Басты бет

Іздеу

Сенім телефондары

150

сенім телефоны арқылы өмірдің қиын жағдайына тап болған балаларға құқықтық, психологиялық және консультативтік қызметі көрсетіледі.

 

11616

Зорлық-зомбылық және қатыгез фактілері (тұрмыстық зорлық-зомбылық, еңбектік және сексуальды қанау) анықталған жағдайларда қалалық және ұялы телефондардан «11616» республикалық сенім телефона хабарласуға болады.

 

Кітапхана тарихы PDF Print Email

 Павлодар мемлекеттік технологиялық колледжі  70–ші жылдардан білім мекемесі ретінде белгілі.Кітапхана қызметі отандық адамгершілік және мәдени дәстүрлер негізінде өскелең ұрпақтың азаматтық ой-өрісін тәрбиелеуге мүмкіндік береді.Өз қызметінде ҚР «Білім туралы» заңын,  колледждің біртұтас тәрбие жоспары және мәдени-көпшілік жұмысына сәйкес құрылған кітапханалық іс жөніндегі құжаттарды және жоспарды басшылыққа алады. Кітапхана колледж әкімшілігі бекіткен жоспар бойынша жұмыс істейді.

 

Кітапхана қызметінің негізгі бағыттары:

 - оқушылар және педагогтарға ақпараттық-библиографиялық қызмет көрсетуді ұйымдастыру,

 - оқу-тәрбие процесін және өзін-өзі жетілдіруді қажетті әдебиетпен қамтамасыз ету, ақпаратты жинақтау, толықтыру және өңдеу,     оларды пайдаланушыға жеткізу, пайдаланушылардың ақпараттық мәдениетін тәрбиелеу.

   - оқушылардың эстетикалық, экологиялық мәдениетін және салауатты өмір салтына қызығушылығын қалыптастыру.

 

Колледж кітапханасының мақсаты:

  • Оқыту және өзін-өзі жетілдіру процесін қажетті әдебиетпен қамтамасыз ету. Оқырмандардың барлық санатына кешенді кітапханалық-ақпараттық қызмет көрсетуді ұйымдастыру, дәстүрлі  кітапхана әдістерін жетілдіру және жаңа технологияларды меңгеру.
  • оқырмандардың ақпараттық мәдениетін арттыру.
  • кітапхананың бірыңғай қорын ұтымды жинақтау.
  • кітапхана қызметкерлерін талаптар және стандартқа сәйкес, оқыту арқылы кәсіптік деңгейін арттыру;

 

Жаңа ақпараттық технологиялар негізінде  кітапхананың көрсетілетін қызметін жақсарту, оқушылар және оқытушылардың ақпараттық мәдениетін тәрбиелеу мақсатында қолайлы ортаны ұйымдастыру.

 

Кітапхананың негізгі көрсеткіштері:

 

Бүгінгі күнде кітапхананың жалпы кітап қоры - 59591 дана құрайды, оның ішінде әдістемелік әдебиет- 43077 дана, мемлекеттік

тілде - 11885 дана.  Медиатекада оқырмандарға арналған ақпараттық қор -  344, бұл электронды тасымалдауышта физика, химия,

қазақ тілінен оқу құралдары. 2016-2017 оқу жылы  колледж кітапханасы кәсіптік әдебиетпен 2 110 788 тг.сомаға толықтырылды,  барлығы 809 дана, оның ішінде мемлекеттік тілде – 341 дана. Кітапхана қоры Мемлекеттік жалпы білім беру стандарты талаптарына сәйкес жинақталады,  оқыту мазмұны мен нысанына, тәрбие процесі және оқырмандар сұранысына сәйкес, білім беру ортасының барлық факторлары ескеріледі. Колледж кітапханасының негізгі жеткізушілер «Фолиант», «Атамура» республикалық баспалар;  «Қ.Сәтпаев ат. Кітап үйі» кітап дүкені ( Павлодар қ.).

         Кітапхана жалпы аумағы 340 ш.м. типтік ғимаратта орналасқан.Қызметкерлер мен оқушылар жұмысына арналған оқу залының аумағы             36 орын. Қажетті жиһазбен жабдықталған. Оқушыларды және оқу процесін ақпараттық қамтамасыз ету үшін оқу залының                                    жабдықталуы:   5 компьютер,  принтер,  сканер, телевизор. Интернет жүйесі қосылған.

  

    Кітапхана қызмет көрсетті:

  • Оқырмандар: 698
  • Күндізгі оқу  бөлімі: 596
  • Сырттай оқу бөлімі: 163
  • Колледж қызметкерлері:102

 

     Кітап беру және оқырмандардың келуі «Кітапхана жұмысы күнделігі» кітабында тіркеледі.

  • Келу - 31495
  • Кітап беру- 60264
  • Айналым- 0,99
  • Оқылымдық- 86
  • Қамтамасыз ету- 86

 Анықтама әдебиеті қоры - әрбір кітапхананың жемісті жұмысының маңызды факторы.

       Оқу бағдарламасы басылымдарымен қатар, көркем әдебиет қоры да өте бай және сан алуан жанрларда жинақталған.

 Біздің кітапханамыз қандай? Оларды сақтаушы және жасаушы кімдер? Кітапхана сөрелері қандай кітаптармен толтырылған, кітапханада           қандай іс-шаралар жүргізіледі, оқырмандар ойы, олардың шығармашылыққа әсері – осының барлығы біздің сайттың парақшасынан таба            аласыздар.

 

 

Кітапхана мәлімдемесі:

 Кітап - білім бұлағы, 

Білім - өнер шырағы.

 

Оқу залы 

454545.jpg

18652652.jpg

                                

       Кітапхананың кітап қоры

 

 

 
© 2008 Павлодарский технологический колледж