Басты бет

Іздеу

Сенім телефондары

150

сенім телефоны арқылы өмірдің қиын жағдайына тап болған балаларға құқықтық, психологиялық және консультативтік қызметі көрсетіледі.

 

11616

Зорлық-зомбылық және қатыгез фактілері (тұрмыстық зорлық-зомбылық, еңбектік және сексуальды қанау) анықталған жағдайларда қалалық және ұялы телефондардан «11616» республикалық сенім телефона хабарласуға болады.

 

Бір ел – бір кітап – 2018 PDF Print E-mail

Құрметті оқырмандар! 

 

 «Бір ел – бір кітап – 2018» республикалық акциясы бойынша биыл үш кітап таңдап алынды. Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармалары,Немат Келімбетовтың «Үміт үзгім келмейді» және Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» кітаптары таңдап алынды.

6348513845411лд.jpg

52ан5646г.jpg

 

Шәкәрім Құдайбердіұлы (1858-1931) – қазақ әдебиетінің классті, ұлы гуманист, кеменгер, ойшыл, қазақ әдебиетінің классті. Шәкәрімнің дүниетанымы, қоғамдық ой – пікірлері, философиялық, эстетиялық, көз қарастары ХIX ғасырдың екінші жартысында қалыптасты. ХХ ғасырдың бас кезіндегі әдебиет пен мәдениет қайраткерлері ішінде Шәкәрім ойшыл, ақын – жазушы ретінде жұрттылыққа кеңінен танылған, Абай Заманына өзгелерден бір табан жақын тұрған, екі ғасыр арасын жалғастырушы ірі тұлға.

Бауыржан Момышұлының  «Ұшқан ұясы» – оның жазушылық шеберлігін халқымызға мойындатқан алғашқы шығармасы. Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» романы (1974) - халқымыздың XX ғасырдың басындағы этнографиялық энциклопедиясы іспетті аса құнды, қазақ руханиятының қазынасы. Салт-сана, дәстүр, ұлттық келбеті өте шынайы суреттеледі. Бауыржан Момышұлы Мемлекеттік сыйлыққа (1976) ие болған «Ұшқан ұя» кітабында 1916 жылдың дүрбелеңі мен күштеп ұжымдастыру кезіндегі тартыстар батыл айтылып, Кеңес өкіметі қалыптасуының алғашқы жылдары кеңінен қамтылған.

 

Немат Келімбетов Қазақстан Республикасы Гуманитарлық ғылымдар академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы, жазушы, аудармашы, Күлтегін және Франц Кафка сыйлықтарының иегері, ғұлама ғалым Немат Келімбетовтің өмірі мен шығармашылығына арналады. Тұлғаның 75 жылдығына орай шығарылып отырған бұл жинаққа Немат Келімбетовтің өмірі мен шығармашылығынан оқырман сауалына нақты жауап беретін әр жылдары автормен жүргізілген сұхбат-әңгімелер, жазушының "Үміт үзгімм келмейді', "Ұлыма хат", "Қариялар", "Күншілдік", «Түркі халықтарының ежелгі әдеби жәдігерліктергі» және т.б. шығармаларын оқыған оқырманның рухани әлемі, замандастарының ой-пікірлері, естеліктері беріліп отыр.

            Іс-шараның мақсаты – жастарды патриоттыққа және адамгершілікке тәрбиелеуге, ана тілге мұқият қарауға, оқу мәдениетін қолдау және дамыту мен сауаттылық бағдарламасын арттыруға, рухани мұраны сақтауға және оқуға деген жәрдемдесу болып табылады.

            Қазіргі уақытта «Бір ел – бір кітап» жобасының идеясы әлемнің көптеген елдерінде кеңінен таралған. Сонымен қатар, бұл акция отандық әдебиетке деген жастардың қызығушылығын арттыруға бағытталған.

            Құрметті оқырмандар, Сіздерді бірге оқуға және кітапханаларымызда ұйымдастырылатын іс-шараларға атсалысуға шақырамыз!

 

 

 

 
© 2008 Павлодарский технологический колледж