Басты бет

Кездесу PDF Print Email

2017 жылғы 5 қазанда Павлодар  технологиялық колледжіне Еңбек ресурстары теңсіздігін реттеу және Оңтүстік өңірдегі халықты Солтүстік өңірлерге көшіріп, жұмыспен және баспанамен қамтамасыз ету саясатын түсіндіру мақсатында, Павлодар қаласындағы әлеуметтік бағдарлама бойынша жұмыспен қамту орталығынан Меруерт ханым келген болатын.

96345.jpg 9864532.jpg

 

 

Бұл жиналысқа Павлодар Мемлекеттік Технологиялық колледжі және Павлодар Мемлекеттік  көлік және коммуникациялар колледжінің «Серпін» әлеуметтік жобасы бойынша білім алушылары қатысты. Бағдарламада Алматы, Талдықорған,  Шымкент, Тараз, Кентау, Түркістан, Қызылорда, т.б оңтүстік қалалар және аудандар, ауылдардағы аз қамтылған отбасылар, көп балалы отбасылар, дипломы бола тұра, жұмыссыз отырған азаматтарды жұмысқа тарту мақсатымен жасалып отыр. Оңтүстіктен солтүстікке көшіп келген отбасындағы әр отбасы мүшесіне 80000 теңге бөлініп, 1 жыл бойы тұратын баспанаға жалдап тұру ақысы төленетіні туралы айтты. Бірақ, отбасында ешбір жанның мамандығы болмаса, ешқандай кәсіппен айналысуға шамасы келмейтін болса, тек сол бөлінген ақшаға ғана қызығып келіп, 1-2 айда қайтып кететіндерге бағдарлама ережелері орындалмайтынын  ескертті. Оңтүстіктен Солтүстікке көшуге 672 отбасы ниет білдіріп отыр. Оның ішіндегі еңбек етуге 1008 адам, 116-сы ауыл шаруашылығымен, 98-і кәсіпкерлікті дамытумен айналысуға, 794-і мемлекеттік кәсіпорындарға жұмысқа орналасуға ниет білдіреді. Ал қазіргі таңда осы бағдарлама бойынша 50-ге таяу отбасы Солтүстікке қоныс аударды. Осы кездесуге студенттер белсене қатысып,  қызықтыратын сұрақтарына  қанағаттанарлықтай жауап ала алды. Сауалнама барысында «Серпін» бағдарламасы бойынша оқуды бітірген студенттерге де қала, ауыл немесе аудан орталығынан жұмыспен, баспанамен қамтылуы туралы ұсыныстар қарастырылатынын айтты.

 

Технологиялық колледждің 4 курс студенті Алякбар Жазира осы бағдарлама бойынша өзінің туыстары Павлодар қаласының Шарбақты ауданы Жылы бұлақ ауылына көшіп келіп, ағасы ауыл мектебіне директор, ал жеңгесі сол мектепке бастауыш сынып мұғалімі болып жұмысқа орналасқаны, балалары да ауыл мектебі мен бала бақшаға қабылданғаны   туралы айтты.

Расында да, оңтүстік өңірлерде халықтың басымдығы, бірақ мамандықтары бойынша жұмыс тапшылығы, көп балалы отбасылардың көптігі, аз қамтылған отбасылар жағдайы төмен екені белгілі. Егер халыққа әлеуметтік қолдау көрсетіліп, болашағы айқындалса, бұл бағдарлама өте тиімді. Білім алушылар болашағы зор бастамаларды қолдау игілікті іс екені туралы маңызды ақпарат алды.

 
© 2008 Павлодарский технологический колледж