Қамқоршылық кеңес Print

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің

2017 жылғы  27 шілдедегі № 355 бұйрығы

 

Қазақстан Республикасының нормативтік

құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу

тізілімінде 2017 жылғы 29 тамызда № 15584

болып тіркелді

  

Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы

   

 

«Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы  Заңының 44-бабының 9-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

1) «Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастырудың және білім беру ұйымдарында оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2007 жылғы 22 қазандағы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4995 болып тіркелген, 2007 жылғы 30 қарашадағы № 184 (1387) «Юридическая газета» газетінде жарияланған)           № 501 бұйрығы;

2) «Қамқоршылық кеңес қызметінің және оны сайлау тәртібінің үлгілік ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2007 жылғы 22 қазандағы № 501 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 22 желтоқсандағы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14751 болып тіркелген, 2017 жылғы 9 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiсінде  жарияланған) № 715  бұйрығы. 

3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті (Е.Ерсайынов) заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;

4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым  министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі және  халықаралық ынтымақтастық департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі Б.А. Асыловаға жүктелсін.

5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

 Білім және ғылым министрі                                                  Е. Сағадиев

 



 

   

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

2017 жылғы « 27 » шілдедегі

355 бұйрығымен бекітілген

  

Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын

ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидалары

  

 

1 - тарау. Жалпы ережелер 

  1.  Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 44-бабының 9-тармағына сәйкес әзірленді және білім беру ұйымының Қамқоршылық кеңесінің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібін айқындайды.
  2.  Қамқоршылық кеңес Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарына, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне, Қазақстан Республикасының прокуратура органдарына, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне және Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери, арнаулы, медициналық және фармацевтикалық оқу орындарын қоспағанда білім беру ұйымдарында құрылады.
  3.  Қамқоршылық кеңес білім беру ұйымының әкімшілігімен, ата-аналар комитетімен, жергілікті атқарушы органдармен, мүдделі мемлекеттік органдармен және өзге де жеке және/немесе заңды тұлғалармен өзара әрекет жасайды.
  4.  Қамқоршылық кеңес мүшелерінің өз өкілеттігін орындауы өтеусіз негізде жүзеге асырылады.

  

2 - тарау. Қамқоршылық кеңесті сайлау тәртібі және құрамы 

  1.  Тиісті саланың уәкілетті органы немесе білім саласындағы жергілікті атқарушы органы өзінің интернет қорында және/немесе әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымында Қамқоршылық кеңестің құрылатындығы және оның құрамы бойынша ұсыныстардың қабылданатындығы туралы хабарландыру орналастырады.  
  2.  Қамқоршылық кеңестің құрамын тиісті саланың уәкілетті органы немесе білім саласындағы жергілікті атқарушы органы бекітеді және Қамқоршылық кеңеске мүше болуға үміткерлердің жазбаша келісімімен алынған ұсыныстардың негізінде қалыптастырылады.
  3.   
  4. 1)жергілікті өкілдік, атқарушы және құқық қорғау органдарының өкілдері;
  5. 2)жұмыс берушілер мен әлеуметтік әріптестердің өкідері;
  6. 3)коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері (бар болса);
  7. 4)ата-аналар комитеті ұсынған әрбір параллель сыныптан, курстан сол білім беру ұйымында білім алушылардың бір ата-анасы немесе заңды өкілі;
  8. 5)қайырымдылық жасаушылар (бар болса).

Білім беру ұйымының жанынан құрылған Қамқоршылық кеңес отырысына осы білім беру ұйымының басшысы немесе оның орынбасары қатысады.

Қамқоршылық кеңес құрамына «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 51-бабы 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген адамдар кіргізілмейді.

  1. 8.Қамқоршылық кеңес мүшелерінің саны тақ, бір-бірімен және сол білім беру ұйымының басшысымен ешқандай туыстық және жекжаттық қатынасы жоқ кемінде тоғыз адамнан құрылады. Қамқоршылық кеңес мүшелерінің өкілеттік мерзімі бір жылды құрайды. Қамқоршылық кеңес мүшелері сол білім беру ұйымы қызметкерлерінің штатына кірмейді.
  2. 9.Мемлекеттік органдардың өкілдері болып табылатын Қамқоршылық кеңес мүшелерінің саны үш адамнан аспайды.
  3. 10.

