Басты бет

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздерінің 25 жылдығына арналған салтанатты жиын өтті. PDF Print Email

 5 маусымда Технологиялық колледжде Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерінің  25 жылдығына арналған салтанатты жиын өтті.Шара Қазақстан Республикасы мемлекеттік Әнұранын тыңдаудан басталды.Жүргізушілер Қазақстан Республикасының мемлекеттік Елтаңбасы,Әнұраны,  Туы туралы, жасалу тарихы жөнінде  айтып өтті.Мемлекеттік рәміздер – ел егемендігінің айнымас негізі.

92mtoCyEQw8.jpg  HBYgSB8N_qI.jpg

Салтанатты жиынның негізгі міндеті Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы білімді жалпылау, Қазақстанның мемлекеттік рәміздерін, біздің еліміздің тарихы мен дәстүрін, құрметтеу, өз Отанына патриоттық сезімді тәрбиелеу.Жиын барысында ҚР рәміздері туралы сұрақ-жауап өткізіліп, барлық қатысушыларға сыйлықтар берілді.

Мерекелік жиын жоғары деңгейде өткізіліп, студенттердің қазақстандық патриоттық сезімін қалыптастыруда тәрбиелік маңызы зор болды. 

 
© 2008 Павлодарский технологический колледж