Колледж оқушылары қаланың орталық алаңында Астанада өткізілген парадты тамашалады! |
7 мамырда Астана қаласында Отан қорғаушылар күні және Қазақстан Қарулы күштері құрылуының 25 жылдығына арналған ең ірі әскери парад болып өтті.
Колледж оқушылары Орталық алаңда парадтың тікелей көрсетілуін тамашалады.Әскери парадты Қазақстан президенті - бас қолбасшы Нұрсұлтан Назарбаев ашып, әскери қызметшілерді Отан қорғаушылар күнімен және алдағы Жеңіс күнімен құттықтады.
Тәуелсіздік алаңында салтанатты шерумен 5000-нан астам әскери қызметкерлер өтті.Әуе техникасының 300-ден астам түрі және тік ұшақтар мен ұшақтардың 70-тей бірлігі парадқа қатысып, Қазақстанның әскери әлеуеті мен жауынгерлік әзірлігін паш етті. |