«Радиациялық, химиялық және биологиялық қорғаныс әскері» тақырыбында сыныптан тыс іс-шара өткізу |
2018 жылғы 6 ақпанда колледждің 1 курс студенттерінің қатысуымен «Қоғамдық пәндер онкүндігі» айлығы шеңберінде «Радиациялық, химиялық және биологиялық қорғаныс әскері» тақырыбында сыныптан тыс іс-шара өткізілді.Барлық тапсырмалар қоршаған ортада химиялық барлау әскері құралдарын қолдану, улы заттарды анықтау туралы оқушылардың білімін және қолдану дағдыларын тексеруге арналды.
Оқушылар ИД-1 өлшегіш құралын тәжірибеде қолдануды көрсетті. Үшінші теориялық кезеңде әділ қазылар құрамына ҚР ІІМ Петропавловск Жоғары Әскери училищесінің түлегі Махаев Марат Алмасбекович шақырылды. Барлық кезеңде ТМП-011 тобының оқушысы Тасбулатова Гаухар ең жақсы нәтиже көрсетті.
ПП-011 тобының оқушысы ШаиковаСнежана және Марковский Богдан теориялық дайындық бойынша үздік білімін көрсетті.Орындар келесі тәртіпте бөлінді: 1 орын - ПП-011 тобы 21 бал, 2 орын - ТМП-011 тобы 20 бал, екі 3 орын, нәтижесі 19 бал. Командаларды БӘД оқытушысы С.С.Тайлаков дайындады.
|