Басты бет

«Жайдарман» КТК PDF Print Email

2018 жылғы 11 сәуірде Технологиялық колледжде мамандықтар арасында колледж директоры Кубогына арналған «Жайдарман» көңілділер, тапқырлар клубының ойыны ұйымдастырылды.КТК - оқушылардың театрландырылған шығармашылығы, ой-өрісінің дамуы, эстетикалық тәрбие және бос уақытын қамту құралы болатын дарынды жастардың, сонымен қатар, олардың жанкүйерлерін де қамтитын, танымал жастар қоғамдық қозғалысы. 

 

968534р2оыса4с15сссавссама.jpg968534р2оыса4с15ссссавссама.jpg

 

 

Конкурстың мақсаты: жобаға қатысушыларды біріктіру, достық қарым-қатынас орналастыру, көшбасшы қасиеттерін дамыту, техникалық мамандықтарды насихаттау, оқу ұйымының беделін арттыру. Ойын тақырыбы: «Ал біздің колледжде...», конкурс екі кезеңнен тұрады:1) Сәлемдесу 2)Биатлон. КТК-да Қыздар, Күлкімания, Көгілдір ергежейлілер, Аты жоқ командалар қатысты.Әділ қазылар алқасы құрамында командалар ойынын бағалаған Әбішева Толқын Асайынқызы – Жастар бастамаларын дамыту орталығының Арт-Орталық инспекторы, Нуржанова Алмагуль Асылтаевна – өндірістік оқыту жөніндегі директордың орынбасары, Ақылбеков Данияр Болатұлы – қоғамдық пәндер оқытушысы, Джагупарова Айсұлу Зайкенқызы – тәрбие жұмысы жөніндегі директордың орынбасары. Ойын қызықты өтті. Барлық командалар өте жақсы дайындалған.Алғашқы қатысқандар да ән айтып, би билеп, бар өнерін көрсетті.Қазылар алқасы балалардың ынтасын жоғары бағалап, осы іспеттес ауқымды іс-шараларға қатысып тұруға тілек білдірді.

 
© 2008 Павлодарский технологический колледж