Басты бет

ҚҰЖАТТАР ТІЗІМІ PDF Print Email

ҚҰЖАТТАР ТІЗІМІ

1. Құжаттарды қабылдау туралы өтініш;

2. Білім туралы құжаттың түпнұсқасы;

3. 3х4 өлшемдегі фотосурет – 4 дана;

4. «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген № 075-У нысанындағы медициналық анықтама, І және ІІ топтағы мүгедектер мен бала кезінен мүгедектер үшін «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген 031-У нысаны бойынша медициналық-әлеуметтік сараптаманың қорытындысы.

5. Жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін).

 

 

Қызмет алушының жеке басын куәландыратын құжаттарды өзі немесе заңды өкілдері ұсынады. Шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар, яғни қызмет алушылар сонымен қатар тұрғылықты жері бойынша тіркелгені туралы белгісі бар, олардың мәртебесін айқындайтын құжатты ұсынады:

1. Шетелдік - шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты;

2. Азаматтығы жоқ адамдар - азаматтығы жоқ адамның куәлігі;

3. Босқын – босқын куәлігі;

4. Пана іздеген адам - пана іздеген адамның куәлігі;

5. Қандас - қандас куәлігі.  

 
© 2008 Павлодарский технологический колледж