         Мемлекеттік органдардың өкілдері Қамқоршылық кеңестің төрағасы болып сайланбайды және оның міндеттерін жүзеге асырмайды.

  1. 11.
  2. 12.Төраға Қамқоршылық кеңестің атынан әрекет етеді және осы Қағидаларға сәйкес оның қызметін қамтамасыз етеді.
  3. 13. 

3 - тарау. Қамқоршылық кеңестің өкілеттігі

 

14. Білім беру ұйымының Қамқоршылық кеңесі: 

1) білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілердің  құқықтарының сақталуына, сонымен қатар білім беру мекемелерінің шотына түсетін қайырымдылық көмектің жұмсалуына қоғамдық бақылауды жүзеге асырады;

2) білім беру ұйымының жарғысына өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу туралы ұсыныстар әзірлейді;

3) білім беру ұйымын дамытудың басым бағыттары бойынша ұсынымдарды әзірлейді; 

4) қазақстандық азаматтардың отбасына жетім және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастыру мәселелері жөнінде шалаларды жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлейді;

5) қайырымдылық көмек түрінде білім беру ұйымдарына түскен қаржыны бөлуге қатысады және оның мақсатты жұмсалуы туралы шешім қабылдайды;

6) білім беру ұйымының бюджетін қалыптастыру барысында ұсыныстарды әзірлейді;

7) тиісті саланың уәкілетті органына немесе білім саласындағы жергілікті атқарушы органына Қамқоршылық кеңестің білім беру ұйымының жұмысында анықтаған кемшіліктерді жою туралы ұсыныстар енгізеді; 

8) білім беру ұйымы басшысының білім беру ұйымының қызметі туралы, оның ішінде білім беру қызметін ұсыну сапасы, қайырымдылық көмектің жұмсалуы және қазақстандық азаматтардың отбасыларына жетім және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастыру мәселесі жөнінде шараларды қабылдау туралы есебін тыңдайды;

9) білім беру ұйымы қызметінің мәселелері бойынша конференцияларға, кеңестерге, семинарларға қатысады;

10) білім беру ұйымының қызметімен, білім беру ұйымындағы білім алушыларға және тәрбиеленушілерге жасалған жағдайлармен танысады, білім беру ұйымының психологын қатыстыра отырып,  олармен әңгімелеседі.

Білім беру ұйымдарының (құрылымдық бөлімшесі) қызметкерлері Қамқоршылық кеңестің құзыретіне жататын мәселелер бойынша ақпараттарды ұсынуға ықпал етеді.

 

 

4 - тарау. Қамқоршылық кеңес жұмысын ұйымдастыру тәртібі 

15. Қамқоршылық кеңестің отырысын оның төрағасы өз бастамашылығымен, Қамқоршылық кеңес мүшесінің жалпы санының үштен екісінің бастамасымен шақырады.

16. Қамқоршылық кеңестің отырысын шақыру туралы хабарламаға Қамқоршылық кеңес төрағасының қолы қойылып, хабарлама отырыс өткізілетін күнге дейін жеті жұмыс күнінен кешіктірілмей қажетті материалдармен бірге Қамқоршылық кеңестің мүшелеріне және Қамқоршылық кеңес қызмет ететін білім беру ұйымына жолданады.

Хабарламада отырыстың өткізілу күні, уақыты және орны жазылады.

Хабарламаға баяндамашы көрсетілген отырыстың күн тәртібі, күн тәртібіне қосуға себептерді көздейтін анықтамалық материалдар, Қамқоршылық кеңестің мүшелеріне ұсынылатын отырысқа қажетті құжаттар қоса беріледі.

17. Хабарламаны алған Қамқоршылық кеңестің мүшесі Қамқоршылық кеңестің отырысы өткізілетін күнге дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей өзінің Қамқоршылық кеңестің отырысына қатысатындығын немесе қатыспайтындығын Қамқоршылық кеңес хатшысына хабарлайды.

18. Қамқоршылық кеңестің төрағасы отырысты шақыру туралы ұсыныс түскен күнінен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей Қамқоршылық кеңестің отырысын шақырады.

19. Қамқоршылық кеңестің отырысы қажеттілігіне қарай, тоқсан сайын кемінде бір рет өткізіледі.

