Басты бет

«Саналы ұрпақ» клубы PDF Print Email

 

 

 

«Саналы ұрпақ» клубының қызметі  

 

 Жетекшісі: Ж.Б . Смагулова

 

 

 

«Саналы ұрпақ» студенттік клубының ережесі

 

1.Жалпы ережелер

 

1.1 Осы «Саналы ұрпақ» студенттік клубы (одан әрі – Клуб) туралы Ереже Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Саналы ұрпақ» жобасы (одан әрі Жоба) қызметінің негізгі бағыттарын жүзеге асыру мақсатында әзірленді..

 

1.2 «Саналы ұрпақ» клубы Қазақстан Республикасы заңнамасын басшылыққа алады.

 

1.3 Клуб құрамы белсенді студент жастар арасынан анықталады.

 

 

 

2. Мақсаттары мен міндеттері

 

2.1 Рухтық-өнегелік және азаматтық-патриоттық тәрбиелеуге бағытталған іс-шараларды іске асыру;

 

2.2 Білім алушылардың саяси-құқықтық білімдерін қалыптастыру;

 

2.3 Студенттік ортада сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру;

 

2.4 Сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік қатынасты нығайту бойынша бастамаларды көтермелеу;

 

2.5 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипаттағы іс-шараларды ұйымдастыруға қатысу.

 

 

 

3. Қызметті ұйымдастыру

 

3.1 Клубқа жалпы басшылықты қоғамдық пәндер оқытушысы атынан клуб үйлестірушісі жүзеге асырады.

 

3.2 Клуб құрамына үйлестіруші, хатшы және клуб мүшелері (9 адамнан кем емес) кіреді.

 

Клуб мүшелері оқу орнының белсенді жастары арасынан студенттер.

 

3.3 Клубқа қабылдау тәртібі

 

- Оқу орындарының студенттері осы ережені мойындай отырып, клуб мүшелігіне қабылданады.

 

- Клубқа қабылдау клуб төрағасының атына жазбаша өтініш жазу негізінде жүзеге асырылады. 

 

- Төраға жаңа мүшелерді клубқа қабылдау бойынша жалпы жиналыстың кезекті отырысын немесе клуб басқармасын өткізеді.

 

- Клубқа қабылдау туралы шешім қатысушылардың жалпы санының көпшілігімен қабылданады. 

 

3.3 Клуб қызметі оқу жылының басында бекітілген іс-шаралар жоспары арқылы жүзеге асырылады.

 

3.4 Клубтың негізгі құжаттамасына жатады: іс-шаралар жоспары, хаттамалар және презентация түріндегі жылдың соңындағы есеп беру.

 

3.5           Клуб отырысы ай сайын өткізіледі.

 

4.Құқықтары мен міндеттері

 

4.1 Клуб төрағасы:

 

 - мақсаттар мен міндеттері қабылдайды және толықтырады, клуб қызметінің негізгі бағыттарын және бағдарламасын анықтайды;

 

- клубтың мемлекеттік органдармен, басқа да қоғамдық ұйымдармен қарым-қатынасының негізгі құндылықтарын анықтайды;

 

- клуб мүшелерін қабылдайды; 

 

- клубты қайта ұйымдастыру және қызметін тоқтату туралы шешім қабылдайды;

 

- клуб мүшелерін таныстырады, жұмысын тағайындайды және үйлестіреді;

 

- клуб отырыстарын шақырады және өткізеді, оның уақытын, орнын және күн тәртібін жариялайды.

 

 

 

4.2 Клуб мүшелерінің құқықтары:

 

- клуб қызметіне өз ұсыныстары мен ұсынымдарын енгізу;

 

- жарыссөзде өз пікірін білдіру;

 

- клуб және оның мүшелерінің қызметіне қатысты объективті сын айту;

 

- сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған семинар-тренингтерге қатысу;

 

-колледж студенттері арасында колледжде оқу орындарын құруға бағытталған ақпараттық-насихаттық және ағартушылық шаралардың тиімділігін арттыру бойынша іс-шаралар өткізу.

 

 

 

4.3 Клуб мүшелерінің міндеттері:

 

  - клубтың мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыруда барынша қолдау көрсету;

 

- осы ережені зерделеу және орындалуын сақтау;

 

- өзара қарым-қатынас кезінде бір-біріне жоғары құрмет көрсету;

 

- сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы іске асыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру бойынша барлық іс-шараларға қатысу;

 

- клубтың жақсы атына кір келтіретін әрекеттерден аулақ болу.

 

 

 

5. Қорытынды

 

5.1 «Саналы ұрпақ» студенттік клубы өз қызметін Қазақстан Республикасы Білім министрлігінің әдістемелік ұсынымдарына сәйкес жүзеге асырады.

 

 

 

 
© 2008 Павлодарский технологический колледж