Арнайы пәндер декадасы аясында «Таңғажайып технологтар» атты интеллектуалдық ойыны |
15 қараша 2017 жылы арнайы пәндер декадасы аясында «Таңғажайып технологтар» атты интеллектуалдық ойыны өтті. Шараның басты мақсаты студенттер арасында мамандықтарына деген қызығушылықтарын арттыру, патриоттық сезімдерді насихаттау болып табылады. Сайысқа колледжіміздің ТМП-31 тобының оқушылары белсене қатысып, барлық білімдерін барынша көрсете білді. Жеті айналымнан тұрған сайыстың нәтижесі бойынша екі топтың да ұпайлары тең түсті. Құттықтаймыз!
|