20. Қамқоршылық кеңестің отырысы, егер қамқоршылық кеңестің барлық мүшелері отырыстың өткізілу уақыты мен орны туралы хабардар болса және оған мүшелерінің кемінде жалпы санының үштен екісі қатысса заңды болып табылады. Қамқоршылық кеңес мүшесінің өз дауысын Қамқоршылық кеңестің басқа мүшесіне немесе адамға сенімхат бойынша беруге жол берілмейді.

21. Білім беру ұйымы Қамқоршылық кеңесінің әрбір мүшесі дауыс беру кезінде бір дауысқа ие.

22. Қамқоршылық кеңестің шешімі ашық дауыс беру арқылы оған қатысқан мүшелердің дауыстар басымдылығымен қабылданады. Дауыстар тепе-тең түскен жағдайда Қамқоршылық кеңестің төрағасы, ал ол болмаған жағдайда Қамқоршылық кеңес төрағасының міндеттерін атқаратын тұлға дауыс берген шешім қабылданады.

23. Қамқоршылық кеңестің шешімі отырысқа қатысқан Қамқоршылық кеңестің барлық мүшесі қол қойылған хаттамамен ресімделеді.

24. Хаттама Қамқоршылық кеңестің отырысы өткізілгеннен кейін үш жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде тиісті саланың уәкілетті органына немесе білім саласындағы жергілікті атқарушы органына жолданады.

25. Тиісті саланың уәкілетті органы немесе білім саласындағы жергілікті атқарушы органы өзінің интернет-ресурсында Қамқоршылық кеңестің қабылдаған шешімдері туралы ақпаратты орналастырады.

26. Білім беру ұйымына қайырымдылық көмек ерікті түрде өтеусіз негізде көрсетіледі және осы Қағидаларда көзделген тәртіппен Қамқоршылық кеңестің шешімі бойынша жұмсалады.

27. Білім беру ұйымының қайырымдылық көмектен аударылатын кез келген түсімдері:

1) мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысаны түрінде құрылған білім беру ұйымдары үшін - Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасына сәйкес бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшеде ашылған қайырымдылық көмектің қолма-қол ақшасын бақылау шотына;

2) басқа ұйымдық-құқықтық нысаны түрінде құрылған білім беру ұйымдары үшін – екінші деңгейлі банкте ашылған шотына аударылады.

28. Қайырымдылық көмектерден түсетін түсімдер:

1) білім беру ұйымындағы білім алушыларға және тәрбиеленушілерге әлеуметтік қолдау көрсетуге;

2) беру ұйымының материалдық-техникалық базасын жетілдіруге;

3) спортты дамытуға, дарынды балаларды қолдауға;

4) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарынан тыс білім беру процесін ұйымдастыруға шығыстарды жүзеге асыруға.

29. Білім беру ұйымы жыл сайын қаржылық жылдың қорытындысы бойынша сол білім беру ұйымының интернет-ресурсында, тиісті саланың уәкілетті органының немесе білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органының өзінің интернет-ресурсында тиісті есепті орналастыру арқылы қайырымдылық көмек қаражатының пайдаланылуы және қозғалысы туралы жұртшылыққа ақпарат береді. 

 

 

5 - тарау. Қамқоршылық кеңестің жұмысын тоқтату 

30. Қамқоршылық кеңестің жұмысын тоқтату:

1) тиісті саланың уәкілетті органының немесе білім саласындағы жергілікті атқарушы органдардың бастамасы бойынша;

2) білім беру ұйымын таратуға және қайта ұйымдастыруға байланысты жүзеге асырылады.

31. Қамқоршылық кеңестің мүшесі:

           1) өз бастамасы бойынша;

           2) білім беру ұйымындағы орнында үш ай бойы болмауы себепті Қамқоршылық кеңестің құрамынан шығуы мүмкін.

 



Протокол № 1

заседания Попечительского совета

 

 

От 02.09.2019 года

 

 

Повестка:

 

1. Нормативно-правовые основы организации деятельности Попечительских советов;

2. Порядок организации работы Попечительского совета;

3. Переизбрание состава Попечительского Совета

 

            По первому вопросу были обсуждены нормативно-правовые основы организации деятельности Попечительских советов, регламентирующих деятельность Попечительских советов - Закон Республики Казахстан от 27 июля 2007 года «Об образовании», приказ Министра образования и науки Республики Казахстан № 355 от 27 июля 2017 года «Об утверждении Типовых правил организации работы Попечительского совета и порядок его избрания в организациях образования», а также положение о Попечительском совете колледжа.

