Басты бет

Кәсіподақ комитетінің құрамы PDF Print Email

 

 

«ПАВЛОДАР ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» ШЖҚ КМК БАСТАУЫШ КӘСІПОДАҚ ҰЙЫМЫНЫҢ

 

КӘСІПОДАҚ КОМИТЕТІ

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Павлодар технологиялық колледжі» ШЖҚ КМК кәсіподақ комитетінің төрағасы - Аубакирова Айнаш Ерденовна 

 

 WhatsApp_Image_2023-11-28_at_10.51.47.jpeg

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кәсіподақ комитетінің мүшесі

 

Вибе Мария Петровна

 

 547874ка.jpg

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кәсіподақ комитетінің мүшесі

 

Маусумбаев Сабит Сапарбекович

 

 WhatsApp Image 2021-10-11 at 12.23.27

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кәсіподақ комитетінің мүшесі

Кайракбаева Акмарал 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кәсіподақ комитетінің мүшесі

Акимтаева  Асем Акимтаевна

 

 46р767рр.jpg

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кәсіподақ комитетінің мүшесі

 

Казбекова Зарина Николаевна

 


 

 

 

 

Технологиялық колледждің кәсіподақ өмірі

 

Технологиялық колледждің кәсіподақ өмірі колледж оқытушылары мен қызметкерлерін біріктіреді. Колледждің кәсіподақ ұйымының құрамына кәсіподақтың 72 мүшесі кіреді.  

Колледждің кәсіподақ комитетін - өндірістік оқыту шебері Дюсюнбекова Шолпан Амантаевна  басқарады. Колледждің кәсіподақ комитеті колледж қызметкерлерінің өмір сүру деңгейін арттыруға, еңбек жағдайларын жақсартуға және оларды әлеуметтік қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөледі.

Кәсіподақ комитеті жұмысының басты міндеті – колледж қызметкерлерінің еңбек және әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін қорғау. Колледждің кәсіподақ комитетінің құрамында 7 адам бар, олардың әрқайсысына тиісті жұмыс секторы бекітілген. Кәсіподақ комитетінің жыл сайынғы жұмыс жоспары негізінде ұжымдық шарт жағдайларының орындалуын бақылау қарастырылған, әкімшілікпен оны іске асыру жолдары, еңбекті қорғау мен техникалық қауіпсіздік жағдайы, еңбекке жарамсыздық парақтарын төлеу ережелері, жинақтауыш қорға зейнетақы аударымдарының жіберу туралы кәсіподақ комитетінің есептері тыңдалады.

Жұмыс беруші мен кәсіподақ комитетінің төрағасы колледждің еңбек тәртібінің ережелеріне сәйкес нормативтік құжаттардың дұрыс және уақытында орындалуы жұмыстарына ерекше назар аударады.

Колледжде ұжымдық еңбек шарты 2018-2021 жж. бір жылға қабылданды.

Жыл сайын біздің колледждің бастауыш кәсіподақ ұйымы әлеуметтік серіктестікті дамыту деңгейі бойынша екіжақты комиссиясының есебін жүргізеді.

464к5пп.jpg98ап684п.jpg

 

 

 

2021 жылы білім беру саласындағы әлеуметтік және еңбек кепілдіктерін қамтамасыз ету, тиімді әлеуметтік серіктестік, кәсіподақ қозғалысын дамытқаны үшін колледж басшының орынбасары А.А. Нуржанова мен кәсіподақ комитетінің хатшысы М.П. Вибе «Павлодар облысы Кәсіподақ орталығы» кәсіподақтардың аумақтық бірлестігінің құрмет грамотасымен марапатталды.

Колледждің кәсіподақ комитеті соғыс және еңбек ардагерлеріне ерекше көңіл бөледі және қамқорлық танытады. Еңбек ардагері Г.Р. Рахимбаевтың айтуынша, колледж әрқашан адамдарға деген ерекше көзқарасымен, олардың өміріне қатысу қабілетімен, мейірімділігімен және қамқорлығымен атағы шыққан. «Бізді, зейнеткерлерді ешқашан ұмытпайды - біздің жеке мерекеміз немесе колледждің қоғамдық өмірінің істері болсын - біз шет жақта қалмаймыз». Колледж ардагері Елизавета Николаевна Марченко биыл 90 жасқа толды. Колледж кәсіподағы мерейтой иесін туған күнімен құттықтады.

Колледждің кәсіподақ ұйымы жазғы уақытта кәсіподақ ұйымы мүшелерінің сауығуына көп көңіл бөледі. Жыл сайын колледждің кәсіподақ ұйымының мүшелері демалыс үйлері мен санаторийлерде демалып, сауықтыру қызметтерін алады.

 

 

 

   454554.jpg

 

 

 

 

Колледждің кәсіподақ ұйымы «Ұстаздар күні», «Қарттар күні», «Наурыз мейрамы», «Денсаулық күні», «Мерейтой иелерін құттықтау», «Ардагерлер бізде қонақта», «Колледж мерейтойы», «8 наурыз», «Отан қорғау күні» және т. б. дәстүрлі колледж ішіндегі іс-шараларды өткізуге қатысады. 

 

Технологиялық колледждің кәсіподақ ұйымы еңбек ұжымын нығайту және сауықтыру, оқу орнын жаңғырту, кәсіби және инженерлік білім беру міндеттерін шешу, әлеуметтік әріптестер арасындағы еңбек қатынастары механизмдерінің жүйесін нығайту және дамыту бойынша өз жұмысын жалғастыруда.

 

 
© 2008 Павлодарский технологический колледж