Basty bet

«Радиациялық, химиялық және биологиялық қорғаныс әскері» тақырыбында сыныптан тыс іс-шара өткізу PDF Print E-mail

            2018 жылғы 6 ақпанда колледждің 1 курс студенттерінің қатысуымен «Қоғамдық пәндер онкүндігі»  айлығы шеңберінде «Радиациялық, химиялық және биологиялық қорғаныс әскері» тақырыбында сыныптан тыс іс-шара өткізілді.Барлық тапсырмалар қоршаған ортада химиялық барлау әскері құралдарын қолдану,  улы заттарды анықтау  туралы оқушылардың білімін және қолдану дағдыларын тексеруге арналды.

 

 

45684354653435.jpg

 

Оқушылар ИД-1 өлшегіш құралын тәжірибеде қолдануды көрсетті. Үшінші теориялық кезеңде әділ қазылар құрамына ҚР ІІМ Петропавловск Жоғары Әскери училищесінің түлегі Махаев Марат Алмасбекович шақырылды. Барлық кезеңде ТМП-011 тобының оқушысы Тасбулатова Гаухар ең жақсы нәтиже көрсетті.

 ПП-011 тобының оқушысы ШаиковаСнежана және Марковский Богдан теориялық дайындық бойынша үздік білімін көрсетті.Орындар келесі тәртіпте бөлінді: 1 орын  - ПП-011 тобы 21 бал, 2 орын -  ТМП-011 тобы  20 бал, екі 3 орын, нәтижесі  19 бал. Командаларды БӘД оқытушысы С.С.Тайлаков дайындады.

 
© 2008 Павлодарский технологический колледж