По второму вопросу обсудили порядок организации работы Попечительского совета

1. Заседание Попечительского совета созывается его председателем по собственной инициативе, по инициативе двух третей от общего количества членов Попечительского совета.

2. Уведомление о созыве заседания Попечительского совета подписывается председателем Попечительского совета и направляется членам Попечительского совета вместе с необходимыми материалами в срок не позднее, чем за семь рабочих дней до даты проведения заседания.

Уведомление содержит дату, время и место проведения заседания.

К уведомлению прилагаются повестка дня заседания с указанием докладчика, справочные материалы, предусматривающие мотивы включения в повестку дня указанных вопросов, необходимые документы, предоставляемые членам Попечительского совета к заседанию.

3. Член Попечительского совета, получивший уведомление о проведении заседания Попечительского совета не позднее одного рабочего дня до даты его проведения информирует секретаря Попечительского совета о своем участии или не участии.

4. Председатель Попечительского совета созывает заседание Попечительского совета не позднее пяти рабочих дней со дня поступления предложения о созыве.

5. Заседания Попечительского совета проводятся по мере необходимости, но не реже одного раза в квартал.

6.  Заседание Попечительского совета является правомочным, если все члены Попечительского совета извещены о времени и месте его проведения, и на заседании присутствует не менее две трети от общего количества его членов. Передача членом Попечительского совета своего голоса другому члену Попечительского совета либо лицу по доверенности не допускается.

7. Каждый член Попечительского совета организации образования имеет при голосовании один голос.

8. Решение Попечительского совета принимается открытым голосованием большинством голосов присутствовавших его членов. При равенстве голосов принимается решение, за которое проголосовал председатель Попечительского совета, а в случае его отсутствия лицо, осуществляющее функции председателя Попечительского совета.

9. Решение Попечительского совета оформляется протоколом, который подлежит подписанию всеми присутствующими на заседании членами Попечительского совета.

10. Протокол направляется уполномоченному органу соответствующей отрасли или местному исполнительному органу в области образования после проведения заседания Попечительского совета в срок не позднее трех рабочих дней.

11. Уполномоченный орган соответствующей отрасли или местный исполнительный орган в области образования размещает информацию о принятых Попечительским советом решениях на собственном интернет-ресурсе.

12. Благотворительная помощь колледжу оказывается в добровольном порядке на безвозмездной основе и расходуется исключительно по решению Попечительского совета в порядке, предусмотренном настоящими Правилами.

13. Любые принятые колледжем поступления от благотворительной помощи зачисляются на:

1) контрольный счёт наличности благотворительной помощи, открытый в территориальном подразделении уполномоченного органа по исполнению бюджета, в соответствии с бюджетным законодательством Республики Казахстан – для организаций образования, созданных в организационно-правовой форме государственное учреждение;

2) счёт, открытый в банке второго уровня – для организаций образования, созданных в иных организационно-правовых формах.

14. Поступления от благотворительной помощи расходуются на следующие цели:

1)социальная поддержка обучающихся и воспитанников организации образования;

2)развитие спорта, поддержка одаренных детей;

 

15. Колледж ежегодно, по итогам финансового года, информирует общественность о результатах деятельности по использованию и движении средств благотворительной помощи, путем размещения соответствующего отчета на сайте колледжа, уполномоченного органа соответствующей отрасли, местного исполнительного органа в области образования.

            По третьему вопросу был переизбран состав Попечительского Совета

 

 

Решение:

1.Деятельность Попечительского совета осуществлять в соответствии с нормативно-правовыми актами, регламентирующими деятельность Попечительских советов.

2.Утвердить порядок организации работы Попечительского совета колледжа.

3.Утвердить Попечительский Совет в следующем составе:

Булумбаева З.Т

Карибаева Г.И                                                                                                                                                                                                                                                                                                                Нуржанова А.А

Сапин С.С                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                               Шарипова Н.С

Асылханова Г.З

Кадырова Ж.Ж

председатель

член ПС

член   ПС

член ПС

член ПС

член ПС

член ПС

 

 

 

     Секретарь: Кадырова Ж.Ж