойынша кемсітушілікке әкелетін әрекеттерді жүзеге асыру;

21. Кіші жоба ұсыну тәсілі - қабылдаушы ұйымдар арқылы немесе жастар  бастамашыл топтары арқылы ұсынылуына байланысты онлайн-өтінімнің нысанына толық сәйкестікте рәсімделуі тиіс.

Қатысу және кіші жобалық өтінімді ұсыну тәртібі:

22. Қабылдаушы ұйымдар және жастар бастамашыл топтары кіші жобалық өтінімді Жобаның www.zhasproject.kz ақпараттық порталында онлайн-нысанды толтыру арқылы ұсына алады. Өтінім әр тармақ бойынша толтырылуы тиіс.

23. Толтырылғаннан кейін өтінім бірегей тіркеу нөмірі беріліп, порталда автоматты түрде тіркеледі, ол нөмір бойынша өтінім беруші кез келген уақытта сайттан өтінімнің жағдайы туралы ақпаратты ала алады:

«өтінім тіркелді» – өтінімге бірегей тіркеу нөмірі берілді;

«өтінім өңделуде» – өтінім техникалық іріктеу рәсімінен өтуде;

«өтінім қабылданды/қабылданбады» – өтінім техникалық іріктеу бойынша комиссиямен қаралды, оның гранттық бағдарлама талаптарына сәйкесуі немесе сәйкеспеуі туралы шешім қабылданды;

«өтінім мақұлданды/мақұлданбады» – өтінім Бағалау комиссиясының іріктеуінен өтті/өтпеді;

«грант/оқыту» - өтінім берушінің Жобада одан әрі қатысуы туралы ДБ-тің шешімі.

24. Өтінімнің тіркеу нөмірі туралы ақпарат, өтінім мәртебесінің өзгеруі туралы хабарлама, өтінімде көрсетілген кіші жобаның жеке кабинетіне және өтінім берушінің ұялы телефон нөміріне келеді.

Кіші жобаларды іріктеу процесі:

25. Жастар кіші жобаларын іріктеу рәсімі 3 кезеңде өтеді:

1) Техникалық іріктеу;

2) Бағалау комиссиясының іріктеуі. Барлық өтінімдерді іріктеу өлшемдеріне сәйкес сыртқы сарапшылардан тұратын тәуелсіз Бағалау комиссиясы қарастырады.

3) Кездейсоқ іріктеме әдісімен іріктеу.

26. Конкурсқа ұсынылған құжаттардың толықтығын және олардың гранттық бағдарламаның шарттарына сәйкестігін анықтау мақсатында, өтінімдердің техникалық іріктеуін ҮА-нің мамандары жүргізетін болады.

27. Техникалық іріктеу жүргізу кезіңде ҮА-нің мамандары келесі өлшемдерді басшылыққа алады:

a) кіші жобалық өтінімнің рәсімделуі мен толықтығы. Барлық ұсынылған өтінімдер гранттық бағдарламаның талаптарына сәйкес рәсімделуі және толтырылуы тиіс. Бағдарлама талаптарының бұзылуымен рәсімделген немесе жартылай толтырылған өтінімдер Бағалау комиссиясының қарастырылуына қабылданбайды.

b) кіші жоба командасының болуы. Кіші жобаларды гранттық қаржыландыру үшін міндетті шарт – оларда, жастар бастамашыл топтарына қойылған талаптарға сай келетін жас адамдардың, бастамашы және орындаушы ретінде қатысуы болып табылады.

c) кіші жобаның бағыттылығы.

28. Аталған өлшемдердің біреуіне немесе бірнешеуіне сәйкеспеген жастар кіші жобалары техникалық іріктеу кезеңінде қабылданбайды.

29. Өтінімдерді қабылдаудың аяқталу мерзімінен кейін қатысушылардың кіші жобалық өтінімдерді түзетуге мүмкіндіктері болмайды.

30. Техникалық іріктеуден өткен барлық өтінімдер Бағалау комиссиясының талқылануына жіберіледі.

31. Жастар кіші жобаларын іріктеуді Бағалау комиссиясының мүшелері келесі өлшемдер бойынша жүргізеді:

№ р/с

Бағалау өлшемдері

Салмақ,%

1.

Кіші жобаның әлеуметтік маңыздылығы (ойдың өзектілігі, негізділігі және шынайылығы, кіші жоба шешуге бағытталған әлеуметтік мәселелердің маңыздылығы)

70

2.

Жастардың осал топтарының кіші жобаға тартылуы (жастардың осал топтарының қатысуымен іске асырылатын кіші жобаларға ерекше басымдық беріледі)

30

 3.

Барлығы:

100

 4.

Өтінімнің өтуі үшін ең төмен салмақ:

50

32. Бағалау комиссиясының іріктеу қорытындылары бойынша кіші жобалық өтінімдер, кездейсоқ іріктеме әдісімен кіші жобалық өтінімдерді іріктеудің қорытынды кезеңінен өткізу үшін Дүниежүзілік Банкінің командасына жіберіледі.

