Басты бет

Іздеу

Сенім телефондары

150

сенім телефоны арқылы өмірдің қиын жағдайына тап болған балаларға құқықтық, психологиялық және консультативтік қызметі көрсетіледі.

 

11616

Зорлық-зомбылық және қатыгез фактілері (тұрмыстық зорлық-зомбылық, еңбектік және сексуальды қанау) анықталған жағдайларда қалалық және ұялы телефондардан «11616» республикалық сенім телефона хабарласуға болады.

 

Студенттердің ар-намыс кодексі PDF Print E-mail

                                                                                    Педагогикалық Кеңес отырысында

                                                                қаралды және бекітілді

 № 3 хаттама, 22.01.2013ж.

 

   
           Павлодар технологиялық колледжі студентінің ар-намыс кодексі

 

 

         Мен, Павлодар технологиялық колледжі студенті, еліміздің білікті мамандарын даярлауда Колледж миссиясын жүзеге асыру үшін өз жауапкершілігімді сезініп, студенттік қауымдастықтың корпоративтік мәдениетін қолдауды және дамытуды, Павлодар облысында және Қазақстан Республикасында кәсіби мамандарды даярлау бойынша жетекші білім беру ұйымы ретінде Колледж имиджін сақтауды өз парызым деп есептеп, Павлодар технологиялық колледжі студентінің осы Ар-намыс кодексін қабылдаймын және оны мүлтіксіз сақтауға сөз беремін.

Статья 1. Студент Қазақстан Республикасының беделді азаматы, таңдаған мамандығында кәсіби болуға, өз бойында шығармашылықты тұлғаның ең жақсы қасиеттерін дамытуға ұмтылады.

Статья 2..Студент жасы үлкендерге құрметпен қарайды, айналасындағыларға қатысты дөрекілік көрсетпейді және әлеуметтік қорғалмаған адамдарға аяушылық білдіреді және мүмкіндігінше оларға қамқорлық жасай біледі;

Статья 3. Студент өнегеліліктің, мәдениеттіліктің және моральдің үлгісі, азғындықты төзбейді және жыныстық, ұлттық немесе діни айырмашылық бойынша кемсітушілікті болдырмайды;

Статья 4. Студент салауатты өмір салтын ұстанады және зиянды дағдылардан толық бас тартады.

Статья 5. Студент колледж дәстүрін сыйлайды, оның мүлкін сақтайды, студенттік жатақханада тазалық пен тәртіпті қадағалайды.

Статья 6. Студент шығармашылық белсенділікке (ғылыми-білім беру, спорттық, көркемөнер), колледждің корпоративтік мәдениеті мен имиджіне бағытталған барлық әрекеттерді қажетті және пайдалы деп санайды.

Статья 7. Колледжден тыс жерде студент Технологиялық колледж өкілі екенін есінде сақтайды және оның намысы мен абыройын сақтауға бар күшін салып тырысады.

Статья 8Студент академиялық әділетсіздіктің барлық түрімен күресуді өз борышы деп санайды, оның ішінде: көшіріп алу және білімді бақылау шараларын жүргізу кезінде біреуге жүгіну; жоғары баға алу үшін туыстық және қызметтік бапты пайдалану; сабақты босату, кешігу және себепсіз босату.

Студент барлық аталған академиялық әділетсіздіктің түрлері қоғам және жұмыс берушінің жоғары талаптарына сай келетін сапалы және бәсекеге қабілетті білім алу, беделді маман болумен үйлеспейтін ұғым деп қарастырады.

Статья 9.  Кодекс ережелері бұзылғанын байқаған студент оны өз күшімен жоюға тырысады немесе бұл туралы студенттік өздік басқару органдарына және әкімшілікке хабарлайды.

 
© 2008 Павлодарский технологический колледж