Сыйлықтарды өткізу бойынша жадынама |
Жауапты мемлекеттік қызмет атқаратын адамдар, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдар, алынған сыйлықтарды мемлекеттік мүлікті басқаруға қатысты уәкілетті органға немесе жергілікті атқарушы органдарға өткізу туралы Жауапты мемлекеттік қызмет атқаратын адамдар, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдар, оларға теңестірілген адамдар, лауазымды адамдар, сондай-ақ көрсетілген функцияларды орындауға уәкілеттік берілген кандидаттар болып табылатын адамдармен алынған сыйлықтарды мемлекеттік мүлікті басқаруға қатысты уәкілетті органға немесе жергілікті атқарушы органдарға өткізу туралы
ЖАДЫНАМА 1. Сыйлықты алған тұлғалар (білмей келіп түскен сыйлықтар, не олар өздерінің лауазымдық жағдайына немесе қызметтік міндеттерін атқаруына байланысты алған сыйлықтар, сондай-ақ лауазымдық жағдайына байланысты немесе қызметтік міндеттерін атқаруына байланысты мемлекеттік қызметшілерге жария түрде немесе ресми іс-шаралар кезінде берілген (тапсырылған) сыйлықтар) күнтізбелік күн ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің (бұдан әрі – Уәкілетті орган) аумақтық органдарына немесе жергілікті басқару органдарына тапсырады. Сыйлықтар Уәкілетті немесе жергілікті атқарушы органымен анықталған нұсқада мүлiктi тiзiмдеу, бағалау және (немесе) қабылдау-беру актiсi негiзiнде, тұлғаға сатып алу не сатып алудан бас тарту туралы жазбаша хабарламаны қоса бере отырып тапсырылады.
2. Хабарламада келесі ақпараттар болуы қажет: - Уәкілетті органның немесе жергілікті атқарушы органның атауы; - сыйлық тапсырушының Т.А.Ә., жұмыс орны, лауазымы, байланыс нөмірлері; - сыйлықтың атауы, оның мөлшері және ол туралы қысқаша түсіндірме; - сатып алу не сатып алудан бас тарту туралы ақпарат. Сонымен бірге, сатып алған жағдайда хабарламада жоғары тұрған лауазымды адамның келісуі туралы белгі болуы керек (Т.А.Ә., лауазымы, қолы, мөр).
3. Сыйлықтар жергілікті атқарушы органдарына тапсырылған жағдайда, жергілікті басқару органдары Уәкілетті органға жұмыс күн ішінде тиісті хабарлама жолдайды. Жергілікті атқарушы органдар тапсырылғын сыйлықтарды жоғарыда көрсетілген мерзімде Уәкілетті органға мүлiктi есепке алу, сақтау және бағалау үшін береді.
4. Сыйлықты сатып алу уәкілетті орган сыйлықты алған адамнан хабарлама алған күннен бастап күнтізбелік жеті күн ішінде уәкілетті орган мен сыйлықты алған адам арасындағы сатып алу-сату шарты бойынша жүзеге асырылады. Сонымен бірге, жергілікті атқарушы органдарға бағалауға және сатып алу-сату шартына тапсырған мерзімдері жергілікті атқарушы органнан тиісті хабарлама алған кезден бастап саналады.
5. Сыйлықты тапсырған адам оны сатып алудан жазбаша түрде бас тартқаннан кейін ғана уәкілетті орган арнаулы мемлекеттік қордан сыйлықты үшінші тұлғаларға өткізуге құқылы. Мәлімет үшін: Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 472-бабы 1-тармағының 4-тармақшасына сәйкес, жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншiгiне келіп түскен мүлiктi толық және (немесе) уақтылы бермеу, егер бұліс-әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса әкімшілік айыппұл салуға әкеп соғады. |