33. 3 кезеңдік іріктеудің қорытындылар бойынша бенефициарлардың келесі топтары қалыптастырылады:

a) А тобы – кіші жобаны іске асыруға арналған грантты, оқытумен және менторлық қолдаумен бірге алатын бенефициарлар.

b) В тобы – грант қана алатын бенефициарлар.

с) С тобы – оқыту және менторлық қолдау алатын бенефициарлар.

34. Грант алуға барлық үміткерлер электрондық поштамен жіберу/ өтінімде көрсетілген өтініш берушінің ұялы телефон нөміріне хабарлама жіберу арқылы ресми түрде ескерту жолымен іріктеу нәтижелері туралы хабарландырылады.

35. Грант бөлінген бенефициарлар, нәтижелерді хабарлағаннан кейін 20 күн ішінде, өз кіші жобалық өтінімдерін істеп бітіреді, іске асыру жоспарының белгіленген нысандарына және кіші жобалар бюджетіне сәйкес етіп жасайды.

Кіші жобаларды қаржыландыру тетігі:

36. Гранттың сомасы қабылдаушы ұйымның шотына/жастар бастамашыл тобы көшбасының шотына транштар (алғытөлемдер) арқылы аударылады (30%  60%  10%), транштардың (алғытөлемдердің) мөлшері белгіленген

37. Қабылдаушы ұйымның үстеме шығындары әр кіші жоба бойынша грант беру туралы шарт сомасының 15%-ын құрайды және оған ұйымның басшысы мен бухгалтерінің еңбек ақысы, кеңсе жалдау, жабдықтар мен кеңсе тауарлары, шығын материалдары, байланыс қызметтері, көлік, курьерлік және банк қызметтері, іс-сапарлар шығындарын қосуға болады.

38. Грант алған қабылдаушы ұйымдар және жастар бастамашыл топтары, ҮА-не кіші жобаларды іске асыру барысы туралы бағдарламалық есептерді, белгіленген нысанға сәйкес, есептік кезеңнен кейінгі әр айдың 10-на дейін ұсынады.

39. Кіші жоба аяқталған соң грант алушы қорытынды бағдарламалық және қаржы есептерін ұсынады.

40. Кіші жобаны іске асыру бойынша бағдарламалық және қаржы есептерін алып, мақұлданғаннан кейін, ҮА өтінім берушіге грантты жабу туралы тиісті хат жолдайды.

Әлеуметтік шәкіртақыларды төлеу:

41. Кіші жобаны іске асыратын әр жас қатысушы ай сайынғы әлеуметтік шәкіртақыны алады.

42. Әлеуметтік шәкіртақының мөлшері білім деңгейіне байланысты түрленеді:

1) орта мектеп түлектері, ТжКБ ұйымдары мен ЖОО-ның шәкірттері 26 000 теңге мөлшерінде әлеуметтік шәкіртақы алатын болады;

2) ЖОО-ның және ТжКБ ұйымдарының түлектері 61 000 теңге көлемінде әлеуметтік шәкіртақы алатын болады.

43. Әлеуметтік шәкіртақы, жас қатысушының кіші жобаны іске асыруға тартылған жағдайда ай сайынғы негізде беріледі.

44. Әлеуметтік шәкіртақыны төлеу үшін әр бенефициардың атына жеке дербес шот ашылады.

45. Шәкіртақылар төлемі үшін негіздеме:

a) А тобының бенефициарлары үшін – өмірлік маңызы бар дағдыларды дамыту және жобаларды басқару бойынша оқыту бағдарламасына 90% қатысу, кіші жобаларды іске асыру барысы туралы қатысушылардың ай сайынғы бағдарламалық есептері, сонымен қоса, менторлар ұсынған кездесулер консультацияларының онлайн-журналы;

b) В тобының бенефициарлары үшін – кіші жобаларды іске асыру барысы туралы қатысушылардың ай сайынғы бағдарламалық есептері.

46. Әлеуметтік шәкіртақылардың ай сайынғы төлемі және кіші жобаларды қаржыландыру келесі жағдайларда тоқтата тұруы немесе бенефициармен грант беру туралы шартты бұзуды қоса алғанда, мерзімінен бұрын тоқтатылуы мүмкін:

a) грант беру туралы шарттың талаптарын орындамау;

b) гранттық қаражаттың мақсаттан тыс пайдаланылуы, атап айтқанда, кіші жобалар бюджетінде бекітілмеген шығындар;

c) алаяқтық және/немесе артылған сенімді асыра пайдалану;

d) құжаттаманы бұрмалау;

e) есептілік кестесіне сәйкес бағдарламалық және қаржы есептерін тапсырмау.

 
© 2008 Павлодарский технологический колледж